Ішкі саясат басқармасының ережесі

№ исх: 163 от: 12.08.2019
№ вх: 2670 от: 12.08.2019
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2019 жылғы «29» шілдедегі
№ 163 қаулысымен
бекітілген

 


«Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ


1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттің саясат салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 ғимарат.
9. Мемлекеттік органның:
мемлекеттік тіліндегі толық атауы – «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
орыс тіліндегі толық атауы - Государственное учреждение «Управление внутренней политики Мангистауской области».
10. Осы Ереже «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.


2-тарау. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы облыстағы этносаралық және конфессияаралық келісім саласында аумақтағы қоғамдық – саяси тұрақтылықты нығайтуға, облыс тұрғындарының әлеуметтік оңтайлығын қалыптастыруға, мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға, азаматтық қоғам институттарын қолдауға және дамытуға, өңірдегі ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігіне бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру болып табылады.
14. Міндеттері:
1) өңірде ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік -экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіру;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімінің Басқарманың құзырына қатысты мәселелер бойынша актілер мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
4) «Қазақстан 2050 қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын өңірде түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;
5) ішкі саясат саласында өңірлік маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
6) өңірде ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсынымдарды, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарының тиімді іске асыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
7) өңірдегі ішкі саяси үдерістерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен талдауды қамтамасыз ету;
8) азаматтық қоғам институттарымен, өңірдің қоғам жұртшылығының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;
9) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жастарды елдің әлеуметтік-эконикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту, азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту;
10) жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу болып табылады.
15. Функциялары:
1) ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша, оның ішінде білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамсыздандыру және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, тіл, ақпараттық, мәдени, мемлекеттік жастар саясатын және отбасылық - демографиялық салалардағы мәселелер бойынша, өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін ақпараттық – идеологиялық сүйемелдеу;
2) ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де шаралар кешенін іске асыру;
3) өңірдегі ірі қоғамдық-маңызды іс-шараларды ақпараттық -талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық сүйемелдеу;
4) әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және өзге де салалардағы жергілікті атқарушы органдардың қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
5) Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру мен насихаттау жөніндегі республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық-насихаттық топтардың (бұдан әрі – АНТ) өңірдегі қызметін ұйымдастыру, АНТ ақпараттық -әдістемелік қамтамасыз ету;
6) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени және діни бірлестіктермен, жастар ұйымдарымен, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі – БАҚ), ғылыми және шығармашыл қауыммен, қоғамдық пікір жетекшілерімен өзара іс – қимыл жасауды жүзеге асыру;
7) «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, облыс әкімінің және әкімдігінің жанында әрекет ететін кеңестер, комиссиялар мен басқа да консультативтік – кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз ету;
8) өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға талдау жасау және болжау, оның ішінде саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің және ұйымдардың қызметтеріне мониторинг жасауды ұйымдастыру, әлеуметтанушылық және саясаттанушылық зерттеулер жүргізу;
9) өңірдегі мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде БАҚ мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды орындау жөніндегі қызметтерін әдістемелік қолдау және олардың қызметтерін үйлестіру, заңнаманы сақтау мәніне БАҚ қызметіне мониторинг жүргізу;
10) әлеуметтік маңызды жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;
11) өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыру, облыс әкімдігі жанындағы жастар саясаты мәселелері жөніндегі консультативтік кеңесші органның ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;
12) мемлекеттік жастар саясаты саласында білім және тәрбие беру ұйымдарына қажетті әдістемелік және консультативтік көмек көрсету, жастар ұйымдарының қызметіне мониторинг және талдау жүргізеді және олардың қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу, Маңғыстау облысы аумағында мемлекеттік жастар саясаты бойынша республикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
13) Маңғыстау облысының жастары туралы ақпараттық деректер қорын қалыптастыру, жинақтау, қорыту және жіктеу бойынша қызметін жүзеге асырады, жастар ұйымдарына ұйымдастырушылық, консультациялық - әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету;
14) мекемелердің және өнеркәсіптік кәсіпорындардың, жоғары, кәсіптік - техникалық мекемелер жанындағы жастар ісі және жас мамандар жөніндегі Кеңестерінің қызметін үйлестіреді;
15) өзекті проблемаларды анықтау және шешу, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін мониторинг жүргізуді және жастардың қажеттіліктерін бағалауды қамтамасыз етеді;
16) жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді, еңбек нарығының және жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының монторингін ұйымдастырады:
17) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдесу, жастар ресурстық орталықтарын құру жөнінде ұсыныс енгізеді, олардың қызметін қамтамасыз етеді және үйлестіру, жастар форумдарын өткізуді ұйымдастыру;
18) «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша концептуалдық құжаттарды облыс/қала әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге және сараптама жасауға қатысу;
19) жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, мәслихатпен, мемлекеттік мекемелермен және облыс әкімінің аппаратымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығымен «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
20) «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша ақпараттық базасын қалыптастыру, жинақтау, қорыту және жіктеу;
21) «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесін цифрландыру бойынша тиісті шараларды қабылдау;
22) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұратуға, «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
2) жергілікті атқарушы органдардың ішкі саясат саласындағы қызметтерін жетілдіру бойынша облыс әкіміне ұсыныстар енгізуге;
3) орталық және жергілікті атқарушы органдардың өткізетін іс-шараларына қатысуға;
4) өңірлік бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асыруға;
5) лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де көмектер көрсетуге;
6) билік ету құқығынсыз, акционерлік қоғамдардағы (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталдағы қатысу үлесін) иеленуге және пайдалануға;
7) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;
8) «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге міндетті;
9) бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беруге міндетті;
10) Басқарманың құзыретіне кіретін, қарауында жастар саясаты саласының мәселелері бар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетуге;
11) «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті;
12) «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.


3-тарау. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

17. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекеме басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол «Маңғыстау облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
18. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
20. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) өз орынбасарларының, бөлім басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
2) «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар береді және көтермелеу шараларын қолданады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұйрықтар шығарады;
5) «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін бекітеді;
6) барлық мемлекеттік органдарда және ұйымдарда «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
7) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;
8) «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар мен басқа да құжаттар жобаларының әзірлену барысын бақылайды;
9) «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды бақылайды;
10) «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Стратегиялық жоспарының іске асырылу барысын үйлестіреді;
11) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың ұтымды және мақсатты орындалуын бақылайды;
12) «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінде заңдылықтың, шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
13) «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысқа жеке жауапты болады;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
«Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.


4-тарау. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

22. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.
«Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


5-тарау. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


«Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

1. «Маңғыстау – Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
2. «Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. «Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Ішкі саясат басқармасының ережесі
Дата публикации
30 января 2020