Меню

Страницы

Статья

"Жасыл ел" еңбек жасағы

 

Жастар еңбек жасақтары жастардың өтініштері негізінде және жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша жастар ресурстық орталықтары арқылы ұйымдастырылады.

Жастар еңбек жасақтарына қатысуға өтініштерді Қазақстан Республикасының азаматтары 14 (он төрт) жастан 35 (отыз бес) жасқа дейін және/немесе олардың заңды өкілдері жастар ресурстық орталықтарына келесі тәсілдердің бірімен тапсыра алады:

  • жеке өзі (қағаз түрінде);

  • «EL JASTARY» интернет-ресурсында көрсетілген жастар ресурстық орталығының электрондық мекенжайына.

Жастар еңбек жасақтарына қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

  • осы Ережелерге 1-қосымшаға сәйкес өтініш нысаны;

  • осы Ережелерге 2-қосымшаға сәйкес сауалнама нысаны;

  • жеке куәліктің көшірмесі;

  • кәмелетке толмағандар үшін ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімі;

  • соттылығының бар-жоғы туралы анықтама;

  • денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

  • психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

  • наркологиялық ұйымнан анықтама;

  • туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама.

Жастар еңбек жасақтарының жұмыс істеу ұзақтығы – бір күнтізбелік ай.

Жастар еңбек жасағын құруға байланысты ұғымдар:

  1. Жастар еңбек жасақтары – уақытша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру іс-шаралары аясындағы жастар бірлестіктері.

  2. Уақытша жұмыссыз жастар – уақытша жұмыс істемейтін, білім беру ұйымдарында оқымайтын, кәсіби даярлықтан немесе қайта даярлаудан өтпейтін және жұмыспен қамту мен білім беру жүйесінен тыс қалған жастардың бір бөлігі.

  3. Жастар еңбек жасақтары – жастар мен уақытша жұмыссыз жастарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

  4. Өз қызметінде жастар еңбек жасақтары Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережелерді басшылыққа алады.

Дата публикации
13 июня 2025
Дата обновления
13 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 июня 2025
«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты
Ақпарат
13 июня 2025
"Жасыл ел" еңбек жасағы
Ақпарат
12 июня 2025
"Маңғыстау жастары" тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы