GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Басқарма туралы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту
05 октября 2026
Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы

Электрондық пошта мекенжайы: upitakimat@gmail.com (сұрақтар болған жағдайда)

Байланыс телефоны: 8 /7292/ 46-25-50 (1175), 87078953369,87077811272

Конкурстың нысанасы: әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін кәсіпкерлерге мемлекеттік грант беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беретін орын: «Kezekte.kz» субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінімді және толық конкурстық құжаттар топтамасын ұсынады.

Өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы «09» қазаннан бастап 2026 жылғы «18» қазанға дейін қоса алғанда.

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен өңірлік үйлестірушінің: https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-upp/documents/details/1074726?lang=kk ресми сайтында танысуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту
29 сентября 2026
Жиі қойылатын сұрақтар

  Сұрақ: C5 визасын қалай ұзартуға және бизнес-иммигрант үшін ұзақ мерзімді визаны рәсімдеуге болады?

Жауап: Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды жоспарлап отырған шетел азаматына бастапқыда С5 визасы 3 айға дейінгі мерзімге беріледі. Осы кезең ішінде заңды тұлғаны тіркеу немесе қолданыстағы заңды тұлғаның құрылтайшыларының құрамына кіру қажет. Кәсіпкерлік қызметке қатысқаны расталғаннан кейін шетел азаматы 2 жылға дейін, ал этникалық қазақтар үшін — 3 жылға дейін ұзақ мерзімді көп мәрте С5 визасын ресімдеуге жүгіне алады. Ол үшін Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасына өтініш беріп, бизнесті жүргізуді немесе оған қатысуды, сондай-ақ өңірге жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық әсерін растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

1. Нотариалды куәландырылған жарғы;

2. Төлқұжат пен жарамды визаның көшірмесі;

3. Салық төлеуші резидент еместерді тіркеу туралы тіркеу куәлігі;

4. Меншік иесі және құқық иесі туралы мәліметтер;

5. Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама;

6. Тіркелген заңды тұлға, филиал туралы анықтама немесе өкілдік;

7. Компания қызметкерлерінің анықтамасы (ТАӘ және лауазымы);

8. Салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама;

9. Сонымен қатар, өндіріс орналасқан жерді, орынды  (кәсіпорындар, мекемелер) тексеру керек 

10. Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;

11. Бизнес-жоспар (инвестиция, жұмыс орны, әлеуметтік-экономикалық әсері)

Өтініш 15 жұмыс күніне дейінгі мерзімде қаралады. Оң шешім қабылданған жағдайда басқарма көші-қон полициясы бөлімшесіне ресми өтініш жолдайды, ол ұзақ мерзімді көп реттік С5 визасын одан әрі ресімдеу үшін негіз болып табылады. 

Сұрақ:Мемлекеттік грант қаражаты мақсатсыз пайдаланылған жағдайда кәсіпкерге қандай шаралар қолданылады?

Жауап: Егер грант алған кәсіпкер бөлінген қаражатты бизнес-жобада көрсетілген мақсатқа жұмсамаса немесе грант қаражатын басқа мақсаттарға пайдаланса, бұл грант қаражатын мақсатсыз пайдалану болып есептеледі. Мұндай жағдайда келесі шаралар қолданылады:

«Даму» КДҚ» АҚ жобаның іске асырылуына мониторинг жүргізу барысында грант қаражатының мақсатсыз пайдаланылғаны анықталады.

анықталған бұзушылық бойынша тиісті құжаттар рәсімделіп, кәсіпкерге грант қаражатын мақсатсыз пайдаланғаны туралы хабарланады.

Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы кәсіпкерге мақсатсыз пайдаланылған грант қаражатын мемлекеттік бюджетке ерікті түрде қайтару туралы хабарлама жолдайды.

кәсіпкер қаражатты өз еркімен қайтарған жағдайда, қаражат белгіленген тәртіппен бюджетке қайтарылады.

егер кәсіпкер қаражатты өз еркімен қайтарудан бас тартса немесе белгіленген мерзімде қайтармаса,  Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы грант қаражатын сот тәртібімен өндіріп алу бойынша шаралар қабылдайды.

Сұрақ: Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру жөнінде қызметті қалай алуға болады?

Жауап: Заңды тұлғалар «Е-лицензиялау» Электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру жөнінде өтінім береді. 

Ол үшін жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, Қазақстан Республикасының дара кәсіпкерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

Аталған өтінімге түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін екінші санаттағы рұқсаттарды беру кезінде оларға сәйкестікті растайтын рұқсат беру талаптары мен құжаттарының тізбесі жалғануы тиіс:

- Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде санитариялық-эпидемиологиялық, өрт, экологиялық талаптарына сәйкес мамандандырылған өндірістік базаның болуы (меншік немесе меншік құқығын растайтын құжат);

- Түсті және қара  металдардың сынықтары  мен қалдықтарын  тасымалдау үшін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі көлік құралының (жүк автомобильдері және / немесе басқа автокөлік) болуы (көлік құралының паспорты, көлік құралынжалға алған жағдайда жалдау шарты);

- Меншік құқығында және/немесе басқа да заңды негізде автокөлік үшін кірме жолдары және/немесе кірме темір жол-тұйықтары бар жер учаскесінің болуы ( жер учаскесіне акті);

 Заңды тұлғаның басшысы бекітетін түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі нұсқаулықтың болуы (заңды тұлғаның басшысы бекіткен түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі нұсқаулық);

Кәсіпорынның штат кестесіне сәйкес қолданылатын жабдықта жұмыс істеу үшін білікті персоналдың болу (түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін осы рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес, оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың болуы мен тізбесін қамтитын мәліметтер нысаны)

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы құжаттардыңрұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеріп және түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған екінші санаттағы рұқсаттардың берілуін келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) келісуге сұрау салуды жібереді. 

