Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 19 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 тамызда № 17314 болып тіркелді.
"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарты бекітілсін.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының |
Д. Кәлетаев |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
||
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1) оқыту қызметтері;
2) консультациялық қызметтер;
3) ақпараттық және әдістемелік қызметтер;
4) зерттеу-аналитикалық қызметтер;
5) іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызметтер;
6) азаматтық (ресурстық) орталықты ұйымдастыру бойынша қызметтер.
1) әлеуметтік бағдарлама – өзара байланысты әлеуметтік жобалар кешені;
2) әлеуметтік жоба – әлеуметтік мәні бар салалардағы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, бір жыл ішінде және үш жылға дейін іске асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық шаралардың жиынтығы;
3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – үкіметтік емес ұйымдар бюджет қаражаты есебінен орындайтын, әлеуметтік саладағы міндеттерді шешуге бағытталған, бәсекелес ортаға жүзеге асыру үшін берілген орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік бағдарламаларын, әлеуметтік жобаларын, функцияларын іске асыру нысаны;
4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушісі (бұдан әрі – Өнім беруші) – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыратын үкіметтік емес ұйым;
5) тапсырыс берушісі (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) – республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері;
6) техникалық ерекшелік – бұл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы сатып алынған көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы;
7) үкіметтік емес ұйым - ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті негізде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда).
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.09.2019 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Қызметтің сапасына қойылатын талаптар
1) БАҚ-та жариялау, оның ішінде хабарландыру-шақыруды интернет желісіне, жеке сайтына немесе нысаналы топтың арасындағы ең танымал сайттарға орналастыру;
2) Өнім берушінің базасында, әлеуетті қатысушылардың жұмыс және (немесе) оқыту орындарында ақпараттық материалдарды ресімдеу;
3) оқыту қызметтерінің әлеуетті қатысушыларының жұмыс орындарына ақпараттық парақтарды, шақыртуларды тарату;
4) жария іс-шаралардағы хабарламалар-таныстырылымдар;
5) телефон қоңырау - шақырту;
6) оқыту іс-шаралары туралы ақпараттарды мекенжайлық электрондық және факстық жөнелтулер тәсілдермен жүзеге асырады.
3-тарау. Қызмет көрсету жағдайына қойылатын талаптар
1) осы Стандартқа қосымшадағы 7-кестеде көрсетілген оқыту қызметтерін көрсету жағдайына қойылатын талаптарға сәйкес қаралатын мәселелерде теориялық дайындығының жеткілікті деңгейіне ие;
2) оқыту қызметтерін өткізудің практикалық тәжірибесі бар.
1) бөлек әдістерді, жұмыс тәсілдерін қолдану, үлгілік құжаттарды дайындау мәселелері бойынша консультациялар үшін – кемінде 6 (алты) ай;
2) тұтынушылардың әртүрлі санатына көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту, қаржыландыруды тарту, есептерді дайындау үшін құжаттарды әзірлеу бойынша консультациялар үшін – кемінде 1 (бір) жыл;
3) басқару процестерін орнату және жетілдіру бойынша, сондай-ақ проблемалық жағдайларды шешу үшін кешенді әдістерді қолдану бойынша консультациялар үшін – кемінде 2 (екі) жыл жүзеге асырады.
1) консультация беру шеңберіндегі тақырыптар бойынша білімінің болуы;
2) консультация жүргізу үшін жеткілікті және өзекті арнайы оқу бағдарламалары мен оқыту әдістерін білуі;
3) үкіметтік емес ұйымдардың қызметінің ерекшелігі және консультациялық қызметтерді тұтынушыларының қажеттіліктер спектрі туралы ақпараттарды біледі.
1) Ақпараттандыру, БАҚ және жарнама туралы заңнаманың негіздерін меңгерген;
2) қоғаммен байланыс саласындағы халықаралық және ұлттық кәсіби және этикалық кодекстерді сақтайды;
3) үкіметтік емес ұйымдардың қызметінің ерекшелігі және ақпараттық және әдістемелік қызметтерді тұтынушы нысанылы топтардың қажеттіліктер спектрі туралы ақпараттарды біледі.
