«Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің 2023 жылдың 4-тоқсаны бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтердің есебіне талдамалық анықтама

«Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің 2023 жылдың 4-тоқсаны бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтердің есебіне талдамалық анықтама

 

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 339/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Басқармамен 4 қызмет, оның ішінде 1 қызмет қағаз және электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған) және 3 қызмет электрондық түрде (толық және ішінара автоматтандырылған) көрсетіледі. Олар:

- Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру – (қағаз және электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған));

- Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру – (электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған));

- Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау – (электрондық түрде (толық автоматтандырылған));

- Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу – (электрондық түрде (толық автоматтандырылған)).

2023 жылдың 4–тоқсаны бойынша барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 60. Олардың ішінде жеке тұлғаларға – 54 және заңды тұлғаларға – 6.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 25. Оның ішінде:

 - Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру – 25.

Электронды түрде көрсетілген қызметтер саны – 33. Оның ішінде:

- Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау – 21.

- Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру – 12.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде берілген барлық бас тартулар саны – 2. Оның ішінде:

Қағаз түрінде – 2.

- Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру – 2.

Бас тартулардың себебі:

- өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

- өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдерінің бұзылу фактілері және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар тіркелген жоқ.

Дата публикации
24 января 2024