Мемлекеттік органдар көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуы негізінде сұрау салу жіберілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге қарау нәтижелері туралы жауап жібереді.

Мемлекеттік органдар көрсетілген мерзім ішінде жауап ұсынбаған жағдайда, рұқсат беру келісілген болып есептеледі.

Сұрақ: Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беруден қандай жағдайда бас тартылады?

Жауап: түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған екінші санаттағы рұқсаттардың берілуін келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар көрсетілетін қызметті беруші ұсынған келісімнен дәлелді себептермен бас тартқан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту береді.

 

26 августа 2026
Маңғыстау облысы кәсіпкерлерінің назарына!

Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтінімдер қабылдауды жариялайды.

Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекiтiлген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033105

Құжаттарды қабылдау: «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ;

Мекен-жайы: 130000 Ақтау қаласы, 14 ш/а 1 ғимарат, 314 кабинет

Электрондық пошта мекен-жайы: a.erniyazova@mangystau.gov.kz,

Тел.: 8 /7292/ 46-25-50 (1173)

Құжаттарды ұсыну мерзімі: 2026 жылғы 1 қыркүйегінен 15 қыркүйек аралығында, жұмыс күндері – сағат  9:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс, 13:00-ден 14:30-ға дейін).

02 июля 2026
09.07.2026 жылдан бастап "Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" ММ қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау басталады.
02 июня 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы

«Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 2025 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізу 2026 жылдың 15 маусым айынан бастап 2026 жылдың 15 шілдесіне аралығында  жүргізіледі.

21 мая 2026
Маңғыстау облысы кәсіпкерлерінің назарына!

Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтінімдер қабылдауды жариялайды.

Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекiтiлген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033105

Құжаттарды қабылдау: «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ;

Мекен-жайы: 130000 Ақтау қаласы, 14 ш/а 1 ғимарат, 314 кабинет

Электрондық пошта мекен-жайы: a.erniyazova@mangystau.gov.kz,

Тел.: 8 /7292/ 46-25-50 (1173)

Құжаттарды ұсыну мерзімі: 2026 жылғы 1 маусымнан 15 маусым аралығында, жұмыс күндері – сағат  9:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс, 13:00-ден 14:30-ға дейін).

31 марта 2026
ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ БІРЛЕСТІКТЕРІ МЕН ӨЗГЕ ДЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ НАЗАРЫНА

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жүргізіледі

Аккредиттеуге қатысуға қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар жіберіледі.

Аккредиттеуді алу үшін өтініш беруші жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу жөніндегі комиссияға ұсынады:

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өту үшін өтініш;
  2. Салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
  3. бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.

Қоса беріліп отырған ақпаратпен бірге өтініштерді тапсыру мерзімі 2026 жылғы 30 наурыздан 10 сәуір аралығында, жұмыс күндері – сағат  9:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс, 13:00-ден 14:30-ға дейін).

Қосымша ақпарат алу үшін Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасына 46-25-50 (1173) телефон номері арқылы хабарласуға болады.

 

27 февраля 2026
ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ БІРЛЕСТІКТЕРІ МЕН ӨЗГЕ ДЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ НАЗАРЫНА

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жүргізіледі 

Аккредиттеуге қатысуға қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар жіберіледі.

Аккредиттеуді алу үшін өтініш беруші жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу жөніндегі комиссияға ұсынады:

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өту үшін өтініш;
  2. Салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
  3. бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.

Қоса беріліп отырған ақпаратпен бірге өтініштерді тапсыру мерзімі       2026 жылғы 2 наурыздан 16 наурыз аралығында, жұмыс күндері – сағат  9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс, 13.00-ден 14.30-ға дейін).

Қосымша ақпарат алу үшін Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасына 46-25-50 (1173) телефон номері арқылы хабарласуға болады.

 

 

26 февраля 2026
Маңғыстау облысы кәсіпкерлерінің назарына!

Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтінімдер қабылдауды жариялайды.

Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекiтiлген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033105

Құжаттарды қабылдау: «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ;

Мекен-жайы: 130000 Ақтау қаласы, 14 ш/а 1 ғимарат, 314 кабинет

Электрондық пошта мекен-жайы: a.erniyazova@mangystau.gov.kz,

Тел.: 8 /7292/ 46-25-50 (1173)

Құжаттарды ұсыну мерзімі: 2026 жылғы 1 наурыздан 15 наурыз аралығында, жұмыс күндері – сағат  9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс, 13.00-ден 14.30-ға дейін).

 

 

 

06 февраля 2026
Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы ЖСДП МОФ төрағасымен бірлесіп, Мұнайлы ауданы мен Ақтау қаласындағы кәсіпкерлердің жобаларының қазіргі жай-күйімен танысты.

Ағымдағы жылдың 2 ақпан күні Басқарма қызметкерлері ЖСДП МОФ төрағасымен бірлесіп, Мұнайлы ауданы мен Ақтау қаласындағы «әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін» және «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасы шеңберінде 2024 жылы мемлекет тарапынан грант алған кәсіпкерлердің жобаларының қазіргі жай-күйімен танысты.
Кездесу барысында кәсіпкерлердің өндірістік үдерісі, жобалардың іске асырылу деңгейі, сондай-ақ ұсыныстары тыңдалды және мемлекеттік қолдау аясындағы өз пікірлерін білдірді.
Шара аясында облыстық ЖСДП төрағасы кәсіпкерлердің көтерген мәселелері мен білдірген пікірлеріне жауап беріп, өзара пікір алмасу жүргізілді.

Аталған шара өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетуге, шағын және орта бизнесті нығайтуға, сондай-ақ кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты күшейтуге бағытталды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы