«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ САУДА БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ 2024 ЖЫЛҒА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ БОЙЫНША АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
«Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2024 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді. Ол өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Ережені басшылыққа алады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін басқарма басшысы Сансызбаев Пікір Берекетұлы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 26.05.2025 ж. № 01-14/27 бұйрық шығарды.
«Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 26.05.2025 ж. №01-14/27 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, 02.07.2025 жылғы №01-14/36 бұйрығына сәйкес, қызметтік қажеттілікке байланысты, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты жұмыс тобына өзгерістер енгізіліп, төмендегідей бекітілді:
Жұмыс тобының төрағасы: Сансызбаев Пікір Берекетұлы – «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ басшысы;
Жұмыс тобының мүшелері:
- Базар Ердаулет Бекенұлы – «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ басшысының орынбасары;
- Назарбаев Айдос Халдыбайұлы – «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ сауда және мониторинг бөлімінің басшысы;
- Габбасова Айгерім Қайратқызы – «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бөлімінің басшысы;
- Ерниязова Асель Мәлікқызы – «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы;
Жұмыс тобының хатшысы: - Ордабаева Г.К. – «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бөлімінің бөлімінің бас маманы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі - 2024 жыл
Сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау жүргізу мерзімі 2025 жылдың 2 маусым айынан басталып 30 жұмыс күнді құрайды.
Сипаттама бөлігі:
«Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 2024 жыл басында 15 бірлікті құрады. Басқару құрылымы бойынша 3 бөлімнен құралған, оның ішінде:
Басқарма басшысы-1 бірлік,
Басшы орынбасары-1 бірлік.
Бас маман-есепші-1 бірлік;
Кәсіпкерлікті қаржылық-несиелік қолдау бөлімі - 4 бірлік (3 мемлекеттік қызметші,1 статистик),
Жоспарлау және мемлекеттік қызметтер бөлімі - 4 бірлік (3 мемлекеттік қызметші, 1 статистик),
Сауда және қызмет саласы бөлімі - 4 бірлік (3 мемлекеттік қызметші, 1 - статистик).
Конкурс арқылы тағайындау мәселелері бойынша:
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына сәйкес, талданатын кезеңде 2024 жылы 6 конкурс өткізілді, оның ішінде: ішкі конкурстар саны – 1, жалпы конкурстар саны – 5 құрады.
Жыл басынан бастап мемлекеттік қызметке қабылдаудың, тәртіптік жаза қолданудың және алып тастаудың барлық конкурстық рәсімдерін облыс әкімі аппаратының жанындағы персоналды басқарудың бірыңғай қызметі жүзеге асырады, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды.
Мемлекеттік қызметке конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша – 6 адам қабылданды. Атап айтқанда, конкурс бойынша басқарманың 1 мемлекеттік қызметшісі ішкі конкурс арқылы бас маман лауазымынан бөлім басшысы лауазымына, 5 мемлекеттік қызметші жалпы конкурс арқылы басшы және бас маман лауазымдарына тағайындалды. Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 11 бабы 2 тармағы негізінде активтері мен міндеттемелері, кірістері мен мүлкі туралы декларацияны уақытылы тапсырып, қызметке тағайындалды.
Ауысу тәртібімен тағайындау бойынша:
2024 жыл басында бос лауазымдарға «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі» Қазақстан Республикасының заңы 27 бабының 10 тармағы және «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 жарлығы «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен ауысу тәртібімен орналасу қағидаларының 2 тармағына сәйкес конкурстық іріктеу жүргізбей, соның ішінде 1 қызметші бас маман лауазымынан (негізгі қызметкер академияда оқуда болуына байланысты) босап, бос тұрған бас маман лауазымына тағайындалды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша бос лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізу кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар (протекционизм, отбасылық) беру фактілері анықталған жоқ.Теріс себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босату және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапқа тартылған фактілер жоқ.
Лауазымға тағайындау тәртібі мәселелері бойынша басқарма бос орындағы лауазымға мемлекеттік қызметшілерді облыс әкімі аппаратының жанындағы персоналды басқарудың бірыңғай қызметімен жүзеге асырылған конкурстық хаттама нәтижесінде іріктеуден өткен үміткерлерді «Е-қызмет» порталы арқылы жұмысқа қабылдайды және тағайындайды.
Басқармада конкурстық іріктеуді өткізбей лауазымға тағайындау, конкурстық іріктеуді ресми жүргізу, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау мәселелері орын алмаған.
2024 жыл басынан бері 6 бос жұмыс орны конкурс арқылы өткізіліп, біліктілік талаптары, қажетті құжаттар тізбесі, іріктеудің әртүрлі кезеңдеріне жіберілген адамдар туралы ақпараттар уақытылы орналастырылып отырды. Конкурс өткізу жөнінде хабарландырулар басқарманың ресми сайтына жарияланып, барлық конкурсқа қатысқан кандидаттар әңгімелесуден өткен. Әңгімелесу кезінде кандидаттар үшін тең жағдайлар қарастырылған.
