Меню

Страницы

Статья

"Маңғыстау жастары" тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы

  1. Бағдарлама стратегиясы

Бағдарлама атауы

2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама)

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабы, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5) тармақшасы және 19-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 247 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» қаулысы

Бағдарламаны әзірлеуші мемлекеттік орган

«Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Бағдарламаны іске асыруға жауапты ұйымдар

«Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк) (келісім бойынша)

Бағдарламаның мақсаты

Өңір жастарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және жас отбасыларға қолдау көрсету

Бағдарламаның міндеті

1)   Жұмыс істейтін жастар үшін тұрғын үйге қолжетімділігі мен жайлылығын арттыру;

2)   тұрғын үй құрылысын ынталандырудың жаңа тәсілдерін әзірлеу және оған қолданыстағы бағдарламалардағы тұрғын үй мәселелерін интеграциялау;

3)   қолжетімді тұрғын үй бағдарламасын ұсыну арқылы өңірдің еңбек нарығында сұранысқа ие жас мамандарды ынталандыру.

Қаржыландыру көздері мен көлемі

Жергілікті бюджет және «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының қаражаты есебінен

 

2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

Мақсаты – өңір жастарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және жас отбасыларға қолдау көрсету.

Міндеттері:

  • Жұмыс істейтін жастар үшін тұрғын үйге қолжетімділігі мен жайлылығын арттыру;
  • тұрғын үй құрылысын ынталандырудың жаңа тәсілдерін әзірлеу және оған қолданыстағы бағдарламалардағы тұрғын үй мәселелерін интеграциялау;
  • қолжетімді тұрғын үй бағдарламасын ұсыну арқылы өңірдің еңбек нарығында сұранысқа ие жас мамандарды ынталандыру.

 

Дата публикации
12 июня 2025
Дата обновления
12 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 июня 2025
«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты
Ақпарат
13 июня 2025
"Жасыл ел" еңбек жасағы
Ақпарат
12 июня 2025
"Маңғыстау жастары" тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы