Ақтау қ. 21 қаңтар 2025 ж.
ZOOM платформасы
Төрағалық еткен: Комиссия төрағасының орынбасары Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы П. Сансызбаев. Комиссия төрағасы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Т. Жеткізгенұлы кезекті еңбек демалысында
Қатысқандар: Ақтау қаласының әкімі Ә.Ж.Байпақов, Жаңаөзен қаласының әкімі Ж.И.Қайнарбаев, Бейнеу ауданының әкімі Р.Ы.Шалбаев, Түпқараған ауданының әкімі Е.К.Күмісқалиев, Маңғыстау ауданының әкімі Ғ.М.Ниязов, Қарақия ауданының әкімі С.Қ.Төретаев, Мұнайлы ауданы әкімінің м.а. А.Қ.Нұрмұхан, Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Т.Ережепов, Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының Жаңаөзен қалалық филиалының директоры З.Б.Қылышбек, «Маңғыстау – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.Үсіпбаев, Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Ү.Имашов
Хатшы: Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының сауда және мониторинг бөлімінің басшысы А. Назарбаев
(Комиссия отырысы аудио-видео бақылау арқылы жүргізілді)
Күн тәртібі:
1. ҚР Энергетика министрлігінің 09.01.2026 жылғы № 13-1-13/155-И және01.2026 жылғы № 13-1-13/353-И хаттарына сәйкес 2026 жылдың қаңтар айына арналған қосымша СМГ көлеміне жиынтық өтінімдерін қалыптастыру
1.1 Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы «Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын бекіту туралы» № 358 бұйрығының 30-тармағына сәйкес автомобиль көлігімен әкету кезінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік үшін өнім беру жоспарына қосымша бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемін бөлу – сұйытылған мұнай газының қосымша көлеміне берген өтінімге сәйкес жүзеге асыратыны назарға алынсын.
1.2 Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы және қала, аудан әкімдіктерінің ақпараттары назарға алынсын:
Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерін қалыптастыру жөнінде комиссия төмендегідей шешім қабылдады.
ҚР Энергетика министрлігінің 09.01.2026 жылғы № 13-1-13/160-И, 16.01.2026 жылғы № 13-1-13/353-И хаттарын негізге ала отырып, Ақтау қаласы (20.01.2026 жылғы №01-19/40), Жаңаөзен қаласы (19.01.2026 жылғы № 01-15/411), Мұнайлы ауданы (20.01.2026 жылғы № 01-21/215), Бейнеу ауданы (19.01.2026 жылғы № 01-08/172), Қарақия ауданы (19.01.2026 жылғы № 01-19-80), Түпқараған ауданы (19.01.2026 жылғы №01-18/168), Маңғыстау ауданы (21.01.2026 жылғы № 01-26-60) әкімдіктерінің ұсынған жиынтық тізбесіне сәйкес «ҚазГӨЗ» ЖШС-нен қосымша бөлінген 2 000 тонна сұйытылған мұнай газы көлемі №1 қосымшада көрсетілген кәсіпкерлер бөлінісінде сұйытылған мұнай газы бөлінсін.
1.3 2026 жылдың қаңтар айына арналған қосымша сұйытылған мұнай газын беру туралы облыс бойынша жиынтық тізбесі жасақталсын, сондай-ақ, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС және ҚР Энергетика министрлігіне жолдансын.
2. Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссияның 22.12.2025 жылғы №04-09/49 хаттамасы қосымшасына өзгеріс енгізу
2.1 Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы «Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын бекіту туралы» № 358 бұйрығының 27-тармағына сәйкес өнім беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын сатып алуға қатысу объективті түрде мүмкін болмаған кезде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қалған тұлғаларының пайдасына сұйытылған мұнай газын пропорционалды қайта бөлу жүргізіледі.
2.2 Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы және Ақтау қаласы, Маңғыстау ауданы, Мұнайлы ауданы әкімдіктерінің ақпараттары назарға алынсын:
Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерін қалыптастыру жөнінде комиссия төмендегідей шешім қабылдады.
ҚР Энергетика министрлігінің 28.11.2025 жылғы №13-1-13/8074-И хатын негізге ала отырып, Ақтау қаласы (20.01.2026 жылғы №01-19/40), Маңғыстау ауданы (21.01.2026 жылғы № 01-26-60), Мұнайлы ауданы (20.01.2026 жылғы №01-21/215) әкімдіктерінің енгізген өзгерістері 2026 жылғы І тоқсанға арналған жиынтық тізбесіне №2,3,4 қосымшаларда көрсетілген кәсіпкерлер арасында сұйытылған мұнай газы бөлінсін.
2.3 2026 жылғы І тоқсанына арналған сұйытылған мұнай газын беру туралы облыс бойынша жиынтық тізбесі қайта жасақталсын, сондай-ақ, ҚР Энергетика министрлігіне, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС-не және «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-не жолдансын.
2.4 Қала және аудан әкімдіктеріне:
Осы хаттамамен қабылданған сұйытылған мұнай газы көлемдерінің бөлінісі қала және аудан аумақтарында іске асыратын кәсіпкерлік субъектілердің назарына жеткізілсін.
2.5 Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 169 «Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 324 «Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссия құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес комиссия мүшелерінің құрамында мүше болуына орай облыстық комиссия отырыстарына жеке өздері қатыссын.
2.6 Алдағы уақытта тоқсан сайынғы өтетін облыстық комиссия отырыстарында, әр қала және аудандардың тізіліміне жаңадан қосылатын газ құю бекеттерінің құжаттары толық болуын қатаң сақталуы, құрылыс жұмысы аяқталмаған немесе құжаттары толық емес газ құю бекеттеріне толықтыру мерзіміне уақыт берілмесін.
2.7. Комиссия мүшесінің көтерген мәселесіне сәйкес фискалдық чек беруді және төлемнің кейбір түрлерін қабылдамау бойынша комиссия мүшелері, қоғам белсенділері және Маңғыстау облысы мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, қала, аудан бойынша мониторинг жүргізіп, кәсіпкерлермен түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.
2.7 Сұйытылған мұнай газының бөлінген көлемі тиісті қала және аудандардың аумақтарында пайдалануына қатаң бақылау жүргізілсін және күнделікті есепті облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына ұсынылсын.
2.8 Осы хаттаманың орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
| Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы, Комиссия төрағасының орынбасары |
П. Сансызбаев |
|
| Комиссия хатшысы | А. Назарбаев |
КЕЛІСІЛДІ:
|
|||||||||||||||||||||||