Маңғыстау облысында шамамен 125 мыңның үстінде үй шаруашылықтары бар және 53 902 жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Бизнесті дамыту үшін әлеуетті тауашаларды анықтау мақсатында, сонымен қатар нақты мамандандырумен өңірлік даму картасын қалыптастыру үшін Қала және аудан әкімдіктері Кәсіпкерлер палатасымен бірге Маңғыстау облысы бойынша скрининг жүргізеді.
Скрининг нәтижесінде зерттеуші топ өңірде бизнес жобалар дайындау үшін қосымша тауашаларды анықтай алады, сонымен бірге проблемалық моменттерді көрсетеді. Зерттеу сауалнама көмегімен жүргізіледі. Сауалнама нәтижелері негізінде өңірлік даму картасы жасақталатын болады. Бұл картадан әлеуетті тауашалармен қатар өңірдің қажеттілігін, қандай жобаларды жүзеге асыру қажеттігін көруге болады.
Республикалық бюджет есебінен қандай жобаларды құрып қолдау қажет екенін, коммерциялық банктер арқылы қай жобаларды қарауды, өңірлік ресурстар арқылы қандай жобаларды қарастыру қажет екенін көре аламыз. Сонымен қатар, Скринингтің көмегімен жұмыссыздар мен өзін өзі жұмыспен қамтығандардың нақты санын шығарып, жалпы еңбек әлеуетін бағалауға болады. Сауалнама әр қалада, ауылда, елді-мекенде үйлерге бару арқылы немесе қоңырау шалу арқылы жүргізілетін болады. Сауалнама жүргізу тұрғындардың қажеттілігін анықтайды. Сауалнама 27 негізгі сұрақтардан тұрады.
Соңында скрининг келесі нәтижелерді береді:
- бизнеске жаңа тауашалар;
- бизнес нысандарының геолокациясы (қайда не ашуға болады?);
- импорт алмастырудың нақты бағыттары және т.б.
Осыған байланысты облыс тұрғындарын және кәсіпкерлерді аталған бастамаға түсіністікпен және қолдаумен қарап, қазіргі нақты жағдайды анықтау үшін сауалнамаларды толтыруға ықпал етуді сұраймыз.
Скрининг жөніндегі барлық сұрақтар бойынша Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасына хабарласуға болады (Ақтау қаласы, 35 шағын аудан). Анықтама телефоны: 8 (7292) 305-950, 305951.