1) зерттеу тақырыбы бойынша білімдерге ие (білімі туралы дипломмен, тиісті курстар, семинарлар өткендігі туралы сертификаттармен расталады);
2) аталған салада жұмыс тәжірибесі бар (тиісті құжаттармен расталады);
3) жағдайлар мен алынған деректердің объективті және тәуелсіз талдауын жүргізеді;
4) тұжырымды қалыптастыру және ұстанымдарды әзірлеу кезінде болған жағдайды, сондай-ақ оның дамуын бағалауға ықтимал нұсқаларды және амалдарды келтіреді.
1) әлеуетті қатысушылардың және қызметті тұтынушылардың дерекқорын қалыптастырады;
2) қызметтерді көрсетуге білікті мамандарды, оның ішінде әр облыстан, қаладан, ауданнан тартады(қажет болған жағдайда);
3) қызмет көрсету барысы және нәтижелері туралы ақпаратты БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жариялайды;
4) мамандардың шығуын қамтамасыз етеді (көшпелі консультациялар жүргізу кезінде).
4-тарау. Қызметтің мазмұнына қойылатын талаптар
1) семинар;
2) тренинг;
3) шеберлік сағаты;
4) дәріс;
5) вебинар, бейнесабақ;
6) оқыту мектебі;
7) оқыту курсы;
8) тағылымдама.
1) оқыту қызметін көрсету үшін материалдарды дайындау және (немесе) әзірлеу;
2) оқыту қызметін көрсету;
3) оқыту қызметінің мониторингі.
1) оқыту қызметінің тақырыбын қоса алғанда көрсетілетін қызмет нысанының атауы;
2) бағдарлама және қаралатын мәселелер;
3) жаттықтырушылар (ұқсас іс-шаралар өткізу саласындағы тәжірибенің қысқаша сипаттамасы);
4) оқудың болжанатын нысандары мен әдістері, оның ішінде интерактивті әдістер;
5) оқыту-әдістемелік және ақпараттық материалдар, сертификаттардың болуы;
6) өткізу мерзімі және орны, оқыту іс-шарасының барысындағы жұмыс режимі;
7) басқа қаладағылар үшін қатысу шарттары;
8) жауапты адамдар және оқыту іс-шараларына қатысуға тіркелудің тәсілдері туралы ақпарат.
1) көрсетудің әдістері бойынша:
жеке кездесулер (жеке, топтық);
сенім телефондарын қосқанда, телефон арқылы консультациялар;
интернет-ресурстары арқылы консультациялар;
2) көлемі және ұзақтығы бойынша:
бір реттік консультация;
консалтингтік жоба;
3) нысаналы топпен өзара іс-қимыл жасау тәсілі бойынша:
сарапшылық консультация беру;
процестік консультация беру.
1) қызмет көрсету үшін материалдарды дайындау және (немесе) әзірлеу;
2) консультация өткізу;
3) консультация нәтижелерінің мониторингі.
1) консультациялар нысанының атауы және мазмұны;
2) осы консультацияларды алуы мүмкін тұтынушылардың санаты;
3) қызметтерді тұтынушылар үшін консултациялардың нәтижелері;
4) консультанттар (аты-жөні Т.А.Ә. (болған жағдайда), қызмет саласы және (немесе) ерекшелігі, жұмыс тәжірибесі);
5) консультация алу жағдайы мен тәртібі.
1) ақпараттық іс-шаралар өткізу:
БАҚ-пен жұмыс,
БАҚ-тың қатысуымен іс-шаралар (баспасөз-конференциялар, баспасөз-турлары, брифингтер);
интернет ресурстарын құру және ілгерілету, виртуалды және диалог алаңдарын қоса алғандағы әлеуметтік желілермен жұмыс;
республикалық және өңірлік БАҚ-тың талаптарына сәйкес ақпараттық және көрсетілім материалдары (буклеттер, брошюралар, плакаттар, флаерлар, парақшалар, бейнероликтер, баннерлер, бюллетеньдер);
ақпараттық-ағартушылық (промо-акциялар, ақпараттық топтар);
2) әдістемелік материалдарды әзірлеу: модульдар, бағдарламалар, сценариилер, көрнекіліктер.
1) қызмет көрсету материалдарын дайындау және (немесе) әзірлеу;
2) ақпараттық және әдістемелік қызметтері жүргізу;
3) ақпараттық және әдістемелік қызметтерді мониторингтеу.
