Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 5 ақпандағы № 14/216 «Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру Қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 5 ақпандағы № 14/216 «Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру Қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 5 ақпандағы № 14/216 «Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру Қағидалары туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2364 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 12 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген «Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру Қағидасында:

2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«2. «Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағы азаматтарға облыста 20 жылдан астам еңбек еткен, экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білім беруді дамытуға қосқан зор үлесі, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі, демократияны, жариялылық пен әлеуметтік прогресті, рухани және интеллектуалды әлеуетті дамытудағы, заңдылықты, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі жетістіктері, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі, этносаралық келісімді, қоғамдық тұрақтылықты нығайту, облысты мекендейтін этностар арасындағы татулықты, достық пен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жемісті жұмысы, өндіріс саласындағы, бизнестегі, шығармашылықтағы, спорттағы, мемлекеттік және әскери қызметтегі аса жоғары нәтижелері, қоршаған ортаны қорғауға, қайырымдылық қызмет пен мейірбандық жасауға белсенді қатысқаны үшін және облысқа сіңірген айрықша еңбегін тану белгісі ретінде беріледі.»;

3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. «Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағы Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетел азаматтарына, сондай-ақ облыс аумағында тұрмайтын немесе Қазақстан Республикасының басқа да наградаларымен аталып өткен тұлғаларға беріледі.»;

мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:

«3-1. «Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағы еркеше жағдайда  еңбек және кәсіби қызметте жоғары нәтижеге жеткен (ғылымдағы, спорттағы, өнердегі және т.б. дара жетістіктері үшін) тұлғаға еңбек өтіліне қарамастан берілуі мүмкін.»;

мынадай мазмұндағы 3-2 тармақпен толықтырылсын:

«3-2. «Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағы жыл сайын бес адамға дейін берілуі мүмкін. Егер көрсетілген атақ ағымдағы жылы берілмеген жағдайда, онда ол келесі жылға көшірілуі мүмкін.»;

  1. «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                                      

 

Маңғыстау облыстық

мәслихатының хатшысы                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Маңғыстау облыстық

ішкі саясат басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

___________ Е.К. Күмісқалиев

«___» ________ 2020 жыл

Дата публикации
05 февраля 2014