"Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2023 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы" № 04 от 09.01.2023 ж.

«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «УПРАВЛЕНИЕ

ВНУТРЕННЕЙ ПОЛИТИКИ МАНГИСТАУСКОЙ ОБЛАСТИ»

 

 

БҰЙРЫҚ

 

 

 

ПРИКАЗ

 

_________________№____________

 

 

Үкіметтік емес ұйымдар үшін
2023 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің
2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 9-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2023 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі (бұдан
    әрі –Тізбе) бекітілсін.
  2. Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының Ақпараттық саясат бөлімі осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Тізбені Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының Азаматтық қоғам ұйымдарымен жұмыс бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқарма басшысының орынбасарына жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Басқарма басшысы                                                                    Н. Сали

 

 

 

 

Бұйрық
Дата публикации
16 января 2023