Маңғыстау облысының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жалпы ұзақтығы 2844,1 км құрайды.
Оның ішінде:
республикалық маңыздағы – 1 049 км,
облыстық маңыздағы – 1 028,7 км,
аудандық маңыздағы – 899,3 км.
Қазіргі таңда жалпы ұзақтығы 247 км 6 жоба іске асырылды: "Құрық-Құрық порты" (22 км, 8,2 млрд. теңге) жіне "Шетпе-Үштаған" автожолын орташа жөндеу (54 км, 946 млн.теңге), «Ақтау – Форт-Шевченко – Қаламқас» (88-154 км, 668 млн. теңге), «Онды селосына кірме жол» (8 км, 138 млн. теңге), «Ата жолы» 1 кезең (51 км), «Ата жолы» 2 кезең (46 км).
Осы жылы жалпы ұзақтығы 178,4 км 6 автомобиль жолын жаңғырту және салу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.
Анықтама: «Жыңғылды-Шайыр-Шерқала» (29 км) «Шетпе – Қызан» (Тасмұрын - Мәстек, 36 км), «Тұщықұдық селосына кірме жол» (29 км), «Форт-Шевченко-Таушық» автомобиль жолының 0-91 км учаскесін орташа жөндеу (52 км), «Қызан-Ақшымырау» автомобиль жолын орташа жөндеу (14,7 км), «Қызылсай-Сенек» автомобиль жолын орташа жөндеу (17,7 км).
Бұдан басқа, ағымдағы жылы 60 километрді қамтитын 6 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жалғасатын болады.