Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі Жармыш ауылында да тойланды. Мерекелік шара 22 наурыз күні таңертең сағат 10- да ауыл сыртында жасөспірімдер арасында тай жарысымен басталып, арты ауыл орталығында түрлі мәдени - спорттық шараларға жалғасты. Бұл күні салт дәстүрімізді насихаттайтын көріністер мен қойылымдар көрсетіліп, күрес, қол күресі, кір тасын көтеру, ләңгі тебу ұлттық спорт ойындары ойнатылып, жеңімпаздар дипломдар мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Мерекелік шараға жиналған халық наурыз мерекесіне арналып жайылған ақ дастарханнан дәм татып, наурыз көжеден ауыз тиіп, бата жасап, риза болып тарқасты.
Аким села Р.Абишев провел встречу с руководителями учреждений сельской администрации Жармыша. Главный вопрос, обсуждаемый на этой встрече, – празднование казахстанского национального праздника «Наурыз» на высоком уровне.