«Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
(қарау және шешім қабылдау үшін енгізіледі)
Ақтау қаласы «14 » шілде 2025 жыл
«Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма) және қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізудегі 2024 жылдағы қызметі туралы есеп.
«Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Басқарма басшысының 26.05.2025ж. №02-03/29 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Ішкі талдау жүргізуге жауаптылар, төмендегі жұмыс тобы:
М.Д. Оралбай – «Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысы;
А.М. Тасимбаева– «Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі талдау, мониторинг және қоғаммен байланыс бөлімінің бас маманы;
Д.К. Белек – «Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі жастар ортасын дамыту бөлімінің бас маманы;
Е.К. Издибаев – «Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі талдау, мониторинг және қоғаммен байланыс бөлімінің бас маманы;
Ж.О. Оразбаева – «Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі жастар ортасын дамыту бөлімінің бас маманы.
Ішкі талдау жүргізуге арналған жалпы кезең – 2024 жыл.
Ағымдағы ішкі талдау 2024 жылға 2025 жылдың 2 маусымынан бастап заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімінде жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Мынадай мәселелер талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі деп түсініледі:
1) Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау.
2) Мүдделер қақтығысын реттеу.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету.
4) Рұқсат беру функцияларын іске асыру.
5) Бақылау – тексеру функцияларын іске асыру.
6) Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.
7) Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.
8) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.
- Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
- Қосымшалар.
1) Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау.
2024 жылы Басқарма құрылымы 6 мемлекеттік қызметкерден (Басшы – 1, жастар ортасын дамыту бөлімі-4, талдау, мониторинг және қоғаммен байланыс бөлімі-1) және 4 азаматтық қызметшіден (статист – 4) тұрады.
Басқарма Маңғыстау облысының әкімдігінің 27.01.2022 жылғы №13 Қаулысымен құрылды және Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 02.02.2022 жылы тіркелді.
2024 жылы 1-тоқсаны бойынша «Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы Боранғұл Мақсат Хыдыргельдыұлы 12.02.2024ж. бастап өз еркімен жұмыстан шығарылды.
12.02.2024ж. жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімі штат санының қысқаруына байланысты жабылды.
22.02.2024ж. бастап Сүлейманов Ерболат Оразмұратұлы ауыстыру тәртібімен жастар ортасын дамыту бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалды.
2024 жылы 2-тоқсаны бойынша Белек Дәулет Кемалұлы 02.05.2024ж. бастап жастар ортасын дамыту бөлімінің бас маманы мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылданды.
2024 жылы 3-тоқсаны бойынша Издибаев Еламан Корганбаевич 05.09.2024ж. бастап жастар ортасын дамыту бөлімінің бас маманы мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылданды.
2024 жылы 4-тоқсаны бойынша 05.11.2024ж. талдау, мониторинг және қоғаммен байланыс бөлімі штат санының ұлғаюына байланысты құрылды.
04.11.2024ж. бастап Издибаев Еламан Корганбаевич ауыстыру тәртібімен талдау, мониторинг және қоғаммен байланыс бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалды.
2024 жылғы 270 нысан декларациясын барлық мемлекеттік қызметшілер толық уақытылы тапсырды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар тұлғаларға мемлекеттік қызметте немесе квазимемлекеттік секторда жұмыс істеу бойынша қолданыстағы заңнама талаптарын сақталуын қадағалау үшін ҚР Бас Прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық қызмет» жүйесінен қызметкерлердің жеке істеріне тексеру жүргізілді. Басқарманың 6 мемлекеттік қызметкеріне жүргізілген талдаудың нәтижесінде, бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдар туралы фактілер анықталмады.
2024 жылы бойынша біліктілікті арттыру және қайта даярлау курсы бойынша «Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жастар ортасын дамыту бөлімінің бас маманы Белек Дәулет Кемалұлы қазан айында біліктілікті арттыру семинарынан өтті.
Алайда, мониторинг барысында соңғы 3 жылда басқарманың мемлекеттік қызметшілері мен азаматтық қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы курстарынан өтпеген. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерге алып келуі мүмкін.
2) Мүдделер қақтығысын реттеу.
Жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет істеуін анықтау мақсатында басқарма қызметкерлерінің жеке істеріне талдау жүргізілді. Нәтижесінде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеу фактісі анықталмады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету.
«Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсету қызметі жоқ.
4) Рұқсат беру функцияларын іске асыру.
«Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінде рұқсат беру функцияларын іске асыру қызметі жоқ.
5) Бақылау – тексеру функцияларын іске асыру.
«Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінде бақылау – тексеру функцияларын іске асыру қызметі жоқ.
6) Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.
Облыс бюджетінен 832 290,0 мың теңге бөлініп, 2024 жылы 832 022,4 мың теңгеге 99,9% игерілді.
2024 жылы Үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар беру қызметіне «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен 24.02.2024 жылы 212 253,0 мың теңгеге келісім шарт жасақталды.
Полиграфиялық өнімдерді әзірлеу/басу бойынша полиграфиялық қызметтер бойынша «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Ақтау оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС 21.10.2024 жылы 1387,0 мың теңгеге келісім шарт жасақталды.
Машиналарды, жабдықтарды, құрал-саймандарды, өндірістік және тұрмыстық жабдықтарды сатып алу қызметі бойынша әр түрлі Өнім берушілермен 899,5 мың теңгеге бірнеше келісім шарттар жасақталды.
Кеңсе тауарларын сатып алу қызметі бойынша әр түрлі Өнім берушілермен 911,8 мың теңгеге келісім шарт жасақталды.
7) Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.
Басқармада 2024 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша жеңімпаз жеке және заңды тұлғалармен 27 келісім шарттар жасақталып, уақытылы орындалып қаражаты төленді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
8) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.
«Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі ақпараттық жүйелерді әзірлемейді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады, ұсыныстар жоқ.
-Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
Басқарма Маңғыстау облысының әкімдігінің 27.01.2022 жылғы №13 Қаулысымен құрылған. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Басқарма Ережесіне сәйкес өзінің қызметін жүзеге асырады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асырып, бағдарламаның нысаналы индикаторына қол жеткізуді жүзеге асырады.
2024 жылы қандай да бір іс-шаралар үшін сыйлықтарды өткізу және ақша қаражатын заңсыз жинау фактілері тіркелген жоқ.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы және алдын алу тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Басқарма қызметкерлері жұмыс регламентін сақтайды, қызметшілердің мемлекеттік мекемеде жұмыстан тыс уақытта негізсіз болу фактілері байқалмайды.
Қызметтік автокөлік қызметтік мақсаттарда пайдаланылады.
Басқармадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, 2016 жылғы 19 қазандағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес тұрақты негізде жүргізіледі.
Талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:
Басқарманың мемлекеттік қызметшілері мен азаматтық қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы курстардан өтпеуі.
Ұсыныс:
Басқарманың мемлекеттік қызметшілері мен азаматтық қызметшілерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сала мамандарын тарта отырып, оқыту курстарын ұйымдастыру.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және оның алдын алу мақсатында:
- осы анықтамаға қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей енгізілген ұсынымдарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары (одан әрі - Жоспар) әзірленсін және бекітілсін.
Жұмыс тобының басшысы: М.Д. Оралбай
Жұмыс тобының мүшелері: А.М. Тасимбаева
_______________ Д.К. Белек
Е.К. Издибаев
Ж.О. Оразбаева