2023 жылға Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Маңғыстау, Бейнеу, Түпқараған, Қарақия, Мұнайлы аудандарындағы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу туралы ақпараттық хабарлама

Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

 «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» ММ Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Маңғыстау, Бейнеу, Түпқараған, Қарақия, Мұнайлы аудандарында мерзімді баспасөз басылымдары (газеттер), интернет-ресурстар және теле-, радиоарналар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 14 ш/а., 1-ғимарат мекенжайы бойынша жіберіледі, «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» ММ кеңсесі 2023 жылғы 12 қаңтар сағат 18:30-ға дейін қабылдайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 14 ш/а., 1-ғимарат, 229 кабинет мекенжайы бойынша 2023 жылғы 13 қаңтар сағат 10:00-де ашылады.

Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді ұйымдастырушыға __________ деңгейде беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.

Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімсіз жіберілген құжаттар қаралмайды.

Қағидалардың 8 және 34 тармақтарына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 5-қосымшаларына  сәйкес құжаттар тізбесін қоса беру қажет (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700014886).

2023 жылға Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Маңғыстау, Бейнеу, Түпқараған, Қарақия, Мұнайлы аудандарындағы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу туралы ақпараттық хабарлама
Дата публикации
26 декабря 2022