Жалпы көрсеткіштер.
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында ішкі тауар айналымы - 977,6 млрд. теңгені құрады (2022 жылы – 685,3 млрд. теңге). Оның ішінде көтерме сауда - 556 млрд. теңге (салыстырмалы кезеңмен 136,2% өсіп тұр) және бөлшек сауда - 421,6 млрд. теңге (салыстырмалы кезеңмен 117,7% өсіп тұр) құрады.
2023 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығындағы «Ішкі сауда» саласында нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім көрсетіп - 127,7% құрады (2023 жылға - 980,9 млрд. теңге; 2022 жылы - 687,4 млрд. теңге 123,1%)
Сауда айналымдарын жіктейтін болсақ,
Бөлшек сауданың жалпы көлемінде азық – түлік тауарларының үлесі - 36,1%, азық-түлік емес тауарлардың үлесі - 63,9% құрайды. Бөлшек сауданың ішінде азық-түлік тауарларын өткізу көлемі 2022 сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім көрсетіп - 106,1%-ды, азық-түлік емес тауарларды өткізу көлемі - 125,1% - ды құрады.
Көтерме сауданың жалпы көлемінде азық – түлік тауарларының үлесі - 30,3%, азық-түлік емес тауарлардың үлесі - 69,7% құрайды. Азық-түлік тауарларын өткізу көлемі 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда азық – түлік тауарлары өткізу көлемі өсім көрсетіп - 117,5% -ды ал, азық-түлік емес тауарларды өткізу көлемі - 145,5% - ды құрады.
«Көтерме және бөлшек сауда» Экономикалық қызмет түрі бойынша жұмыспен қамтылғандар саны 2023 жылдың 3 тоқсанында - 33,3 мың адамды құрады салыстырмалы кезеңмен - 3,7 % өсті (2022 ж. -32,1 мың адам).
Маңғыстау облысында 4 – гипермаркет; 101- супермаркет - оның ішінде - 50 сауда объектісі бар 5 сауда желісі бар («Дина»-9, «Анвар»-3, «Дана»-19, «Алтын фуд»-13, «Лидер»-6); және 278 - минимаркет; 1752-үй жанындағы дүкендер және 39 – базар бар.
Облыс бойынша - 39 сауда базар ресми тіркелген оның ішінде
32 сауда базары тұрақты жұмыс жасап тұр (оның ішінде қалада – 26, ауданда – 13). Базарлардың ішінде мамандандырылғаны – 15 (авто, құрылыс, азық - түлік, киім – кешек, мал және т.б.), әмбебап – 24; Олардың ішінде көтерме – 2, бөлшек – 37; және 1- коммуналдық базар бар.
Аталған 39 базарда 6 437 сауда орын және 386 мың шаршы метр құрайды.
2023 жылы сауда базарларын цифрландыру мақсатында «Smart QR» жүйесі іске қосылды. Аталған бағдарламада объекті бойынша толық ақпарат қамтылатын болады. Мысалы бос орындар, объектінің схемасы, өрт қауіпсіздігі бойынша ақпараттар, келісім-шарт жасақтау т.б.
Жұмыс істеп тұрған -32 сауда базарының 15 сауда базары «Smart QR» жүйесіне тіркелген. Пилоттық жүйеде Республика бойынша Мұнайлы ауданында орналасқан коммуналдық «Орталық базары» жалға алушымен онлайн келісім-шарт жасалды.
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанға сауда саласындағы негізгі капиталға инвестициялар - 10,2 млрд. теңгені құрады салыстырмалы кезеңге 125,9% (2022 жылғы қаңтар - желтоқсанға - 8,1 млрд. теңге).
Инвестиция көлемінің негізгі өсімі сауда саласында жыл басынан бері - 80 жуық кәсіпкерлік нысан ашылып (супермаркет, сауда үйі, кафе, әр түрлі бағыттағы дүкендер), 616 жаңа жұмыс орны құрылды.
