Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссияның ХАТТАМАСЫ

Ақтау қ.                                                                                     22 желтоқсан 2025 ж.

Маңғыстау облысы әкімдігі, әйнек зал

 

Төрағалық еткен: Комиссия төрағасының орынбасары Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы-П. Сансызбаев

Қатысқандар:, Ақтау қаласының әкімінің м.а. Б.Б. Жусупов, Жаңаөзен қаласының әкімі Ж.Қайнарбаев, Бейнеу ауданының әкімі Р.Ы.Шалбаев, Түпқараған ауданының әкімі Е.К.Күмісқалиев, Маңғыстау ауданының әкімі Ғ.М.Ниязов, Қарақия ауданының әкімі С.Қ.Төретаев, Мұнайлы ауданының әкімі Қ.Ж.Құлжанов, Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Т.Ережепов, Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Ү. Имашов

Қатыспағандар: Комиссия төрағасы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Т. Жеткізгенұлы кезекті еңбек демалысында, «Маңғыстау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.Үсіпбаев, Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының Жаңаөзен қалалық филиалының директоры З.Б.Қылышбек

Хатшы: Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы сауда және мониторинг бөлімінің басшысы А. Назарбаев

Қатысқандар: тізім бойынша

(Комиссия отырысы аудио-видео бақылау арқылы жүргізілді)

Күн тәртібі:

1.ҚР Энергетика министрлігінің 28.11.2025 жылғы №13-1-13/8074-И хатына сәйкес, 2026 жылдың бірінші тоқсанына арналған сұйытылған мұнай газ көлеміне жиынтық өтінімдерін қалыптастыру.         

Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы және қала/аудан әкімдіктерінің ақпараты назарға алынсын.

Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссия төмендегідей шешім қабылдады:

Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына:

1.1 ҚР Энергетика министрлігінің 28.11.2025 жылғы 13-1-13/8074-И хатын негізге ала отырып, Ақтау қаласы (12.12.2025 жылғы №01-19-540), Жаңаөзен қаласы (10.12.2025 жылғы №01-15/2339), Бейнеу ауданы(19.12.2025 жылғы №01-08-250) Мұнайлы ауданы (19.12.2025 жылғы №01-19-1721), Маңғыстау ауданы (11.12.2025 жылғы №01-26-1227), Қарақия ауданы (09.12.2025 жылғы №01-19/2475), Түпқараған ауданы (19.12.2025 жылғы №01-18-1241) әкімдіктерінің ұсынған жиынтық өтінімдеріне сәйкес №1,2,3-қосымшаларда көрсетілген кәсіпкерлер бөлінісінде сұйытылған мұнай газы бөлінсін.

1.2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы «Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын бекіту туралы» № 358-бұйрығының 3-тарау, 45-тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органға 150 (бір жүз елуден) астам өтінім берілген жағдайда, ол сұйытылған мұнай газын бөлуді мұндай жергілікті атқарушы орган бекіткен Тетікке сәйкес жүзеге асыратыны назарға алынсын.

1.3..2026 жылдың бірінші тоқсанына (қаңтар, ақпан, наурыз) арналған сұйытылған мұнай газын беру туралы облыс бойынша жиынтық өтінімі жасақталсын және ҚР Энергетика министрлігіне, «Қазақ Газ Өңдеу Зауыты» ЖШС, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-не жолдансын. Осы хаттаманың №1,2,3-қосымшаларында көрсетілген кәсіпкерлер бөлінісі жолдансын.

1.4..Осы хаттаманың көшірмесі қала, аудандар әкімдіктеріне жолдансын.

«ҚазГӨЗ» ЖШС және «АМӨЗ» ЖШС зауыттары, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына, қала/аудан әкімдіктеріне:

1.5. «ҚазГӨЗ» ЖШС-нен және «АМӨЗ» ЖШС-нен 2026 жылдың бірінші тоқсанына бөлінген СМГ көлеміне келісім-шарт жасақталып,  тиеп-жөнелту жұмыстары ұйымдастырылсын.

Жаңадан қосылған автогаз құю бекеттері (бұдан әрі – АГҚБ)
СМГ көлеміне келісім-шарт жасақтау және СМГ жөнелту жұмыстарын
10 қаңтардан кейін қоюды үйлестіру.

Қала және аудан әкімдіктеріне:

1.6. «Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай-газын бөлу қағидасына сәйкес» жоспарланған тоқсанның басталуына дейін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті жергілікті атқарушы орган растайтын құжаттарының көшірмелерін қоса ҚР Энергетика министрлігіне жолданады.

- Қала, аудан әкімдіктері жоспарланған тоқсанның басталуына дейінгі айдың 10 (онына) дейінгі мерзімде өнім беру жоспарының хаттамасын, тиісті растайтын құжаттарымен бірге облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына жолдансын.

- Құрылыс жұмыстары аяқталып, жаңадан іске қосылатын автогаз құю бекеттерінің құжаттары толықтығы қаралып, автогаз құю бекеттерінің құрылыс нормаларының сақталғаны бойынша қала, аудандық комиссияның қатаң бақылауымен қаралсын. Құжаттары толық рәсімделмей немесе құрылыс жұмыстары толық аяқталмай өнім беру жоспарына қосылған автогаз құю бекеттері анықталған жағдайда, жауапты қала, аудан әкімінің жауапкершілігі қаралсын.

1.7. Қолданыстағы ережелерде мемлекеттік сараптамадан өткізілген АГҚБ жобасымен нақты АГҚБ құрылысын салыстыру мүмкіндігі жоқ болуына байланысты жаңадан іске қосылған 32 АГҚБ Облыстық мемлекеттік саулет-құрылыс бақылауы басқармасымен бірлесіп, іске қосылған АГҚБ құрылысы мен олардың мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобаларымен (бекітілген эскиздік және жұмыс жобалары) сәйкестігін ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін анықтау.

1.8. Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда ҚР Энергетика министрлігінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 358 бұйрығына сәйкес қала/аудан комиссияларымен қайта қаралсын.

1.9. Жоғарыда аталған тапсырмалардың орындалысын ағымдағы жылдың 31 желтоқсан күні облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына ұсынылсын.

1.10. Ақтау қаласы, Түпқараған, Маңғыстау аудандарында жұмыс жасап тұрған, алайда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тізіліміне енгізілмеген АГҚБ иелері бойынша атқарылған жұмыстар ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін орындалсын.

1.11. Осы хаттамамен қабылданған сұйытылған мұнай газы көлемдерінің бөлінісі қала және аудан аумақтарында іске асыратын кәсіпкерлік субъектілердің назарына жеткізілсін.

1.12. Сұйытылған мұнай газының бөлінген көлемі тиісті қала және аудандардың аумақтарында пайдалануына қатаң бақылау жүргізілсін және күнделікті есепті облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына ұсынылсын.

1.13. Хаттамада аталған тапсырмалардың алдағы уақытта тұрақты түрде қолданылуы қамтамасыз етілсін.

1.14. Осы хаттаманың орындалысын бақылауды облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына жүктеледі.

Маңғыстау облысы

кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы, Комиссия төрағасының орынбасары

 

 

 

П.Б. Сансызбаев

Комиссия хатшысы

 

А.Х. Назарбаев

КЕЛІСІЛДІ:

 

 

Ақтау қаласының әкімінің м.а.       

 

Б.Б. Жусупов

Жаңаөзен қаласының әкімі                       

 

Ж.И. Қайнарбаев

Мұнайлы ауданының әкімі                     

 

Қ.Ж. Құлжанов

Түпқараған ауданының әкімі

 

Е.К. Күмісқалиев

Маңғыстау ауданының әкімі                                        

 

Ғ.М. Ниязов

Қарақия ауданының әкімі

 

С.Қ. Төретаев

Бейнеу ауданының әкімі                                    

 

Р.С. Шалбаев

Маңғыстау облысы

кәсіпкерлер палатасының

Жаңаөзен қалалық

Филиалының директоры

 

 

 

 

З.Б. Қылышбек

«Маңғыстау-Адалдық алаңы»

жобалық кеңсесінің жетекшісі

 

 

Д.М. Үсіпбаев

«Қазақстан Республикасы Төтенше

жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік

қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау

облысы бойынша департаменті»

 

 

 

 

Т. Ережепов

Маңғыстау облыстық қоғамдық

Кеңесінің төрағасы

 

 

Ү. Имаш

 

Дата публикации
24 декабря 2025