1) ақпараттық және әдістемелік материалдардың түрін және тақырыбын айқындау;
2) деректерді жинау және жүйелендіру;
3) материалдардың техникалық сипаттамаларын айқындау (баспадағы парақтар саны, айдарлардың, бөлімдердің, тақырыптық парақтардың, болжанатын бейнетүсірілімдердің болуы (фотолар, суреттер);
4) материалдардың беттелуі және таралымы;
5) материалдарды тарату (оның ішінде электрондық тарату арқылы).
1) зерттеу объектісі бойынша:
қоғамдық және сараптамалық ойларды зерттеу;
жобалар/бағдарламалар мониторингі және бағалауы;
сала/объектінің даму үрдісін талдау;
тұрғындар топтарының қажеттіліктерін бағалау;
басқару жүйесі тиімділігін бағалау;
заңнамалық актілерді сараптау;
2) зерттеу әдістері бойынша:
сұрау;
сауалнама жүргізу;
онлайн сұрау;
сұхбат алу (жартылай құрылымдық, терең сұхбатты қоса алғанда);
фокус-топ;
контент-талдау;
ой шабуылы;
"Құпия сатып алушы";
3) талдаудың тереңдігі бойынша:
сипаттама зерттеу;
барлау зерттеуі;
аналитикалық зерттеуі.
1) зерттеу бағдарламасын әзірлеу (техникалық ерекшеліктерге сәйкес);
2) деректерді жинау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
3) алынған ақпаратты өңдеу және деректер талдауы;
4) тұжырым мен ұстанымдарды қоса алғанда қорытынды құжатты дайындау.
Зерттеудің қиын деңгейіне және таңдалған әдістеріне байланысты осы Стандартқа қосымшадағы 10-кестеде көрсетілген ақпаратты жинаудың шарттарын ескеру қажет.
Зерттеу қорытындысы бойынша құжат мақсаттарға, күтілетін нәтижелерге және зерттеудің қиындығына байланысты есеп, баяндама, құжаттама, портфель түрінде ұсынылуы мүмкін.
Қорытынды құжаттарға деректерді өңдеу барысында алынған сауалнама бланкілері, сұхбаттардың хаттамалары (бланктер), кестелер және диаграммалар, Тапсырыс беруші көрсеткен мақсаттарға сай зерттеу-аналитикалық қызметтерді көрсету кезіндегі алынған есептің шынайылығын растайтын материалдар ретінде өткізілген жұмыстар туралы фото/бейне/аудио есептер қоса беріледі.
Зерттеу-аналитикалық қызметтерді көрсету мерзімін осы Стандартқа қосымшадағы 11-кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес Тапсырыс беруші айқындайды.
1) ақпараттық-пікірталастық іс-шаралар;
2) демалыс және ойын іс-шаралары;
3) спорттық іс-шаралар.
1) іс-шараларды ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстары;
2) іс-шараларды өткізу;
3) мониторинг және нәтижелерді бағалау.
1) тапсырыс берушінің нұсқауы бойынша іс-шараны көзбен көретін безендіруді (баннер, стенд, керме, көзбен көретін ақпаратты көрсету және беру құралын) қамтамасыз етеді;
2) электрондық және (немесе) баспа БАҚ-та жарық көрген барлық материалдардың көрсетілуімен жарияланымдар тізбесін жүргізеді;
3) республикалық деңгейдегі іс-шараларды жүзеге асыру кезінде республикалық БАҚ-та және өңірлік деңгейдегі іс-шараларды жүзеге асыру кезінде өңірлік БАҚ-та 5 (бес) тақырыптық жарияланымды, сондай-ақ әлеуметтік желілерде 3 (үш) жарияланымды орналастыру арқылы әр іс-шараның жариялануын қамтамасыз ету.
1) институционалды және ұйымдастырушылық әлеуетін дамытуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдарды оқыту;
2) мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл арқылы азаматтық қоғамның дамуын және қоғамда пайда болған әлеуметтік проблемаларды шешу мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтарға консультация беру;
3) азаматтық қоғамның дамуы мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтарға әдістемелік көмек көрсету, үкіметтік емес ұйымдардың мен мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы;
4) үкіметтік емес ұйымдар, азаматтар, мемлекеттік органдар үшін өз қызметтері туралы ақпаратты ұсыну;
1) қызмет көрсету үшін материалдарды дайындау және (немесе) әзірлеу;
2) қызмет көрсету;
3) мониторинг және қызмет көрсетуді бағалау.
1) орталықтың атауы;
2) орталық қызметінің тізбесі;
3) орталықтың жұмыс кестесі;
4) орталық қызметкерлерінің байланыс деректері;
5) кері байланыс жүйесі (арыздар, қызметтің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар).