Атап айтқанда,
Ақтау қаласында 30 сауда орын бар «Hazar» азық-түлік сауда базары;
Ақтау қаласы 11 ш/а және 14 ш/а «Алтын фуд» сауда желісінің екі сауда орны;
Ақтау қаласы, 30 ш/а № 1 супермаркеті;
Ақтау қаласы, 27 ш/а және Жаңаөзен қаласында «Дина» супермаркеті;
Ақтау қаласы, 27 ш/а Анвар супермаркеті;
Мұнайлы ауданында сауда үйі,
Ақтау қаласында «Eurasia Motor Aktau» автокөлік сатылатын және т.б. дүкендері ашылды.
Сауда саласын одан әрі дамыту мақсатында 2024-2025 жылдары іске қосу жоспарланған ірі инвестициялық жобалар келесідей:
|
№ |
Мекеме атауы |
Жоба атауы |
Жоба құны |
Ашылу мерзімі |
|
1 |
Сауда орталығының құрылысы |
«Сибиряк» ЖШС |
1,3 млрд. |
2024 жыл |
|
2 |
Сауда-ойын-сауық орталығының құрылысы |
«Aktau Mall» ЖШС |
13 млрд. теңге |
2024 жыл |
|
3 |
Ақтау қаласында көтерме-тарату орталығының құрылысы" |
«ОРЦ Актау» ЖШС |
3,5 млрд. теңге |
2024 жыл |
|
4 |
«ANRIAR» гипермаркетінің құрылысы |
ЖК «Утегенов А.Б.» |
1,6 млрд. теңге |
2025 жыл |
|
5 |
"Хазар" сауда-ойын-сауық орталығының құрылысы |
ЖК «Жумагулов» |
3,5 млрд. теңге |
2025 жыл |
|
6 |
Сауда орталығының құрылысы |
«Мағаш» өндірістік фирмасы» ЖШС |
650 млн. теңге |
2025 жыл |
|
7 |
Сауда орталығының құрылысы |
«Нурстройсервис К» ЖШС |
1,5 млрд. теңге |
2025 жыл |
|
Барлығы |
25,05 млрд. теңге |
|||
Келесі мәселе, халықтың ең бірінші кезекте талап ететін басты сұрақтарының бірі ол азық-түлік соның ішінде ӘМАТ бағасын тұрақтандыру. Осы орайда, бұл бағытта келесідей жұмыстар атқарылуда.
Жалпы облысымыздың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы - 1,5 млрд. теңге қаражат бөлінген.
Бөлінген қаражат тұрақтандыру қорын және
«айналым механизмі» тетігі аясында ӘМАТ тауарларымен қалыптастыруға жұмсалуда.
2023 жылдың қорытындысы бойынша ӘМАТ тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөнінде 6 комиссия отырысы өткізіліп, 11 өтініш қаралды. Нәтижесінде 8 кәсіпкерлік субъектісіне - 1 млрд. теңге көлемінде қаражат беру мақұлданды.
Нәтижесінде, мамандандырылған ұйыммен 8 кәсіпкерлік субъектісіне - 5,8 мың тоннаны құрайтын, 11 тауарды белгіленген бағада сатуға - 1 млрд. теңге берілді.
Анықтама: картоп-3255, сәбіз-880, пияз-687, қырыққабат-248, қарақұмық жармасы – 54, рожки-202,күнбағыс майы-72, ұн-136, күріш-153, тұз-85 тонна, тауық жұмыртқасы – 604 мың дана.
Аталған кәсіпкерлер тауарларын Ақтау қаласындағы ірі сауда орындарында Дана, Алтын фуд, Дина, Анвар, Лидер, Асар-С, Жаңаөзен қаласында Сак базары, Нұр-Айса супермаркеті, Камшат және Күміс дүкендері; Бейнеу ауданында Сәлем дүкенінде сатуда.
Сонымен қатар, облыс бойынша 283 сауда объектілерімен ӘМАТ тауарларына қосылатын үстеме ақысын 15%-дан - 10%-ға төмендету туралы меморандум жасақталды.
Апта сайынғы негізде әр аудан және қала орталықтарында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мен көтерме жеткізушілерінің – 366 жәрмеңкелері өткізілді.
Барлық елді мекендердегі 53 мониторингтік «Халық бақылауы» тобы соңғы бір аптада облыстағы 1 752 «үй жанындағы» азық-түлік дүкендер иелеріне ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес ӘМАТ 15% - дан астам үстеме ақыға жол бермеу туралы түсіндірме жұмыстары апта сайынғы негізде жүргізілуде.
Облыс бойынша Әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларының бағасына қатысты арыз – шағымдарды қабылдау бойынша байланыс нөмірлері әлеуметтік желілерге жарияланды (облыстық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық басқармалары, сауда департаменті, қала және аудан әкімдіктері).
Сонымен қатар, жергілікті өндірушілердің өндіріс тауарларын ілгерілетуге жәрдемдесу бойынша 2023 жылғы қараша айында облыстық әкімдік, жергілікті азық-түлік тауарларын өндірушілер және сауда желілері арасындағы үш жақты ынтымақтастық меморандум жасалды.
Осылайша, меморандум аясында жергілікті тауар өндірушілерге келесідей қолдаулар көрсетіледі: сауда объектілеріндегі сөрелерде жергілікті тауарларды көрінетін және физикалық қолжетімді орындарға орналастыруға және сауда алаңдарын барынша ұсынуды, бес пайыздан аспайтын сыйақы мөлшерлемесін белгілеуге, жеткізілген өнім үшін төлемді 14 тәуліктен асырмай төлеуге, сауда желісіне енгізген өнімнің жаңа түрі үшін ақы алмауға, акциялар (жеңілдіктер) өткізуге міндеттемеу қамтылған.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеу тізбегінің делдалдық схемаларын тергеу жөніндегі өңірлік комиссия жыл басынан бері 88 отырыс өткізілді, отырыс қорытындысы бойынша заңнаманы бұзудың 44 фактісі анықталды. Оның ішінде 38 кәсіпкерлік субъектіге әкімшілік ескерту хаттамасы, 6 кәсіпкерлік субъектіге 450 225 теңгеге айыппұл салынды.
Анықтама: 2-рет «Altyn Dan Trade» ЖШС картоп, сұйық май, қарақұмық жармасы, жұмыртқа – 388 125тг, «Ақтау Өнім» ЖШС күріш – 17 250 тг, «Жеті-Түс» ЖШС сәбіз, қырыққабат - 17 250 тг, ЖК Сандибаев екі түрлі баға – 10 350 тг және ЖК Ершеева қырыққабат – 17 250 тг. айыппұл салынды.
Қабылдаған шаралар нәтижесінде, ӘМАТ баға индексінің өңірлер бойынша бөліндісіне келер болсақ.
Маңғыстау облысы жыл басынан бері баға индексің қымбатшылығы бойынша өңірлер арасында 18 орын, яғни 2023 жылдың қорытындысы бойынша ӘМАТ баға индексі -102,3% құрады, республикалық орташа көрсеткіштен 1,1% - ға төмен (ҚР -103,4%). (2022 жылы - 124,8%, ҚР – 122,7%).
Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау бағыты бойынша 2023 жылы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік грантына - 4,5 млн. теңге бөлініп, өңірде заңнамалар аясында - тұтынушылардың құқықтары; өрт қауіпсіздігі; тамақ қауіпсіздігі; ӘМАТ бағаларының үстемеақысы; монополия заңдары; бақылау-касса машиналарын қолдану бойынша мәселелері көтерді.
Аталған жұмысты одан әрі күшейту мақсатында 2024 жылға «Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау» тақырыбында қосымша жергілікті бюджеттен 10,0 млн теңге бөлінді.