Маңғыстау облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесін бекіту туралы

Маңғыстау облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің «Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесін бекіту туралы» 2021 жылғы 19 мамырдағы   № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың Әдістемесі бекітілсін.
  2. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Маңғыстау облысының әкімі                                   Н. Ноғаев                                               

Дата публикации
06 сентября 2021