Өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
«Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» ММ, Маңғыстау облысының аумағында ақпарат тарататын мерзімді баспасөз басылымдары (газеттер), интернет-ресурстар және телеарналар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.
Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 14 ш/а., 1-ғимарат мекенжайы бойынша жіберіледі, «Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» ММ кеңсесі 2025 жылғы 18 тамыз күні сағат 17:00-ға дейін қабылдайды.
Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 14 ш/а., 1-ғимарат, 229 кабинет мекенжайы бойынша 2025 жылғы 19 тамыз күні сағат 11:00-де ашылады.
Үміткер өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі бар өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімді ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.
Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.
Қағидалардың 15-тармағына сәйкес қатысу үшін өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімді уақтылы беру қажет. Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімге өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі қоса беріледі.
«Маңғыстау облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімінің Қаулысы https://zan.gov.kz/client/#!/doc/206897/kaz
«Маңғыстау облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Маңғыстау облысының әкімдігінің 2025 жылғы 24 қаңтардағы №18 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қаулысы https://zan.gov.kz/client/#!/doc/212582/kaz