«Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің 2023 жылдың 3-тоқсаны бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтердің есебіне талдамалық анықтама

«Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің 2023 жылдың 3-тоқсаны бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтердің есебіне талдамалық анықтама

 

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 339/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Басқармамен 4 қызмет, оның ішінде 1 қызмет қағаз және электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған) және 3 қызмет электрондық түрде (толық және ішінара автоматтандырылған) көрсетіледі. Олар:

- Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру – (қағаз және электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған));

- Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру – (электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған));

- Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау – (электрондық түрде (толық автоматтандырылған));

- Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу – (электрондық түрде (толық автоматтандырылған)).

2023 жылдың 3–тоқсаны бойынша барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 41. Олардың ішінде жеке тұлғаларға – 37 және заңды тұлғаларға – 4.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 16. Оның ішінде:

 - Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру – 14.

- Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру – 1.

Бұрын берілген куәліктің қолданылу мерзімі өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру – 1.

Электронды түрде көрсетілген қызметтер саны – 22. Оның ішінде:

- Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау – 19.

- Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру – 3.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде берілген барлық бас тартулар саны – 3. Оның ішінде:

Қағаз түрінде – 2.

- Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру – 2.

Электронды түрде – 1.

- Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру – 1.

Бас тартулардың себебі:

- өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

- өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдерінің бұзылу фактілері және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар тіркелген жоқ.

 

 

Басқарма басшысының м.а.                                                  Б. Ізғалиев

 

 

Дата публикации
03 октября 2023