Конкурстарды өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында әңгімелесулер байқаушылардың қатысуымен өткізілді. Конкурс өткізу нәтижесі бойынша барлығы 6 байқаушы қатысқан.
Кандидаттарды жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдайтын адамдарда мүдделер қақтығысын орын алмаған.
«Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметшілерге жалақылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 687 «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 21 желтоқсандағы № 302 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы, Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп Қаулысының 43 қосымшасын басшылыққа ала отырып төленеді. Яғни жыл басында арнайы Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқарманың қызметкерлеріне еңбекақы алуға құқық беретін еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссиясы отырысы өткізіліп, еңбек өтіліне қарай ақы төлеу категориясы анықталады.
Басқармамен 2024 жылы алынбаған тәртіптік жазалар болған кезде қызметкерлерді көтермелеу орын алмаған.
Басқармада жұмыс нәтижелеріне қарамастан, қызметкерлерді талдау объектісінің лауазымды адамдарының қалауы бойынша көтермелеу орын алмаған; Тәртіптік жазаларды тым қысқа мерзімде алып тастау орын алмаған. Заңнаманы бұзған немесе оған жол берген, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзған немесе шектеу орын алмаған.
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша Басқарманың жұмыс тобы мүдделер қақтығысының болмауына, қызметкерлердің басқарма басшыларымен жұмысқа қабылданған үлестестігіне, кадрлардың ауысу себептеріне, қызметкерлерді жұмыстан шығаруға (лауазымын төмендетуге), бірлескен жұмысқа сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. Басқарма қызметкерлерінің арасында жақын туыстары, жұбайлары мен жекжаттары, бір бөлімде туыстық бауырлардың жұмыс жасауы орын алмаған.
«Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, заңсыз сыйақы және коммерциялық пара беру жөніндегі Нұсқаулық, «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ қызметкерлері мен басшылығының мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі саясат әзірленді.
Басқармада мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу бойынша мониторинг жүргізу бойынша жауапты тұлға бекітілді. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық нұсқаулықтары бекітіліп, мемлекеттік қызметшілерге теңдей дәрежеде функционалдық қызметтері бөлінген. Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттемелерін орындау кезіндегі мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
Басқармада алқалы органдардың қызметін реттейтін құжаттар жоқ.
Басқарма облыс әкімдігі жанындағы 8 консультативтік-кеңесші органның жұмыс органы болып табылады: Соның ішінде Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық комиссиясы мен Арнаулы комиссия құрамындағы мүшелердің бірдей болуы мүдделер қақтығысын байқатады.
Ішкі талдау жүргізу барысында мүдделер қақтығысы бойынша келесі тәуекелдері анықталды:
Атап айтқанда: Арнаулы комиссия Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 213 қаулысымен (Маңғыстау облысының әлеуетті әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін қарап, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша) құрылды. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық комиссия Маңғыстау облысы әкімінің 2024 жылғы 31 қазандағы № 115-ө өкімімен құрылды.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық комиссия мүшесіндегі Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Арнаулы комиссия құрамындағы мүшелердің қатарында да орналасқан. Бұл өз кезегінде Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкелу мүмкіндігін көрсетеді.
Ұсыныс:
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық комиссия мүшесі мен Арнаулы комиссия құрамындағы мүшелерінің құрамын қайта қарау, өзгеріс енгізу.
Өзге комиссия құрамында мүдделер қақтығысы байқалмайды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету:
2024 жылы Басқармаға бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2 түрі ұсыну көзделген, олардың 1-і толық автоматтандырылған, бұл мемлекеттік қызметтердің көрсету кезінде қызмет алушымен тікелей байланысты болдырмайды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері:
1. «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру»,
2. «Инженерлік инфрақұрылымды жеткізуді дамыту бойынша қолдау беру» қызметтері.
Аталған қызмет түрлері «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 740 қаулысына сәйкес ұсынылады.
2024 жылы Басқармадағы мемлекеттік қызметтер «Kezekte.kz.» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілді. «Инженерлік инфрақұрылымды жеткізуді дамыту бойынша қолдау беру» қызметтері бойынша 2024 жылы бойынша өтінім келіп түспеген.
2024 жылы «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру» бойынша қызмет түріне 100 млн.теңге сомасына жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді, қызмет түрі электронды түрде жүргізілді. Конкурсқа құжат қабылдау 1-8 қараша аралығында кәсіпкерлерден өтінім қабылданды. Грант сомасы 5 млн.теңгеге дейін құрайды. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар алуға «Kezekte.kz.» ақпараттық жүйесі арқылы 61 өтінім келіп түсті. Оның ішінде, 42 өтінім қабылданды, 20 өтінім мақұлданды, 19 өтінім кәсіпкермен кері қайтарылды, 22 өтінімнен құжаттардың және оның құрамындағы мәліметтердің дұрыс болмауына, кәсіпкердің қағида бойынша талап етілген құжаттарды толық тапсырмауына, кәсіпкердің жобасының экономиканың басым секторларына сәйкес келмеуі, өтінімді дұрыс толтырмауы, құжаттардың толық болмауына байланысты бас тартылды.
Мемлекеттік қайтарымсыз гранттар беру конкурстық комиссия отырысында қаралады. Маңғыстау облысы әкімінің 2024 жылғы 31 қазандағы № 115-ө өкімімен гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия бекітілді.
«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік
гранттар беру қағидалары» 16 тармағында: «Конкурстық комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары және конкурстық комиссия мүшелері кіреді.
Жергілікті атқарушы органдар мен қаржы агенттігінің өкілдері конкурстық комиссияның төрағасы бола алмайды. Конкурстық комиссияны жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми-білім беру мекемелерінің, салалық сарапшылардың, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының кемінде 7 (жеті) адамнан тұратын өкілдері құрайды..» делінген. Жоғарыда аталған конкурстық комиссияда мүдделелер қақтығысы орын алмаған. Конкурстық комиссия жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми-білім беру мекемелерінің өкілдерінен, салалық сарапшылардан, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құралған.
Мақұлданған 20 жоба бойынша кәсіпкерлермен келісімшарт жасақталып, кәсіпкерлерге жолданған.
Мемлекеттік гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қол қою дауыс беру нәтижелері мен конкурстық комиссияның қорытынды шешімі веб-портал арқылы жүзеге асырылған.
Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында басқармамен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қызмет алушы кәсіпкерлерді басқарма қызметкерлері жеке қабылдап, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, өткізілген түсіндіру іс-шараларының саны – 42 бірлікті құрады (Басқарманың Instagram (mangystau.business) және facebook әлеуметтік желілерінде жарияланды). Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасында негізсіз бас тарулар, бас тарту мерзімдерінің бұзылуы орын алмаған.
Басқарманың жоспарлау және мемлекеттік қызметтер бөлімінің бөлмесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат тақтада орнатылған, қолжетімді. Сонымен бірге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат тақтада ілінген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есептік көрсеткіштердің дәйектілігі, нормативтік құқықтық актлер талаптарының, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың орындалуы мен сақталуы, ақпараттық жүйелердің жұмысы, басқарманың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының толтырылуы қаралды.
Басқармада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды түрде болуына байланысты «Өзіне өзі қызмет көрсету секторы» қызмет алушыларға ашу қажеттілігі жоқ. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі басқарманың интернет жүйесі арқылы басқарманың сайтына және әлеуметтік желілерінде инфографика түрінде, тікелей эфирде және бизнес тренингтер жүргізу арқылы түсінік жұмыстары жүргізілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап ету фактлері орын алмаған. Басқармамен мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Kezekte.kz порталы пайдаланылады, ақпараттық жүйе белгіленген тәртіп бойынша жұмыс жасады. Ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде мемлекеттік қызмет көрсету процестерін «қолмен» түзету мүмкіндігі орын алмаған. Басқармамен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электрондық түрде көрсетілгендіктен қызмет алушы мен қызмет берушінің арасында тікелей байланыс орын алмаған. Мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін құқықтық актіні тым ұзақ қабылдау орын алмаған. Басқармада «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жоқ.
Рұқсат беру функцияларын іске асыру: «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінде рұқсат беру функциялары жоқ.
Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру: «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінде бақылау-тексеру функциялары жүзеге асырылмайды.
Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу:
Мемлекеттік сатып алу бойынша
Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегіде мемлекеттік сатып алу порталы арқылы тауарлар, жұмыстар мен қыземттерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Мемлекеттік сатып алуды жүргізу барысында басқармасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы желтоқсандағы № 687 бұйрығының нормаларын басшылыққа алған.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының негізінде 21.12.2023 жылы 01-14/50 бұйрығымен 2024 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары әзірленіп және бекітілді және мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылды (жалпы саны 32 тармақтан құралған, жалпы сатып алу көлемі – 28 260 668,55 тг. ҚҚС-сыз)
Басқарма бюджет бекітілген уақыттан бастап 10 жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5 бабы 2 тармағы 6 тармақшасы 6 тармағы және Қазақстан Республикасының қаржы министрінің 2015 жылғы 1 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын негізге ала отырып мемлекеттік сатып алу жоспары мемлекеттік сатып алу порталына уақытылы енгізілген.
2024 жылы жалпы сомасы 24 961 305,09 теңгеге іс жүзінде мемлекеттік сатып алу жүргізілді. оның ішінде :
001-015-149 ерекшелік бойынша бағалы ұсыныстарға сұраныс тәсілімен 1 050 467.96 теңге сомасына 29 лот бойынша кеңселік тауарларға мемлекеттік сатып алу жүргізілді.
001-015-159 ерекшелік бойынша
1.Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 39-бабы 3-тармағы 36 тармағы негізінде «Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған адамнан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу» тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен 6 лот бойынша 57 187 948 келісімшарт жасақталды.
2. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының баға ұсыныстарына сұраныс тәсілімен 7 лот бойынша жеңімпаздар анықталып,оның ішінде 6 лот бойынша 12 239 100,0 теңге сомасына қызметтерге мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, келісімшарт жасақталды.
