Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерін бекіту туралы

«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 7-тармағына және 6-бабының 2 тармағына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері бекітілсін.
  2. «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б.Қ. Ережепов) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
  3. «Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2714 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 88 қаулысының) күші жойылды деп танылсын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Н.Қ. Аққұловқа жүктелсін.
  5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Маңғыстау облысының әкімі                                                      С. Трұмов

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы

_____________________ С. Бармақов

«__»_________________ 2020 жыл

 

 

«Маңғыстау облысының

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

_____________________ Б. Ережепов

«__»_________________ 2020 жыл

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2020 жылғы  «___»____ № ___

қаулысымен бекітілген

 

 

Жалпыға ортақ пайдаланылатын

облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының

тізбесі, атаулары мен индекстері

 

№

Автомобиль жолының индексі

Автомобиль жолының атауы

Жалпы ұзындығы, шақырым

1

2

3

4

1

КR-1

«Ақтау – Форт-Шевченко автожолының 43 шм – Қаламқас кен орны»

231

2

КR-2

«Ақтау – Құйылыс»

44

3

КR-3

«Құйылыс – Шетпе»

45

4

KR-4

«Тасболат – Қарамандыбас»

11

5

КR-5

«Жетібай – Қарамандыбас»

80

6

КR-6

«Қызыл-Сай – Қарақұдық – Сай-Өтес»

108

7

КR-7

«Форт-Шевченко – Таушық – Шетпе»

161

8

КR-8

«Ақтау – Форт-Шевченко» 11-132 шм»

121

9

КR-9

«Кендірлі» демалыс базасына кіреберіс»

5

10

КR-10

«Ата жолы»

97

11

КR-11

«С.Шапағатов – Аэропорт»

4

12

КR-12

«Жыңғылды – Шайыр»

10,1

13

КR-13

«Қияқты – Тұшықұдық»

22,96

14

КR-14

«МАЭК» су алғышынан «Құрық» теңіз портына дейін»

61,6

15

КR-15

«Өмірзақ» кентінен бастап Ақтау қаласының Жылы жағажайына дейін»

4,6

16

КR-16

«ХГМЗ қиылысынан №23, 24, 28а шағын аудандар қиылысына дейінгі №55 автомобиль жолы»

7

17

КR-17

«Ақтау портынан №17 бақылау бекетіне дейін»

16

Барлығы:

1029,3

Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерін бекіту туралы
Дата публикации
15 января 2020