Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау облысындағы жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдаулардың тарифтерін бекіту туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы № 350 қаулысының
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау облысындағы жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдаулардың тарифтерін бекіту туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы № 350 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2915 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Маңғыстау облысының әкімі
|
|
С. Трұмов
|