8 199 999,0 теңге сомасына 1 лот бойынша анықталған жеңімпаз, келісімшартты орындаудан бас тартауына байланысты, 30 күннің ішінде сотқа арыз беріліп, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 7 ақпандағы №4712-25-00-2/208 ісі бойынша шешімі негізінде, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы болып танылды.
3. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының баға ұсыныстарына сұраныс тәсілімен 1 жеңімпаз анықталып өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден алу тәсілімен 7 384 000,0 теңге сомасына қызметке мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, келісімшарт жасақталды.
001-015-157 ерекшелік бойынша Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының ашық конкурс тәсілімен 1 лот бойынша жеңімпаздар анықталып, 15 225 000 теңге сомасына қызметтерге мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, келісімшарт жасақталды.
003-015-414 ерекшелік бойынша Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының баға ұсыныстарына сұраныс тәсілімен 3 479 794,4 теңге сомасына 9 лот (кресло, принтерлер, ламинатор, переплет жасауға арналған машина, планшет, бейнекамералар) ойнатылып, келісімшарт жасақталды.
Ішкі талдау жүргізу барысында мемлекеттік сатып алу заңдылығына қайшылықтары негізінде келесі тәуекелдері анықталды:
2024 жылға мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес «Басшы кабинетіне жиһаз сатып алу» бойынша №11359182-1 хабарламасы жарияланады.
Алайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 19.01.2024 жылы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі хабарламасына сәйкес «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30 бабы 2 тармағына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталды.
Қазақстан Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 38-бабының 2 тармағы бұзылып, жарияланған тауардың техникалық ерекшелігінде тауарды алу үшін сілтеме жіберу арқылы тауардың белгісін көрсеткен. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеледі. Аталған заң бұзушылық жойылып, «Басшы кабинетіне жиһаз сатып алу» хабарламасы қайта жарияланды.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, жыл сайынғы өзгерістерді ескере отырып, мемлекеттік сатып алу қызметімен айналысатын маманға заң бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізсін, біліктілігін арттыру бойынша оқу курстарына жолдау қаралсын.
«Маңғыстау облысы бойынша қаржы басқармасы» ММ-ге ай сайын 12 есеп (тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы) беріледі.
«Маңғыстау облысы бойынша қаржы басқармасы» ММ-не жеткізушілері мен шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы тоқсан сайын есеп беріледі.
Ашық конкурс өткізу нәтижесінде өтінімдер уақытылы қабылданып, хаттамалар мемлекеттік сатып алу порталына уақытылы орналастырылған. Конкурс өткізу барысында түзетулер орын алмаған. Жалған актлер бойынша ТЖҚ сәйкес келмейтіндерді қабылдау орын алмаған. 2024 жылға мемлекеттік сатып алудың күшін жою фактлері орын алмаған. Тапсырыс беруші мен жабдықтаушының арасында сөз байласу орын алмаған.
Басқармада мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің саны мен көлемінің олардың нақты қажеттілігіне сәйкес келеді. Мемлекеттік сатып алу жоспары бойынша бюджеттік өтінімге сәйкес тауар бірлігіне белгіленген баға негізді. Бюджеттік өтінім жолдау кезінде 3 немесе одан көп бағалық ұсыныстар арқылы тауарлардың жоспарланған құнының нарықтық құнына сәйкес келеді. Сатып алуды бәсекелес өнім берушіге қатысты техникалық ерекшеліктерде «ұштау» деп аталатын сипаттамалары орын алмаған. 2024 жылға мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары тарапынан тексерулер жүргізілген жоқ. Жабдықтаушының тауарды жеткізу, жұмыстар мен қызметтер көрсету шартынан туындайтын міндеттемелерді уақтылы және сапалы орындалған.
2024 жылы бюджет қаражатының игерілуі
Басқармадағы қаражат жергілікті бюджеттен трансферттерге ғана беріледі. Бюджет және қаржы қаражатын игеру бойынша есептілік уақытылы пысықталып тапсырылып отырады. Игеру 99,7% құрайды.
|
Бюджеттік классификатор коды |
Бағдарлама атауы |
Бюджет 2024 жыл |
31.12.2024 жылға жоспарлы қаржыландыру |
31.12.2024 жылға игеру |
% орындалуы |
Орындалдмаған сома |
||
|
АБП |
Бағдарлама |
Кіші бағдарлама |
||||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
278 |
001 |
015 |
Кәсіпкерлік және сауданы дамыту саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер |
235371,0 |
235371,0 |
224444,0 |
95,3% |
10926,9 игерілмеді 159 ерекшелік 8200,0 жеткізуші орындамады, 169 ерекшелік 2726,2 ЦПГИ шот ұсынылмауына байланысты дәлелді құжат болмауына бапйланысты |
|
278 |
004 |
015 |
Жеке кәсіпкерлікті қолдау |
99880,0 |
99880,0 |
99880,0 |
100% |
0 |
|
278 |
006 |
015 |
Несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау |
2498328,0 |
2498328,0 |
2498328,0 |
100% |
0 |
|
278 |
007 |
015 |
Несиелер бойынша ішінара кепілдендіру |
410000,0 |
410000,0 |
410000,0 |
100% |
0 |
|
278 |
008 |
015 |
Кәсіпкерлік қызметті қолдау |
11000,0 |
11000,0 |
11000,0 |
100% |
0 |
|
|
|
|
|
3258059,6 |
|
|
99,7% |
|
Мемлекеттік қолдау шаралары
Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында мемлекеттік қолдаудың негізгі құралдары қаржылай (проценттік мөлшерлемені субсидиялау, кәсіпкерлердің кредиттеріне кепілдік беру, бизнес жобаларына жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жеткізу және мемлекеттік гранттар беру) және қаржылай емес шаралармен ұсынылған.
