Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 413 «Ақтау және Баутино теңіз сауда порттарының акваторияларын қоса алғанда теңіз порттарының шекараларын айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 413 «Ақтау және Баутино теңіз сауда порттарының акваторияларын қоса алғанда теңіз порттарының шекараларын айқындау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2971 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1 және 2-қосымшалары осы қаулының 1 және       2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Маңғыстау облысының әкімі

   Н.А. Ноғаев

Дата публикации
27 апреля 2023