Меню

Страницы

Статья

Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының 2018 жылы жасалған жұмысы туралы ақпарат

Кәсіпкерлік және сауда басқармасы облыста шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі көрсеткіштері бойынша тұрақты мониторинг жүргізуде.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің жедел мәліметтеріне сәйкес 01.07.2019 ж. жағдай бойынша тіркелген ШОК субъектілерінің саны 61 891 бірлікті құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға артық.

01.07.2019 ж. жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 53 574 бірлікті құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,6% - ға жоғары.

01.04.2019 ж. жағдай бойынша тіркелгендердің жалпы санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі 86,6% құрады, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 2,0% - ға жоғары.

2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 114 554 адамды құрады.

ШОК субъектілерінің 2019 жылғы қаңтар-наурыздағы өнім шығарылымы 262,6 млрд. теңгені құрады. Өнім шығарудың нақты көлем индексі 132,5% құрады.

Статистикалық деректер бойынша облыстағы ЖӨӨ-гі ШОК-тің үлесі 2019 жылғы қаңтар-наурыз айында 22,5% құрады.

Сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген кредиттердің саны мен көлемі бойынша микрокредиттік ұйымдардың және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» ММ-нің есептерін жинау ай сайынғы негізде жүргізіледі.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» ММ Маңғыстау филиалының ақпараты бойынша Екінші деңгейдегі банктер ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында шағын бизнес субъектілеріне 11 603,4 млн. теңге көлемінде несие ресурстарын берді.

Өңірде келесі бағдарламалар белсенді жүзеге асырылуда:

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлікті қолдаудың келесідей қаржылық құралдары қолданылады:

- несиенің пайыздық ставкасын субсидиялау құралы бойынша 2,6 млрд. теңге сомасына субсидия мақұлданды;

 - несиелерді кепілдендіру құралы бойынша 323,1 млн. теңге сомасына 41 кепілдік берілді;

Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы облыстағы шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткіштері бойынша тұрақты, әрі жүйелі түрде мониторинг жүргізіп отырады.

2018 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында Ақтау және Жаңаөзен қалалары бойынша 572,3 млн. теңгеге 47 шағын несие беріліп, 126 жұмыс орны құрылды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 3,3 млрд. теңгеге 168 жоба мақұлданды, нәтижесінде 483 жаңа жұмыс орны құрылды.

Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап облыста «Нұр-Капитал» шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың Өңірлік бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі таңда, аталған Бағдарлама аясында 1,34 млрд. теңгеге 70 жоба қаржыландырылып, 641 жаңа жұмыс орны құрылды.

 

 

 

 

 

Дата публикации
01 июля 2019
Дата обновления
01 июля 2019
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 февраля 2026
Маңғыстау облыснының сұйытылған мұнай газына қажеттілігі
03 сентября 2025
МАҢЫЗДЫ- ҚЫЗЫҚТЫ - ПАЙДАЛЫ : Азаматтардан келіп түсетін өтініштер бойынша жиі қойылтанын сұрақтарға ақпараттық-түсіндіру
Ақпарат
08 февраля 2024
Сауда және ӘМАТ бағаларын тұрақтандыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы