Ақтау қ. 6 ақпан 2026 жылы
ZOOM платформасы
Төрағалық еткен: Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары: Т. Жеткізгенұлы
Төраға орынбасары: Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы П. Сансызбаев
Қатысқандар: Ақтау қаласы әкімінің м.а. Б.Б. Жусупов, Жаңаөзен қаласының әкімі Ж.И.Қайнарбаев, Бейнеу ауданының әкімі Р.Ы.Шалбаев, Түпқараған ауданының әкімі Е.К.Күмісқалиев, Маңғыстау ауданының әкімі Ғ.М.Ниязов, Қарақия ауданының әкімі С.Қ.Төретаев, Мұнайлы ауданы әкімі Қ.Ж. Құлжанов, Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Т.Ережепов, Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының Жаңаөзен қалалық филиалының директоры З.Б.Қылышбек, «Маңғыстау – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.Үсіпбаев, Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Ү.Имашов
Хатшы: Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының сауда және мониторинг бөлімінің бас маманы Ж. Әзімбаев
(Комиссия отырысы аудио-видео бақылау арқылы жүргізілді)
Күн тәртібі:
1.2. Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы және қала, аудан әкімдіктерінің ақпараттары назарға алынсын.
Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерін қалыптастыру жөнінде комиссия төмендегідей шешім қабылдады.
ҚР Энергетика министрлігінің 03.02.2026 жылғы №13-1-13/2475-И хатын негізге ала отырып, Ақтау қаласы (05.02.2026 жылғы №01-19/88), Жаңаөзен қаласы (04.02.2026 жылғы № 01-15/488), Мұнайлы ауданы (05.02.2026 жылғы № 01-21-163), Бейнеу ауданы (04.02.2026 жылғы № 01-08-52), Қарақия ауданы (04.02.2026 жылғы № 01-19/287), Түпқараған ауданы (06.02.2026 жылғы №01-18-166), Маңғыстау ауданы (04.02.2026 жылғы № 01-26-109) әкімдіктерінің өзгерістері енгізіліп 2026 жылғы І тоқсанға арналған жиынтық тізбесіне №1,2 қосымшаларда көрсетілген кәсіпкерлер арасында сұйытылған мұнай газы бөлінсін.
1.3. 2026 жылғы І тоқсанына арналған сұйытылған мұнай газын беру туралы облыс бойынша жиынтық тізбесі қайта жасақталсын, сондай-ақ, ҚР Энергетика министрлігіне, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС-не және «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-не жолдансын.
2.1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы «Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын бекіту туралы» № 358 бұйрығының 30-тармағына сәйкес автомобиль көлігімен әкету кезінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік үшін өнім беру жоспарына қосымша бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемін бөлу – сұйытылған мұнай газының қосымша көлеміне берген өтінімге сәйкес жүзеге асыратыны назарға алынсын.
2.2. Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы және қала, аудан әкімдіктерінің ақпараттары назарға алынсын:
Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерін қалыптастыру жөнінде комиссия төмендегідей шешім қабылдады.
ҚР Энергетика министрлігінің 02.02.2026 жылғы № 13-1-13/786-И хатын негізге ала отырып, Ақтау қаласы (05.02.2026 жылғы №01-19/88), Жаңаөзен қаласы (04.02.2026 жылғы № 01-15/488), Мұнайлы ауданы (05.02.2026 жылғы № 01-21-163), Бейнеу ауданы (04.02.2026 жылғы № 01-08-52), Қарақия ауданы (04.02.2026 жылғы № 01-19/287), Түпқараған ауданы (06.02.2026 жылғы №01-18-166), Маңғыстау ауданы (04.02.2026 жылғы № 01-26-109) әкімдіктерінің ұсынған жиынтық тізбесіне сәйкес «ҚазГӨЗ» ЖШС-нен қосымша бөлінген 2 500 тонна сұйытылған мұнай газы көлемі №3 қосымшада көрсетілген кәсіпкерлер бөлінісінде сұйытылған мұнай газы бөлінсін.
2.3. 2026 жылдың ақпан айына арналған қосымша сұйытылған мұнай газын беру туралы облыс бойынша жиынтық тізбесі жасақталып, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС және ҚР Энергетика министрлігіне жолдансын.
2.4. Қала және аудан әкімдіктеріне:
Осы хаттамамен қабылданған сұйытылған мұнай газы көлемдерінің бөлінісі қала және аудан аумақтарында іске асыратын кәсіпкерлік субъектілердің назарына жеткізілсін.
2.5. Сұйытылған мұнай газының бөлінген көлемі тиісті қала және аудандардың аумақтарында пайдалануына қатаң бақылау жүргізілсін және күнделікті есепті облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына ұсынылсын.
2.6. Осы хаттаманың орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
| Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасы | Т. Жеткізгенұлы | |
| Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысы, Комиссия төрағасының орынбасары | П. Сансызбаев | |
| Комиссия хатшысы | Ж. Әзімбаев |
КЕЛІСІЛДІ:
| Ақтау қаласының әкімінің м.а. | Б.Б Жусупов | |
| Жаңаөзен қаласының әкімі | Ж.И.Қайнарбаев | |
| Мұнайлы ауданының әкімі | Қ.Ж. Құлжанов | |
| Түпқараған ауданының әкімі | Е.К. Күмісқалиев | |
| Маңғыстау ауданының әкімі | Ғ.М. Ниязов | |
| Қарақия ауданының әкімі | С. Қ. Төретаев | |
| Бейнеу ауданының әкімі | Р.С. Шалбаев | |
| Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының Жаңаөзен қалалық филиалының директоры | З.Б. Қылышбек | |
| "Маңғыстау адалдық алаңы" жобалық кеңесінің жетекшісі | Д.М. Үсіпбаев | |
| Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының Қазандық, газ шаруашылықтары және көтергіш құрылыстары объектілерін мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы | Т.К. Ережепов | |
| Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі | Ү.Имашев |