5-тарау. Қызметтерді көрсету нәтижелерінің сапасын бағалау өлшемшарттары
|
|
Мемлекеттік әлеуметтік |
1-кесте. Оқыту қызметтері сапасына қойылатын талаптар
|
Оқыту қызметтерінің нысаны |
Қатысушылар қанағаттанушылығы |
Практикалық қолдану |
||
|
ең төменгі мәні |
ең жоғарғы мәні |
ең төменгі мәні |
ең жоғарғы мәні |
|
|
Ақпарат көзі |
Кері байланыс сауалнамасы немесе пікірлер |
Табысқа жету тарихы |
||
|
Семинар |
50%-84% |
85%-100% |
- |
- |
|
Тренинг |
60%-84% |
85%-100% |
3 тарих |
7 тарих |
|
Шеберлік сағаты |
50%-84% |
85%-100% |
- |
- |
|
Дәріс |
50%-84% |
85%-100% |
- |
- |
|
Вебинар, бейне сабақ |
- |
- |
- |
- |
|
Оқыту курс (мектебі) |
75%-94% |
95%-100% |
5 тарих |
10 тарих |
|
Тағылымдама |
50%-84% |
85%-100% |
1 тарих |
5 тарих |
2-кесте. Консультациялық қызметтер сапасына қойылатын талаптар
|
Консультациялық қызметтері |
Қатысушылар қанағаттанушылығы |
Қолдану тәжірибесі |
||
|
ең төменгі мәні |
ең жоғарғы мәні |
ең төменгі мәні |
ең жоғарғы мәні |
|
|
Ақпарат көзі |
Шолулар |
Консультация журналы |
||
|
Консультациялардың түрлері |
60%-84% |
85%-100% |
50%-84% |
85%-100% |
3-кесте. Зерттеу-аналитикалық қызметтер сапасына қойылатын талаптар
|
Сапа өлшемшарты |
Индикаторлар |
Ақпарат көздері |
|
Алынған деректердің нақтылығы |
Кемінде: |
сарапшылар тізімі; зерттеу бағдарламасы (қажет жағдайда); қорытынды құжаттар. |
|
Әзірленген ұстанымдарды практикада қолдану |
Зерттеу саласының сарапшыларынан кемінде үш пікірден болуы. |
пікірлер/сарапшылар қорытындысы. |
|
Зерттелетін саланың жағдайын жақсартуға әсері |
Сала/қызмет тұтынушыларынан кемінде екі пікірден болуы. |
Есептерге сәйкес үкіметтік емес ұйымдардың ақпараты. |
4-кесте. Іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызметтер сапасына қойылатын талаптар
|
Іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызмет нысандары |
Қатысушылардың қанағаттанулығы |
|
|
ең төменгі мәні |
ең жоғарғы мәні |
|
|
Ақпарат көзі |
Қайта байланыс сауалнамалары немесе пікірлері |
|
|
Ақпараттық-пікірталас |
50%-84% |
85%-100% |
|
Бос уақыт және ойындар |
70%-84% |
85%-100% |
|
Спорттық |
50%-84% |
85%-100% |
5-кесте. Іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызметтер сапасына талаптар
|
Іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызметтер нысаны |
ең төменгі мәні |
ең жоғарғы мәні |
|
Ақпараттық-пікірталас |
Практикалық қолданылуы |
|
|
50%-84% |
85%-100% |
|
|
Ақпарат көздері |
Қатысушылардың шолулары, хаттамалар, ұсынымдар |
|
|
Бос уақыт және ойындар |
Қатысушылардың тартылуы |
|
|
60%-84% |
85%-100% |
|
|
Ақпарат көздері |
Іс-шараның бейне жазбасы, қатысушылар пікірлері |
|
|
Спорттық |
Қатысушылық |
|
|
50 адам |
500 адам |
|
|
Ақпарат көздері |
Іс-шараның бейне жазбасы, фотоматериалдар, ұйымдастырушылар есебі |
|
6-кесте. Орталықтың жұмысын ұйымдастыру бойынша қызметтер сапасына қойылатын талаптар
|
Орталықтың жұмысын ұйымдастыру бойынша қызметтер |
Қатысушылардың қанағаттанушылығы |