Қаржылай қолдау шаралары
Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында 2024 жылы республикалық бюджеттен 14,3 млрд теңге (субсидиялауға – 13 681,5 млн теңге, кепілдендіруге – 649,4 млн теңге), жергілікті бюджеттен 3,1 млрд теңге (субсидиялауға – 2 498,3 млн теңге, кепілдендіруге – 410 млн теңге, мемлекеттік гранттарға – 100 млн теңге) бөлінген.
* анықтама үшін: Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының шотына тікелей аударылады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Бағдарлама шеңберінде 57,8 млрд. теңге сомасына 1 714 жоба қолдау алып, нәтижесінде 535 жаңа жұмыс орындары ашылады және 644 жұмыс орны сақталатын болады.
Оның ішінде:
- Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау бойынша 55,1 млрд. теңге несие қаражатына 1 162 жоба қолдау алды;
- Ішінара кепілдендіру бойынша 7,7 млрд. теңге кепіл сомасына 644 жоба қолдау алды.
Әлеуметтік кәсіпкерлерге және «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистеріне мемлекеттік гранттар беру бойынша 2024 жылы жергілікті бюджеттен 100 млн теңге бөлінді. Конкурстық рәсімдер қараша айында өткізіліп, 99,8 млн теңге болатын, 50 жаңа жұмыс орындарын құрумен 20 кәсіпкердің жобасы мақұлданды.
Қаржылай емес қолдау шаралары
Қала мен аудандарда кәсіпкерлерге мемлекеттік қызмет көрсететін барлық салалық облыстық басқармалар мен қаржы агенттерінің қатысуымен түсіндірме жұмыстарын жүргізу жоспары бекітіліп, облыстағы барлық қала, аудан орталықтарында 2024 жылы 28 кездесу (Басқарманың ұйымдастыруымен – 14 кездесу, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп – 7 кездесу, «Аманат» партиясымен бірлесіп – 7 кездесу) өткізілді.
Кәсіпкерлерді және кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтарға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Ақтау, Жаңаөзен қалаларында және барлық аудан орталықтарында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – КҚКО) жұмыс жасайды. Орталықта бизнес-пландар жасақтау, маркетолог қызметтері бойынша кеңестер, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша консультациялар, кәсіпкерлікке баулу мақсатында семинар-тренингтер, бухгалтерлік және салық есебін жүргізу бойынша консультациялар және т.б. қызметтер көрсетіледі.
«Маңғыстау» КҚКО ЖШС 2024 жылы 3 880 қызмет көрсету жоспарланып, 4 515 қызмет көрсетілді (Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу, сондай-ақ статистикалық есептілікті құру бойынша қызметтер – 1 040; мемлекеттік сатып алулар, соның ішінде ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылармен сатып алулар өткізуге қатысты қызметтер – 448; кәсіпкерлердің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтінімі бойынша бизнес жоспарлар әзірлеу – 433; кәсіпкерлердің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтініштерін сүйемелдеу бойынша қызметтер – 1 875; заңды қызметтер көрсету – 719).
«Мен кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту» қаржылық емес қолдау құралы бойынша қызметтер көрсетуге жергілікті бюджеттен 2024 жылы 54 млн теңге бөлінді. Жобаны Басқарма тапсырысымен Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырды. Жоба 2 бағытты (әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы және кәсіпке бағыт) қамтыды.
Анықтама үшін: «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» бағыты аясында Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері кеңес беріп, олардың қажеттіліктерін анықтайды. Одан кейін сұранысын анықтап, соған сәйкес қыз-келіншектерді оқытты. Ал «Кәсіпке бағыт» ер азаматтар да, әйелдер де қатыса алады. Негізгі талабы – кәсіпкер болуы керек, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлерге басымдық берілді.
Аталған жоба аясында өткен жылы 500-ге жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылай емес қолдау көрсетіліп, 465 адам тегін кәсіптік және бизнес-оқуын өтті (430 адам арнайы сертификаттар табысталды және бизнес-шолу жүргізу мен қаржыландыру тарту бойынша 35 кәсіпкермен жұмыстар жүргізілді)
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету және басқалар.
«Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдауды Басқарма тоқсан сайын жүзеге асырады.
Анықтама үшін: Маңғыстау облысы бойынша «Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне» 48 кәсіпкер тіркелген.
