2021-2023 жылдары субсидиялауға жататын Маңғыстау облысының әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастары тізбесін айқындау туралы

(жоба)

 

2021-2023 жылдары субсидиялауға жататын Маңғыстау облысының әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастары

тізбесін айқындау туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бабы 1 тармағы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №12353 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2021-2023 жылдары субсидиялауға жататын Маңғыстау облысының әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.К. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Н.Қ. Аққұловқа жүктелсін.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

         

 

Сессия төрағасы                                                                                                                                                                                                                    

Мәслихат хатшысы                                        

 

Маңғыстау облыстық

мәслихатының шешіміне

қосымша

 

 

2021-2023 жылдары субсидиялауға жататын Маңғыстау облысының әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесі

 

 

№ р/н

Маршрут атауы

Маршрут түрі

1

Ақтау – Жаңаөзен – Ақтау

Ауданаралық

(қалааралық облысішілік)

2

Ақтау – Тұщықұдық – Шебір – Ақтау

Ауданаралық

(қалааралық облысішілік)

 

 

НҚА жобасы
Дата публикации
20 января 2021