|
Сыбайлас жемқорлық картограммасының бөлімі |
Бөлімді өзектендіру жөнінде ақпарат |
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдар |
Кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бөлімінің бас маманы |
| Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесі |
1. Ішкі талдау жүргізу барысында мүдделер қақтығысы бойынша келесі тәуекелдері анықталды: Атап айтқанда: Арнаулы комиссия Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 213 қаулысымен (Маңғыстау облысының әлеуетті әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін қарап, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша) құрылды. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық комиссия Маңғыстау облысы әкімінің 2024 жылғы 31 қазандағы № 115-ө өкімімен құрылды. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық комиссия мүшесіндегі Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Арнаулы комиссия құрамындағы мүшелердің қатарында да орналасқан. Бұл өз кезегінде Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкелу мүмкіндігін көрсетеді. |
|
2. Ішкі талдау жүргізу барысында мүдделер қақтығысы бойынша келесі тәуекелдері анықталды: 2024 жылға мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес «Басшы кабинетіне жиһаз сатып алу» бойынша №11359182-1 хабарламасы жарияланады. Алайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 19.01.2024 жылы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі хабарламасына сәйкес «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30 бабы 2 тармағына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталды. Қазақстан Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 38-бабының 2 тармағы бұзылып, жарияланған тауардың техникалық ерекшелігінде тауарды алу үшін сілтеме жіберу арқылы тауардың белгісін көрсеткен. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеледі. Аталған заң бұзушылық жойылып, «Басшы кабинетіне жиһаз сатып алу» хабарламасы қайта жарияланды. |