Ұйымның дамуына, жағдайдың жақсаруына әсер ету деңгейі |
||
|
ең төменгі мәні |
ең жоғарғы мәні |
ең төменгі мәні |
ең жоғарғы мәні |
|
|
Ақпарат көзі |
қайта байланыс сауалнамасы немесе пікірлер |
табыс тарихы, консультация есебінің журналы |
||
|
Азаматтық (ресурстық) орталық |
60%-84% |
85%-100% |
30%-84% |
85%-100% |
7-кесте. Оқыту қызметтерін көрсету жағдайына қойылатын талаптар
|
Оқыту қызметтерінің нысандары |
Қатысушылар саны |
Ұзақтығы |
Оқыту қызметтерін көрсететін тұлғаның жұмыс тәжірибесі |
|||
|
ең төменгі мәні |
ең жоғарғы мәні |
ең төменгі мәні |
ең жоғарғы мәні |
ең төменгі мәні |
ең жоғарғы мәні |
|
|
Семинар |
12 адам |
35 және одан көп адам |
2 сағат |
4 күн |
бағыттар бойынша оқыту қызметтері саласында кемінде 1 жыл |
∞ |
|
Тренинг |
10 адам |
25 және одан көп адам |
4 сағат |
3 күн |
бағыттар бойынша оқыту қызметтері саласында кемінде 2 жыл |
∞ |
|
Шеберлік сағаты |
5 адам |
30 және одан көп адам |
1 сағат |
4 сағат |
бағыттар бойынша оқыту қызметтері саласында кемінде 3 жыл |
∞ |
|
Дәріс |
15 адам |
50 және одан көп адам |
0,5 сағат |
2 сағат |
бағыттар бойынша оқыту қызметтері саласында кемінде 1 жыл |
∞ |
|
Вебинар, бейнесабақ |
5 адам |
∞ |
0,5 сағат |
2 сағат |
бағыттар бойынша оқыту қызметтері саласында кемінде 1 жыл |
∞ |
|
Оқыту курсы (мектебі) |
10 адам |
30 және одан көп адам |
21 сағат |
140 сағат |
бағыттар бойынша оқыту қызметтері саласында кемінде 2 жыл |
∞ |
|
Тағылымдама |
1 адам |
30 және одан көп адам |
3 сағат |
4 күн |
бағыттар бойынша оқыту қызметтері саласында кемінде 3 жыл |
∞ |
8-кесте. Оқыту қызметтерін көрсету үшін материалдық-техникалық базаға қойылатын шарт
|
Оқыту қызметтерінің нысандары |
Үй-жай |
Жабдықтар |
|||
|
ноутбук |
проектор |
фото және бейнетүсірім үшін жабдықтар |
Қол жетімді интернет |
||
|
Семинар |
20 м2 ден |
+ |
+ |
+ |
- |
|
Тренинг |
20 м2 ден |
+ |
+ |
+ |
- |
|
Шеберлік -сағаттары |
15 м2 ден |
- |
- |
- |
- |
|
Дәріс |
20 м2 ден |
- |
- |
- |
- |
|
Вебинар, бейнесабақ |
- |
+ |
- |
- |
+ |
|
Оқыту курсы (мектебі) |
20 м2 ден |
+ |
+ |
+ |
+ |
9-кесте. Азаматтық (ресурстық) орталықтың жұмысын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету үшін материалдық-техникалық базаға қойылатын шарт
|
Орталықтың қызметін ұйымдастыру бойынша қызмет |
Үй-жай |
Жабдықтар |
||
|
Ұйымдастыру техникасы, интернетке қолжетімділік |
Бейне және суретке түсіру үшін кәсіби жабдық |
Мамандандырылған жабдық |
||
|
Республикалық (республикалық маңызы бар қала, астана) және облыстық деңгей (облыстық маңызы бар) |
||||
|
Азаматтық (ресурстық) орталық |
100 м2 бастап |
+ |
+ |
+ |
|
қалалық (қалалық маңызы бар) және аудандық деңгей |
||||
|
Азаматтық (ресурстық) орталық |
30 м2 бастап |
+ |
+ |
+ |
10-кесте. Зерттеу-талдау қызметтерін көрсету бойынша ақпаратты жинауға қойылатын шарт
|
Зерттеу әдістері |
Респонденттер саны және зерттеу көзі |
|
Тұрғындардан анкеталық сұрау |
Сұрыптау қателігі 5% артық емес, өрістік бақылау 15% кем емес (25% артық емес) |
|
Сараптамалық сұрау |
