
Бейнеубек Әбілов 1975 жылы 16 қаңтарда Маңғыстау облысының Бейнеу селосында дүниеге келген.
1998 жылы Ақтау мемлекеттік университетінде инженер-механик, 2003 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер және 2012 жылы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінде инженер-құрылысшы мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек өтілі:
14.09.1995 ж - 14.03.1996 ж. Ақтау қалалық әкімшілігінің жастар ісі, туризм және спорт бөлімінің жасақшылар жедел жастар жасағы командирінің орынбасары;
14.03.1996 ж - 01.07.1996 ж. Ақтау қаласы әкімшілігінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің күрес және ауыр атлетика бойынша тренері;
03.12.1998 ж - 04.01.1999 ж. кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі Агенттік филиалының конкурстық өндіріс секторының жетекші маманы,
04.01.1999 ж - 21.04.1999 ж. кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі Агенттік
филиалының сауда бөлімінің маманы;
21.04.1999 ж - 10.10.2000 ж. "Шағырлы-Шомышты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің конкурстық басқарушы;
10.10.2000 ж - 04.10.2002 ж. "Жолаушы" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің конкурстық басқарушы;
26.10.2002 ж - 11.07.2003 ж. "Каскор-Дикфа" ашық акционерлік
қоғамының конкурстық басқарушы;
08.05.2003 ж - 12.01.2004 ж. "Ремгазмонтаж" жабық акционерлік
қоғамының конкурстық басқарушы;
19.09.2004 ж - 19.09.2005 ж. "Завод пластических масс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің конкурстық басқарушы;
12.03.2007 ж - 15.02.2008 ж. Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маман-заңгерінің уақытша міндетін атқарушы;
15.02.2008 ж - 22.08.2008 ж. Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маман-заңгері;
22.08.2008 ж - 01.07.2009 ж. Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары;
01.07.2009 ж - 20.12.2009 ж. Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы;
20.12.2009 ж - 08.11.2011 ж. Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы;
09.11.2011 ж - 26.09.2012 ж. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы;
26.09.2012 ж - 15.05.2013 ж. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс
бақылау және лицензиялау департаментінің директоры;
15.05.2013 ж - 11.02.2015 ж. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Маңғыстау облысы бойынша
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің басшысы;
11.02.2015 ж - 25.09.2017 ж. Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы;
25.09.2017 ж - 16.07.2023 ж. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының әкімі;
16.06.2025 - қазіргі уақытта Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.