«Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 01-14/51 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне, «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығына, Маңғыстау облыстық мәслихатының 2025 жылғы 4 тамыздағы № 21/250 «Маңғыстау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 17/177 «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешіміне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының
2025-2027 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы»
2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 01-14/51 бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:

001 «Кәсіпкерлік пен сауданы дамыту саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы осы бұйрықтың  1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

004 «Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау» бюджеттік бағдарламасы осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

006 «Кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы осы бұйрықтың 3 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2. 008- «Кәсіпкерлік қызметті қолдау» және 015 - «Мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ- ға кредит беру» бюджеттік бағдарламалардың осы бұйрықтың 6,7 қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.

3. Кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бөлімінің басшысы А. Габбасова берілген бұйрықты басқарманың интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын басқарма басшысының орынбасары Е. Базарға жүктеймін.

Басқарма басшысы                                                                 П.Сансызбаев                   

 

 

Дата публикации
13 октября 2025