Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 25 қарашадағы № 407/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Басқармамен 4 қызмет, оның ішінде 1 қызмет қағаз және электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған) және 3 қызмет электрондық түрде (толық және ішінара автоматтандырылған) көрсетіледі. Олар:
- Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру – (қағаз және электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған));
- Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру – (электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған));
- Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау – (электрондық түрде (толық автоматтандырылған));
- Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу – (электрондық түрде (толық автоматтандырылған)).
2022 жыл бойынша барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 196. Олардың ішінде жеке тұлғаларға – 109 және заңды тұлғаларға – 87 .
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 109. Оның ішінде:
- Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру – 109.
Электронды түрде көрсетілген қызметтер саны – 87. Оның ішінде:
- Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру – 27.
Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау – 60.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде берілген барлық бас тартулар саны – 21 (8-қағаз, 13-электрондық). Оның ішінде:
- Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру – 8;
- Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру – 13.
Бас тартулардың себебі:
- өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
- өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдерінің бұзылу фактілері және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар тіркелген жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларының саны – 1:
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар бойынша қызмет алушылардың өтінішіне арналған мекен-жайы туралы ақпарат ұсынылған брошюра тарату:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-upt/press/news/details/301046?lang=ru; https://www.facebook.com/100064174033915/posts/275719291243870/?d=n; https://www.instagram.com/p/CXdf7kpM7D6/?utm_medium=copy_link.
Басқарма басшысы А. Калиев