Сауда саласындағы жалпы көрсеткіштер
2024 жылдың қаңтар-желтоқсан жағдайына ішкі тауар айналымы 1,1 трлн.теңге, НКИ 106,9%, құрады.
Оның ішінде көтерме сауда – 70,6 млрд теңгені (салыстырмалы кезеңмен 106,1% өскен), бөлшек сауда – 52,0 млрд теңгені (салыстырмалы кезеңмен 104,7% өскен) құрады.
Сауданың нақты көлемі индексі соңғы 3 жылда:
2022 жыл қаңтар-желтоқсан – 687 ,3 млрд теңге, НКИ 123,1%
2023 жыл қаңтар-желтоқсан – 980 ,9 млрд теңге, НКИ 127,7%
2024 жыл қаңтар-желтоқсан – 1,1 трлн теңге, НКИ 106,8%
Өңірдегі сауда нысандарының көлемі
Маңғыстау облысында 3 гипермаркет, 239 супермаркет (оның ішінде 54 сауда объектісі бар 5 сауда желісі бар: «Дина» - 9, «Анвар» - 3, «Дана» - 23, «Алтын фуд» - 13, «Лидер» - 6), 360 минимаркет, 1 550 үй жанындағы дүкен және 43 базар бар.
Облыс бойынша ресми тіркелген 43 базардың ішінде мамандандырылғаны – 19 (авто, құрылыс, киім – кешек, мал және т.б.), әмбебап – 24.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы:
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы 1,5 млрд теңге қаражат бөлінген. Аталған қаражат тұрақтандыру қорын толықтыруға, тұрақтандыруды қорына форвардтық келісім-шарт және «айналым механизмі» тетігі аясында азық-түлік қорын қалыптастыруға жұмсалған.
2024 жылы жергілікті өндірушілердің тауарларын ілгерілетуге жәрдемдесу бойынша облыс әкімдігі, 23 жергілікті азық-түлік тауарларын өндіруші кәсіпорындар мен шаруа қожалықтар және 5 сауда желісі арасындағы үшжақты ынтымақтастық меморандум жасалды. Осы меморандум аясында жергілікті тауар өндірушілерге келесідей қолдаулар көрсетілуде:
2024 жылы Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау бағыты жергілікті бюджеттен 10 млн теңге бөлініп, жеңімпаз болып «Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі анықталды.
2024 жылы ӘМАТ бағаларының үстемеақысын 15% асырмау жөнінде сауда орындарына ескерту жұмыстары, адамдар көп шоғырланатын орындарға хабарлама баннерлері арқылы ақпараттар берілді. Тұтынушылардың құқықтары бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне (мейрамхана, кафе және т.с.с.) қызмет көрсетуге 10% қоспау қажет екені бойынша ескерту жұмыстары жүргізілді. Кәсіпкерлік субъектілерінің кассалық аппаратының қолданылуы бойынша 2500 кәсіпкерлік нысаны қамтамасыз етілді. Сондай-ақ өңірдегі 37 елді мекендерде (Жаңаөзен – 6 ауыл, Бейнеу – 7 ауыл, Қарақия – 4 ауыл, Маңғыстау – 6 ауыл, Мұнайлы – 7 ауыл, 2 т.м., Түпқараған – 5 ауыл), тұрғындарына тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша түсіндірме және талдау жұмыстары жүргізілді. Семинарға 213 қатысушы қатысты.
Басқармада ішкі аудит, ішкі бақылау жөніндегі функцияларды орындайтын бөлімшелердің жоқ. Басқарманың бюджет және қаржы қаражатын жұмсаудың ашықтығын басқарманың ресми сайтына және «Ашық бюджет», «Publicbudgeting», ақпараттық жүйелеріне үнемі орластырылып отырады, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 6-бабы 9-тармағы тұрақты сақталған.
Басқарма қызметкерлерінен ай сайынғы еңбекақы төлеуінен ұсталынатын салықтар ай сайын төленіп отыр. Салықтар мен өзге де төлемдер уақытылы орындалып отыр. Басқарма өкілдерінің және салықтар мен өзге де төлемдер тоқсан сайын 200 нысан бойынша салық комитетіне ұсынылып отырады. Салықтарды төлеу және өзге де төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау рәсімдерінің күрделілігі жоқ Салықтарды және өзге де төлемдерді жинау кезінде пайдаланылатын ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс істеп тұр.
Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану:
Басқарма тікелей IT-саласына қатысты мекемелермен келісімшартқа отырмаған. Басқарманың министрлікмен бекітілген ресми сайтына басқармаға қатысты барлық бюджеттік ақпараттар уақытылы орналастырылып отырады. Бұл басқарманың бюджеттік ашықтығын білдіреді.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:
Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау фактілері орын алмаған. Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері орын алмаған. Жұмыскерлердің сыбайлас жемқорлық фактілері орын алмаған.
Жүргізілген талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Басқарма облыс әкімдігі жанындағы 8 консультативтік-кеңесші органның жұмыс органы болып табылады:
1. Азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегіндегі делдалдық схемаларын тергеп-тексеру бойынша комиссия Маңғыстау облысы әкімінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № 85-ө өкімімен құрылды. Комиссия Жұмыс алгоритміне сәйкес жұмыс жасайды. 2024 жылы комиссиямен 71 отырыс өткізілді.
