Мемлекеттік қызметтердің санын арттыру, ашықтығын қамтамасыз ету, электронды қызметтерді насихаттау бағытында өткізілген шаралар бойынша ақпарат.
Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес 4 қызмет көрсетіледі. Олар:
- Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру;
- Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру;
- Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау;
- Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу.
Көрсетілетін қызметтердің барлығын электронды түрде көрсетуге мүмкіндік бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және электрондық форматқа ауыстыру бойынша түсіндіру іс-шаралары өткізіліп тұрады.
Электрондық түрде берілуге жататын мемлекеттік қызмет түрлерін алу тәртібі Басқарманың ресми сайтында да жарияланған. Бүгінгі күні Басқарма қызметкерлері тарапынан мемлекеттік қызметтерді түсіндіру және электрондық форматқа ауыстыру бойынша бойынша А5 форматта ақпараттық парақшалар дайындалып Ақтау қаласындағы адам көп шоғырланатын орындарға орналастырылды.
Атап айтқанда:
- Ақтау қалалық әкімдігі «Қызмет көрсету орталығы»,
- 23 ш/а, Стат.департамент ғимараты,
- қалалық және ауданаралық қоғамдық көлік автобустары,
- 15 ш/а «Азаматтарға арналған үкімет» ХҚКО ғимараты.
Мемлекеттік қызметтердің санын арттыру, ашықтығын қамтамасыз ету, электронды қызметтерді насихаттау бағытында түсіндіру жұмыстарын өткізу 2023 жылғы 4 тоқсанға жоспарланған.