
Қызметінің негізгі бағыты автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту; аудандардың жергілікті атқарушы органдарының бекітуі үшін аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін келісу; автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін бекіту үшін әзірлеу; аудандардың жергілікті атқарушы органдары бекітетін аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін келісу; автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының, елді мекендер көшелерінің, облыстың коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару; облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын, көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау; облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту; облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін бекіту; елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасын бекіту; облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға кірме жолдар салуды және жалғасатын жолдарды салуды келісу.