Анықтама үшін:
2024 жылы 136 кәсіпкерлік субъектіге ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес заңбұзушылықтар үшін ескерту,
- 204.4 -бабы бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес 14 кәсіпкерлік субъектіге 203 060 теңге айыппұл толтырылды.
Сауда орындағы тауарлар бағаларының екі түрлі болып сатылғандығы үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 193-бабы бойынша 25 кәсіпкерлік субъектіге 2 864 192 теңге айыппұл толтырылды.
Өңірдегі барлық елді мекендердегі құрылған 53 мониторингтік «Халық бақылауы» топтары сауда орындарындағы ӘМАТ бағаларына мониторинг жұмыстарын жүргізіп, ӘМАТ 15%-дан астам үстемеақыға жол бермеу туралы түсіндірме жүргізіліп келеді.
Тексеру кезінде комиссия құрамы облыс әкімдігінің және Басқарманың құрылымындағы өзгерістерге сәйкес келтірілмегендігі анықталды.
Жоғарыда аталған комиссиялар бойынша мүдделер қақтығысы орын алмаған.
2) Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия Маңғыстау облысы әкімінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 37-ө өкімімен құрылды.
Комиссияның мақсаты - Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тежеу. Оның ішінде айналым схемасы арқылы кәсіпкерлік субъектілерге қарыз беру арқылы және тұрақтандыру қорына тауарларды сатып алу және интервенция жасау арқылы бағаны тежеу.
2024 жылдың қорытындысы бойынша ӘМАТ тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөнінде 6 комиссия отырысы өткізіліп, 11 өтініш қаралды. Нәтижесінде 8 кәсіпкерлік субъектісіне - 1 млрд. теңге көлемінде қаражат беру мақұлданды.
Нәтижесінде, мамандандырылған ұйыммен 8 кәсіпкерлік субъектісіне – 4.5 мың тоннаны құрайтын, 11 тауарды белгіленген бағада сатуға - 1 млрд. теңге берілді.
Анықтама: картоп – 1990 тн, сәбіз – 987, пияз – 777 тн, қырыққабат – 511 тн, күнбағыс майы – 9,45 мың литр, күріш – 30 тн, тұз – 13,5 тн, сүт – 35 тн, Айран – 90 тг, сүзбе – 17 тн, тауық жұмыртқасы – 3 628 800 дана.
Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында қарақұмық, рожки, сұйық май, күріш, құмшекер, тауарлары бар. Тұрақтандыру қорындағы тауарлар да орындарына интервенция жүргізілуде.
Қазіргі таңда бұл функция Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына берілуіне байланысты Комиссияның жұмысын Басқарма жүзеге асырмайды.
3) ӘМАТ тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі комиссиясы Маңғыстау облысы әкімінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 64-ө өкімімен құрылды.
Комиссияның мақсаты - Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге:
1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінен 15%-ға асып түскен жағдайда;
2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінен асуымен қоса 30 күн ішінде бөлшек сауда бағаларының бір уақытта 30%-ға өсуі кезінде күнтізбелік 15 күннен кейін қайта қарау мүмкіндігімен белгілейді.
Комиссия әрекеті - Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бекітілілген шекті мәндерінен 15%-ға асып кетпеуін қадағалау бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізеді.
2024 жыл бойынша комиссия отырысы өткізілмеді.
Түсіндірме: Бекітілген шекті бағадан статистика бағасы асқан жағдайда комиссия отырысы өткізіледі.
4) Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі Маңғыстау облысы әкімінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 11-ө өкімімен құрылды. Осы өкімге 2024 жылғы 28 маусымда № 73-ө өкіммен Сараптама кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді.
Алайда осы өкімнің 2-қосымшасымен бекітілген қолданыстағы Сараптама кеңесінің ережесінде қателіктер орын алған және қолданыстағы заңнамадағы өзгерістерге сәйкес келтірілмеген. Атап айтқанда, Ереженің атауы өкімдегі атауымен толық жазылмаған («Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің ережесі» деп жазудың орнына «Сараптама кеңесінің ережелері» деп көрсетілген).
Ереженің 1-тармағы да құрылымы жағынан дұрыс жазылмаған (Осы Ереже кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің туралы (бұдан әрі – сараптама кеңестері) Маңғыстау облысының әкімдігі жанынан құрылатын сараптама кеңестерінің мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды және оларды қалыптастыруды регламенттейді), яғни ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ереженің 1-тармағын көшіріп алған. Сонымен қатар Сараптама кеңесінің жұмыс органы ретінде Басқарма тарапынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 53 бұйрығымен Үлгілік Ереженің 2-тармағының 3) тармақшасына, 4-тармағының 1) тармақшасына, 9, 10, 14, 16-тармақтарына енгізілген өзгерістер осы күнге дейін ескерілмеген және Ережеге тиісінше өзгерістер енгізу туралы облыс әкімінің өкімін әзірлемеген.
2024 жылы – 4 отырыс өтіп, 21 НҚА қаралды: 19.04.2024ж. № 01-02/82 хаттамада 3 НҚА; 22.04.2024ж. № 01-02/83 хаттамада 1 НҚА; 12.07.2024ж. № 01-02/131 хаттамада 7 НҚА; 28.10.2024ж. № 01-06/219 хаттамада 10 НҚА;
2024 жылғы өткен отырыстарда Сараптама кеңесі төрағасының орынбасары – облыс әкімінің орынбасары төрағалық еткен, алайда Сараптама кеңесінің төрағасы – облыс әкімі болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасар атқарады.
5) Арнаулы комиссия Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 213 қаулысымен құрылды.
Арнаулы комиссияның (Маңғыстау облысының әлеуетті әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін қарау бойынша) 2024 жылы 4 отырыс ұйымдастырылды; Комиссия отырысының қорытындысына сәйкес, Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне 46 кәсіпкер енгізілді.
6) Аккредиттеу жөніндегі комиссия Маңғыстау облысы әкімінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 11-ө өкімімен құрылды. Осы өкімге 2024 жылғы 28 маусымда № 73-ө өкіммен Аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді. 2024 жылы өтінім түспеуіне байланысты Аккредиттеу жөніндегі комиссиясының отырысы өткізілген жоқ.
7) Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық комиссия Маңғыстау облысы әкімінің 2024 жылғы 31 қазандағы № 115-ө өкімімен құрылды.
Осы қаулымен бекітілген конкурстық комиссияның Ережесінің 1.1, 1.3 тармақтарын талапқа сәйкестендіру қажет (1.1-тармақта Комиссияның атауы мен Ереженің атауы дұрыс көрсетілмеген, ал 1.3-тармақта Комииссия әлеуметтік кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу мәселелері бойынша шешім қабылдау мақсатында құрылды деп көрсетілген, алайда 1.2-тармақта әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерімен қатар «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері де конкурстық іріктеуге қатыса алатыны жазылған).
Ағымдағы жылы Конкурстық комиссияның отырысы қазан айында жоспарлануда. 2024 жылы 42 өтінім қаралып, сәйкесінше хаттамалар жасақталды.
8) Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі Маңғыстау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 6 тамыздағы № 138 қаулысымен құрылды.
Мақсаты: экономиканың тұрақты және теңгерімді өсуі және өңірдің бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу, облыстың шағын және орта кәсіпкерлігі үшін бизнес-ахуалды жақсарту, Өңірлік үйлестіру кеңесінің қалалық және аудандық салалық жұмыс топтарының қызметін үйлестіру жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстар болып табылады.
2024 жылдан бері өтінім түспеуіне байланысты өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілген жоқ.
Басқарма Ережесі басқарманың ресми сайтына жарияланған. «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері: жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік сауда саясатты жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады.
«Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: Маңғыстау облысында жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын, Маңғыстау облысында кәсіпкерлік және сауда саласы бойынша мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және жауапты болады, өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiкті қолдау инфрақұрылымы объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етеді, жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды, сараптама кеңесінің қызметiн ұйымдастырады, Маңғыстау облысының әкімдігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптама кеңесі жанындағы жұмысшы органның функциясын жүзеге асырады, жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының қатысуымен өңірлерде кәсіпкерлікті қолдау карталарын әзірлейді, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді, Маңғыстау облысында бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларын іске асыру аясында жобаларды қарау жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесі жанындағы жұмыс органының қызметін жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде Маңғыстау облысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, өз құзыретi шегiнде Маңғыстау облысының ішкі сауда субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады, Маңғыстау облысында жеке кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады, Өңірде командалық-штабтық оқу-жаттығу және төтенше жағдайларға дайындық және өткізу кезінде азық-түлік және азық - түлік емес тауарларымен бірінші қажеттілік қамтамасыз ету бойынша іс-шараларын ұйымдастыруды жүзеге асырады, «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесін цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды жүзеге асырады, электрондық сауданы дамыту бойынша іс-шараларды жүзеге асырады, Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы іс-шараларын ұйымдастыру, жоспарлау және орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүзеге асырады, «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Мемлекеттік қыметшілердің лауазымдық нұсқаулықтары Мемлекеттік
әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 20 бұйрығына сәйкес жасақталған. Мемлекеттік қызметшілер функционалдық қызметтерін лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес атқарады. Барлығына уақытылы таныстырылып, қолдары қойылған.
Басқарманың істер номенклатурасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығы негізінде бекітілген, Басқарманың мөрі талапқа сай келеді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығының Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес Басқарманың бланкілері талапқа сай екендігі анықталды.
|
Жұмыс тобының төрағасы: |
|
Сансызбаев П.Б. |
|
Жұмыс тобының мүшелері: |
|
|
|
|
|
Базар Е.Б. |
|
|
|
Назарбаев А.Х. |
|
|
|
Габбасова А.Қ. |
|
|
|
Ерниязова А.М. |
|
Жұмыс тобының хатшысы: |
|
Ордабаева Г.К. |