5-10 адамнан кем емес |
|
Фокус-топ |
8-12 адам |
|
Ой шабуылы |
10 адамнан кем емес |
|
Контент-талдау |
15 көзден кем емес |
11-кесте. Зерттеу-аналитикалық қызметтерді көрсету мерзімдеріне қойылатын талаптар
|
Зерттеу-аналитикалық қызметтер |
Зерттеу-аналитикалық қызметтер көрсету кезеңі |
|
Қоғамдық және сараптамалық пікірді зерделуге бағытталған зерттеулер |
3 айдан кем емес |
|
Жобаларды/бағдарламаларды/ көрсетілетін қызметтерді мониторингтеу және бағалау |
6 айдан кем емес |
|
Саланы/объектіні дамыту үдерісін талдау |
3 айдан кем емес |
|
Халық топтарының қажеттілігін бағалау |
1,5 айдан кем емес |
|
Басқару жүйелерінің тиімділігін бағалау |
6 айдан кем емес |
|
Заңнамалық актілерді сараптау |
3айдан кем емес |
12-кесте. Ақпараттық және әдістемелік қызметтерді көрсету сапасының өлшемшарттары
|
Сапа өлшемшарты (негізгі) |
Индикаторлар |
Ақпарат көздері |
||
|
Қолжетімділік |
Дайындалған және таратылған ақпараттық және әдістемелік материалдардың саны (түрлері бойынша); |
Өнім беруші есептері; |
||
|
Өзектілік |
Ақпараттар мен әдістердің қызмет көрсету саласының қазіргі заман ағымына сәйкестігі; |
|||
|
Ақпараттық - әдістемелік материалдар |
Нысаны |
Сандық мағыналары |
||
|
ең төменгі мәні |
ең жоғарғы мәні |
|||
|
Баспасөз хабарламасы |
А4 |
150 сөз |
500 сөз |
|
|
Буклет |
А4, екіжақты |
1 парақ |
4 параққа дейін |
|
|
Брошюра |
А4, А5 |
40 параққа дейін |
∞ |
|
|
Көрнекіліктер |
А4, А5 |
50 параққа дейін |
120 параққа дейін |
|
|
Бюллетень |
А4 |
1 парақ |
∞ |
|
|
Флаер |
А4, А5 |
1 парақ |
- |
|
|
Плакат |
А1, А2, А3 |
- |
- |
|
|
Парақшалар |
А5 |
1 парақ |
||
|
Баннер |
от 768 x 90 см |
- |
- |
|
|
Іс-шара |
Қатысушылар саны |
Ұзақтығы |
||
|
ең төменгі мәні |
ең жоғарғы мәні |
|||
|
Баспасөз-конференция |
10 және одан көп адам |
30 минут |
1 сағат |
|
|
Брифинг |
5 және одан көп адам |
30-40 мин. |
||
|
Баспасөз-тур |
10 және одан көп адам |
4 сағат |
2 күн |
|
|
Іс-шара |
Баспа және электронды БАҚ-тағы жарияланым/сұхбат саны |
Әлеуметтік желідегі жариялымдар/сұхбат саны |
||
|
БАҚ ақпараттық жариялану |
5-тен кем емес |
3-тен кем емес |
||
|
Ақпараттық науқан |
5-тен кем емес |
3-тен кем емес |
||
13-кесте. Іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсету сапасын бағалаудың өлшемшарттары
|
Нысан |
Қатысушылар саны |
|
|
ең төменгі мәні |
ең жоғарғы мәні |
|
|
Ақпараттық-пікірталас іс-шаралары |
||
|
Дөңгелек үстел, таныстырылым, диалогтікалаңдар |
15 адам |
50 және одан көп адам |
|
Конференциялар, форумдар, симпозиумдар, конгрестер, қоғамдық тыңдау |
35 адам |
100 және одан көп адам |
|
Демалыс және ойын |
||
|
Фестивальдер, концерттер |
50 адам |
500 және одан көп адам |
|
Көрме, жәрмеңке, парадтар |
35 адам |
400 және одан көп адам |
|
Байқаулар, викториналар |
15 адам |
∞ |
|
Акциялар, флеш-мобтар |
50 адам |
∞ |
|
Спорттық |
||
|
Спартакиадалар, матчтар |
50 адам |
∞ |
|
Чемпионаттар, жарыстар |
70 адам |
∞ |
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК