«Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің 2023 жыл бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтердің есебіне талдамалық анықтама
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 339/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Басқармамен 4 қызмет, оның ішінде 1 қызмет қағаз және электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған) және 3 қызмет электрондық түрде (толық және ішінара автоматтандырылған) көрсетіледі. Олар:
- Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру – (қағаз және электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған));
- Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру – (электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған));
- Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау – (электрондық түрде (толық автоматтандырылған));
- Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу – (электрондық түрде (толық автоматтандырылған)).
2023 жыл бойынша барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 180. Олардың ішінде жеке тұлғаларға – 164 және заңды тұлғаларға – 16 .
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 91. Оның ішінде:
- Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру – 91.
Электронды түрде көрсетілген қызметтер саны – 89. Оның ішінде:
- Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру –17.
Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау – 72.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде берілген барлық бас тартулар саны – 11 (9-қағаз, 2-электрондық). Оның ішінде:
- Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру – 9;
- Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру – 2.
Бас тартулардың себебі:
- өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
- өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдерінің бұзылу фактілері және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар тіркелген жоқ.
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар бойынша қызмет алушылардың өтінішіне арналған мекен-жайы туралы ақпарат ұсынылған брошюра тарату:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-upt/press/news/details/301046?lang=ru; https://www.facebook.com/100064174033915/posts/275719291243870/?d=n; https://www.instagram.com/p/CXdf7kpM7D6/?utm_medium=copy_link.