
|
Бағдарлама атауы |
2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) |
|
Әзірлеу үшін негіздеме |
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабы, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5) тармақшасы және 19-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 247 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» қаулысы |
|
Бағдарламаны әзірлеуші мемлекеттік орган |
«Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
|
Бағдарламаны іске асыруға жауапты ұйымдар |
«Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі; «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк) (келісім бойынша) |
|
Бағдарламаның мақсаты |
Өңір жастарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және жас отбасыларға қолдау көрсету |
|
Бағдарламаның міндеті |
1) Жұмыс істейтін жастар үшін тұрғын үйге қолжетімділігі мен жайлылығын арттыру; 2) тұрғын үй құрылысын ынталандырудың жаңа тәсілдерін әзірлеу және оған қолданыстағы бағдарламалардағы тұрғын үй мәселелерін интеграциялау; 3) қолжетімді тұрғын үй бағдарламасын ұсыну арқылы өңірдің еңбек нарығында сұранысқа ие жас мамандарды ынталандыру. |
|
Қаржыландыру көздері мен көлемі |
Жергілікті бюджет және «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының қаражаты есебінен |
2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Мақсаты – өңір жастарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және жас отбасыларға қолдау көрсету.
Міндеттері: