Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын

беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру

жөнінде комиссия отырысының

ХАТТАМАСЫ

 

Ақтау қ.                                                                                      15 желтоқсан 2025 ж.

Маңғыстау облысының әкімдігі,

Төрағалық еткен: Комиссия төрағасы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Т. Жеткізгенұлы

Қатысқандар: Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы П. Сансызбаев, Ақтау қаласы әкімі Ә.Ж.Байпақов, Жаңаөзен қаласы әкімі Ж.И. Қайнарбаев, Бейнеу ауданы әкімі Р.Ы.Шалбаев, Түпқараған ауданы әкімі Е.К.Күмісқалиев, Маңғыстау ауданы әкімі Ғ.М.Ниязов, Қарақия ауданы әкімі С.Қ.Төретаев, Мұнайлы ауданы әкімі Қ.Ж.Құлжанов, Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Т.Ережепов, Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының Жаңаөзен қалалық филиалының директоры З.Б.Қылышбек, «Маңғыстау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.Үсіпбаев, Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Ү. Имашов

Хатшы: Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының сауда және мониторинг бөлімінің басшысы А. Назарбаев

(Комиссия отырысы аудио-видео бақылау арқылы жүргізілді)                               

                                               Күн тәртібі:

1. ҚР Энергетика министрлігінің 10.12.2025 жылғы №13-1-13/8402-И хатына сәйкес 2025 жылдың желтоқсан айына арналған қосымша СМГ көлеміне жиынтық өтінімдерін қалыптастыру.

1.1 Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы «Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын бекіту туралы» № 358 бұйрығының 30-тармағына сәйкес автомобиль көлігімен әкету кезінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік үшін өнім беру жоспарына қосымша бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемін бөлу – сұйытылған мұнай газының қосымша көлеміне берген өтінімге сәйкес жүзеге асыратыны назарға алынсын.

1.2 Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы және қала, аудан ақпараттары назарға алынсын:

Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерін қалыптастыру жөнінде комиссия төмендегідей шешім қабылдады.

 - ҚР Энергетика министрлігінің 10.12.2025 жылғы №13-1-13/8402-И хатын негізге ала отырып,  Ақтау қаласы (12.12.2025 жылғы №01-19-540), Жаңаөзен қаласы (12.12.2025 жылғы № 01-15/3497) Мұнайлы ауданы (12.12.2025 жылғы № 01-19/3045), Бейнеу ауданы (15.12.2025 жылғы № 01-08-2323), Қарақия ауданы (12.12.2025 жылғы № 01-19-996), Түпқараған ауданы (12.12.2025 жылғы №01-18-1220), Маңғыстау ауданы (12.12.2025 жылғы № 01-26-1231) әкімдіктерінің ұсынған жиынтық тізбесіне сәйкес «АМӨЗ» ЖШС-нен қосымша бөлінген  500 тонна сұйытылған мұнай газы көлемі №1 қосымшада көрсетілген кәсіпкерлер бөлінісінде сұйытылған мұнай газы бөлінсін.

1.3  2025 жылдың желтоқсан айына арналған қосымша  сұйытылған мұнай газын беру туралы облыс бойынша жиынтық тізбесі жасақталсын, сондай-ақ, «АтырауМұнайӨңдеуЗауыты» ЖШС-не және ҚР Энергетика министрлігіне жолдансын.

1.4  Қала және аудан әкімдіктеріне:

Осы хаттамамен қабылданған сұйытылған мұнай газы көлемдерінің бөлінісі қала және аудан аумақтарында іске асыратын кәсіпкерлік субъектілердің назарына жеткізілсін.

1.5 Сұйытылған мұнай газының бөлінген көлемі тиісті қала және аудандардың аумақтарында пайдалануына қатаң бақылау жүргізілсін және күнделікті есепті облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына ұсынылсын.

1.6 Осы хаттаманың орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасы

 

 

 

Т. Жеткізгенұлы

 

Маңғыстау облысы

кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы, Комиссия төрағасының орынбасары

 

 

 

 

П.Б. Сансызбаев

 

Комиссия хатшысы

 

А.Х. Назарбаев

 

КЕЛІСІЛДІ:

 

 

 

Ақтау қаласының әкімінің м.а.       

 

Б.Б. Жусупов

 

Жаңаөзен қаласының әкімі                       

 

Ж.И. Қайнарбаев

 

Мұнайлы ауданының әкімі                     

 

Қ.Ж. Құлжанов

 

Түпқараған ауданының әкімі

 

Е.К. Күмісқалиев

 

Маңғыстау ауданының әкімі                                        

 

Ғ.М. Ниязов

 

Қарақия ауданының әкімі

 

С.Қ. Төретаев

 

Бейнеу ауданының әкімі                                    

 

Р.С. Шалбаев

 

Маңғыстау облысы

кәсіпкерлер палатасының

Жаңаөзен қалалық

Филиалының директоры

 

 

 

 

З.Б. Қылышбек

 

«Маңғыстау-Адалдық алаңы»

жобалық кеңсесінің жетекшісі

 

 

Д.М. Үсіпбаев

 

«Қазақстан Республикасы Төтенше

жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік

қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау

облысы бойынша департаменті»

 

 

 

 

Т. Ережепов

 

Маңғыстау облыстық қоғамдық

Кеңесінің төрағасы

 

 

Ү. Имаш

Дата публикации
24 декабря 2025