1. «Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімі Жалпы Ережесі

1. «Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімі (бұдан әрі қарай – «Бөлім») Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының (бұдан әрі қарай – «Басқарма») құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және жастар саясаты саласына қатысты заңдарға, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдеріне, Басқарманың бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Бөлімнің толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімі;

орыс тілінде: Отдел по работе с молодежью и молодежными организациями государственного учреждения «Управления по вопросом молодежной политики Мангистауской области».

4. Бөлімінің штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы бекітеді.

5. Бөлімнің құрылымы:

1) Жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы;

2) Жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы;

 

жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімі
Дата публикации
05 мая 2022