Меню

Страницы

Статья

Маңғыстау облысы бойынша 2019 жылдың қаңтар-маусым айларына сауда бойынша ақпарат.

ҚР ҰЭМ статистика бойынша Комитетінің жедел деректеріне сәйкес, 2019 жылдың қаңтар-маусым айларына бөлшек сауда тауар айналымының жалпы көлемі – 78,7 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңдерімен салыстырғанда 101,1%-ға көп.

Қазіргі уақытта облыста жұмыс жасап тұр:

- 8058 сауда орындары бар, жалпы алаңы 181 233 шаршы м. 29 базар;

- Жалпы алаңы 50 648 шаршы м. 71 супермаркет;

- Жалпы алаңы 15 300 шаршы м. 2 гипермаркет;

Тауарлар мен қызметтерге тұтыну бағаларының индексі2019 жылдң маусым айынан 2018 жылдың желтоқсанына – 103,6 % (ҚР - 102,6 %), оның ішінде азық-түлік тауарларына – 105,5 %( ҚР - 105,9 %), азық-түлік емес тауарларға - 102,4 %( ҚР - 102,2 %), ақылы қызметтерге - 100,4 %( ҚР – 99,1 %).

ҚР ҰЭМ статистика бойынша Комитетінің   деректері бойынша а.ж. қаңтар-маусым айларына  аәлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына тұтыну бағаларының индексі (19 атау) - 107,3 %( ҚР – 108,0 %) құрайды.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бағаның күрт ауытқуын болдырмау және тауарлар тапшылығын болдырмау мақсатында келесі кешеді шаралар қабылдануда:

Апта сайынғы негізде облыс әкімдігі статистика департаментімен бірлесіп ӘМАТ –на баға мониторингін жүргізеді.

Қалалар мен аудандарда өңір тұрғындары үшін ауылшаруашылық өндірушілері мен көтерме сауда бағасында жеткізушілердің жәрмеңкесі жүргізіледі, ол жерде делдалсыз өнім базар бағасынан 15-20% төмен бағада сатылады. Жыл басынан бері 196 жәрмеңке өткізілді, өткізілген өнім сомасы 245 млн.теңгені құрайды.

Шекара маңындағы ынтымақтастық аясында жеміс-көкөніс өнімдеріне бағаны төмендету мақсатында а.ж. наурыз айынан бастап Өзбекстан Республикасының Хорезм облысынан тікелей жеткізуді ұйымдастыру бойынша жұмыстар басталды. Облыстың қалалары мен аудандарында тұрғындар үшін бұл өнімдерге бағаны базар бағасынан  20%-ға төмен бағада жәрмеңке ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап 214 сауда нысандарымен «Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуін болдырмау туралы» меморандумға қол қойылды.

Ағымдағы жағдайды мониторинглеу және талдау үшін апта сайынғы негізде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаның жедел реттеу бойынша өңірлік штабының отырысы өткізілді. ӘМАТ –на бағаны тұрақтандыру бойынша жедел шаралар, баға бойынша жағдайды БАҚ-на жарықтандыру бойынша медиа-жоспар бекітілді.

Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бағаның тұрақтауы туралы мәселе тұрақты бақылауда.

ЖЖМ бойынша ақпарат.

Жанар –жағар май материалдарына апта сайынғы жүргізілген баға мониторингісінің қорытындысы бойынша (одан әрі - ЖЖМ) облыста ЖЖМ-ға  орташа баға  АИ-92/93 литрі - 153 теңге , АИ-95 литрі – 169 тенге, диз. отынына литрі -192 теңге.

Облыста 48 автомайқұю бекеттері  (бұдан әрі – АМҚ )жұмыс жасап тұр.

ҚР Энергетика министрлігінің ай сайынғы жеткізу жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығына жеке АМҚБ  үшін («ҚазМұнайГаз өнімдері» АҚ АМҚБ қоспағанда)   Маңғыстау облысы бойынша ЖЖМ келесі көлемі бөлінген: 

Аи -92/93                                         -

27594 тонна

Дизель отыны                                 -

с48 562 тонна.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында ЖЖМ-ды ай сайынғы орташа тұтыну көлемі Аи-92- 8500 тонна., дизель отыны- 8000 тонна.

 Электрондық сауданы дамыту

А.ж. бірінші жарты жылдығында Маңғыстау облысының Өңірлік кәсіпкерлік палатасымен «Бизнес-кеңесші»

Кәсіпкерлік негіздерін оқыту аясында 435 кәсіпкерге цифрлық және қаржылық сауаттылық және электрондық сауданы жүргізу бойынша қысқаша оқу өткізілді. Сонымен қатар 23 кәсіпкерге «Электрондық сатып алу порталында жұмыс жасау тәжірибесі» тақырыбында семинар жүргізілді.

Одан басқа, а.ж. 23 мамырында МАңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауд басқармасы «Казпочта» АҚ-мен бірлесіп, «Электрондық комиссияны дамыту» ьақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинарға 100 ШОБ субъектілері қатысты.

Өңірде қазіргі уақытта 12 интернет магазин құрылған.

Қолма қол жасалмайтын жүзеге асыру мақсатында 4 125 POS-терминалдар, 551 банкомат, 451 төлем терминалдары және банктік киосклер орналастырылған.

Осы бағытта жұмыстар жалғасуда.

Дата публикации
01 июля 2019
Дата обновления
01 июля 2019
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 февраля 2026
Маңғыстау облыснының сұйытылған мұнай газына қажеттілігі
03 сентября 2025
МАҢЫЗДЫ- ҚЫЗЫҚТЫ - ПАЙДАЛЫ : Азаматтардан келіп түсетін өтініштер бойынша жиі қойылтанын сұрақтарға ақпараттық-түсіндіру
Ақпарат
08 февраля 2024
Сауда және ӘМАТ бағаларын тұрақтандыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы