Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 17 қаңтардағы "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" заңдарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Құрық теңіз портының акваториясын қоса алғанда, теңіз портының шекаралары айқындалсын.
2. "Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б.Қ. Ережепов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Н.Қ. Аққұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облысының әкімі | С. Трумов |
| Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
| 2019 жылғы 19 желтоқсандағы | |
| № 283 қаулысына қосымша |
Құрық теңіз портының акваториясын қоса алғанда, теңіз портының шекаралары
1. Құрық теңіз портының шекаралары төмендегідей координаттар бойынша жер телімдерінің құрамында анықталады:
|
№ |
Құқық иесі |
Орналас қан жері |
Кадастрлық нөмірі |
Ауданы, га |
Координаттар |
|
|
х |
у |
|||||
|
1 |
"ҚТЖ" ҰК" АҚ |
Маңғыстау облысы, |
13-197-001-1982 |
27,8579 |
9 535 876,3069 |
4 781 021,1152 |
|
2 |
"ҚТЖ" ҰК" АҚ |
Маңғыстау облысы, |
13-197-001-2025 |
14,9083 |
9 535 873,9437 |
4 781 016,5583 |
|
9 535 779,3529 |
4 781 013,1751 |
|||||
|
|
"ҚТЖ" ҰК" АҚ |
Маңғыстау облысы, |
13-197-001-2030 |
7,7225 |
9 536 001,7699 |
4 782 263,3276 |
|
|
"ҚТЖ" ҰК" АҚ |
Маңғыстау облысы, |
13-197-001-2031 |
1,6721 |
9 536 157,5993 |
4 783 277,1498 |
|
|
"ҚТЖ" ҰК" АҚ |
Маңғыстау облысы, |
13-197-001-2028 |
13,8797 |
9 538 714,9783 |
4 784 151,8296 |
|
|
"ҚТЖ" ҰК" АҚ |
Маңғыстау облысы, |
13-197-001-2029 |
12,9631 |
9 538 623,6713 |
4 784 074,9149 |
|
9 541 512,9861 |
4 784 511,8746 |
|||||
|
7 |
"ҚТЖ" ҰК" АҚ |
Маңғыстау облысы, |
13-203-011-302 |
8,4180 |
9 536 286,5181 |
4 783 560,7098 |
2. Құрық теңіз порты акваториясының шекаралары:
Құрық теңіз портының ішкі акваториясы 43°09'51,82"N және 51°27'12,18"Е координаттарымен шығыс қорғаныс молының бастапқы бөлігінен бастап шығысқа қарай 100 метр қашықтықта орналасқан жағалау сызығының нүктесінен келетін сызықпен шектелген, әрі қарай шығыс қорғаныс молын бойлай оңтүстік/оңтүстік-батыс бағытта, одан 100 метр қашықтықта теңізге, 43°09'23,00"N және 51°26'58,70"Е координаттарымен шығыс қорғаныс молының оңтүстік шегіне дейін, әрі қарай 43°09'17,20"N және 51°26'52,10"Е координаттарымен батыс қорғаныс молының оңтүстік шегіне дейін, одан кейін батыс қорғаныс молын бойлай солтүстік-батыс/солтүстік бағытта, одан 100 метр қашықтықта теңізге, 43°09'44,70"N және 51°26'12,50"Е координаттарымен батыс қорғаныс молының бастапқы бөлігінде орналасқан нүктесіне дейін, әрі қарай автомобиль пирсін айнала (№ 5, № 4 айлақтар) порттың жағалау сызығын бойлай шығыс бағытта, теміржол пирсін айнала (№ 2, № 1 айлақтар) № 3 айлақты бойлай, порт флоты кемелерінің айлағын бойлай 43°09'51,82"N және 51°27'12,18"Е координаттарымен бастапқы нүктеге дейін;
Құрық теңіз портының сыртқы акваториясы 43°09'51,82"N және 51°27'12,18"Е координаттарымен шығыс қорғаныс молының бастапқы бөлігінен бастап шығысқа қарай 100 метр қашықтықта орналасқан жағалау сызығының нүктесінен келетін сызықпен шектелген, әрі қарай аталған шығанақ жағалауы учаскесінде орналасқан барлық гидротехникалық нысандар және олардың акваторияларын қоса, 43°06'03,00"N және 51°39'06,00"Е координаттарымен Александр Бекович-Черкасский шығанағы жағалауын бойлай Жыланды мысына дейін шығыс бағытта, одан кейін әрі қарай 43°09'00,00"N және 51°16'02,00"Е координаттарымен Жыланды мысынан Құмды мысына дейін батыс бағытта тікелей сызық бойынша, әрі қарай аталған шығанақ жағалауының учаскесінде орналасқан барлық гидротехникалық нысандар және олардың акваторияларын қоса, 43°09'44,70"N және 51°26'12,50"Е координаттарымен батыс қорғаныс молының бастапқы бөлігінен бастап батысқа қарай 100 метр қашықтықта орналасқан Құмды мысынан бастап жағалау сызығының нүктесіне дейін, Александр Бекович-Черкасский шығанағы жағалауын бойлай шығыс бағытта.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
га – гектар;
"ҚТЖ" ҰК" АҚ – "Қазақстан Темір Жолы" Ұлттық Компаниясы" акционерлік қоғамы.