Жармыш ауылдық әкімшілігі 1993 жылғы 3 наурызда аудан әкімінің №43 шешімімен қайта құрылды. Жармыш ауылы аудан орталығы Шетпе ауылының шығыс бетінде 25 шақырым, облыс орталығынан 180 шақырым қашықтықта орналасқан. Облыс, аудан орталықтарынан елді мененге дейін асфальт жол бар, республикалық автокөлік жолының бойы, темір жол станциясынан қашықтығы - 25 шақырым.
Жармыш ауылының жалпы жер көлемі - 588953 га, оның ішінде ауылшаруашылығына жарамдысы - 523311 га.
Жармыш елді мекенінің жер көлемі - 6896 га, оның ішінде жайылысы 6266 га.Жергілікті атқарушы орган өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, ҚР Орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін ҚЗ Заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттілігі берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жәй-күйіне жауапты орган.
| Адрес | Жармыш ауылы, Рахмет көшесі №57 үй |
| Телефон | 872 931 27-2-01, 872 931 27-2-35 |