Ақтау қ. 27 маусым 2025 ж.
Маңғыстау облысы әкімдігі,
4-қабат, әйнек-зал
Төрағалық еткен: Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары - Т. Жеткізгенұлы
Төраға орынбасары: Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысы - П. Сансызбаев
Қатысқандар: А. Байпаков, Ж. Қайнарбаев, Р. Шалбаев, Е.Күмісқалиев, Ғ.Ниязов, С. Төретаев, Қ. Құлжанов, Т. Ережепов.
Қатыспағандар: О. Әбділов, А. Шарапатдинов, Д. Үсіпбаев
Хатшы: Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының сауда және мониторинг бөлімінің басшысы А. Назарбаев
Қатысқандар: тізім бойынша (Комиссия отырысы аудио-видео бақылау арқылы жүргізілді)
Күн тәртібі:
ҚР Энергетика министрлігінің 04.06.2025 жылғы 13-2-13/3723-И хатына сәйкес, 2025 жылдың үшінші тоқсанына арналған СМГ көлеміне жиынтық өтінімдерін қалыптастыру.
Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы ақпараты назарға алынсын.
Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссия төмендегідей шешім қабылдады:
Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына:
1. ҚР Энергетика министрлігінің 04.06.2025 жылғы 13-2-13/3723-И хатын негізге ала отырып, Ақтау қаласы (27.06.2025 жылғы №01-19/75), Жаңаөзен қаласы (27.06.2025 жылғы №05-06/48), Бейнеу ауданы (27.06.2025 жылғы №01-09-145) Мұнайлы ауданы (26.06.2025 жылғы №01-19-802), Маңғыстау ауданы (20.06.2025 жылғы №01-28-560), Қарақия ауданы (25.06.2025 жылғы №01-19-179), Түпқараған ауданы (26.06.2025 жылғы №01-26-27) әкімдіктерінің ұсынған жиынтық өтінімдеріне сәйкес №1,2,3-қосымшаларында көрсетілген кәсіпкерлер бөлінісінде сұйытылған мұнай газы бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 358 «Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2 тармақшасы 16 тармағына сәйкес, егер бөлу жобасын қалыптастыру немесе өзгерту кезінде осы Қағидаларға сәйкес бөлінген көлемнің барлығы немесе бір бөлігі: автомобиль көлігімен тиеп-жөнелткен кезде 5 (бес) тоннадан кем болса – мұндай өтінім берушіге сұйытылған мұнай газы бөлінбейтіндігі назарға алынсын.
3. «ҚазГӨЗ» ЖШС-нен және «АМӨЗ» ЖШС-нен 2025 жылдың үшінші тоқсанына бөлінген СМГ көлеміне, келісім-шарт жасақталып, тиеп жөнелту жұмыстары ұйымдастырылсын.
4.2025 жылдың үшінші тоқсанына (шілде, тамыз, қыркүйек) арналған сұйытылған мұнай газын беру туралы облыс бойынша жиынтық өтінімі жасақталсын және ҚР Энергетика министрлігіне жолдансын. Осы хаттаманың №1,2,3-қосымшаларында көрсетілген кәсіпкерлер бөлінісі жолдансын.
5.Осы хаттаманың көшірмесі қала мен аудандар әкімдіктеріне жолдансын.
Қала және аудан әкімдіктеріне:
6. «Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай-газын бөлу қағидасына сәйкес», жоспарланған тоқсанның басталуына дейін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті жергілікті атқарушы орган растайтын құжаттарының көшірмелерін қоса ҚР Энергетика министрлігіне жолданады.
- Қала, аудан әкімдіктері жоспарланған тоқсанның басталуына дейін күнтізбелік 10 (он) дейінгі мерзімде өнім беру жоспарының хаттамасын, тиісті растайтын құжаттарымен бірге облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына жолдансын.
- Құрылыс жұмыстары аяқталып, жаңа іске қосылатын автогаз құю бекеттерінің құжаттары толық қаралып, автогаз құю бекеттерінің құрылыс нормаларының сақталғаны қала, аудандық комиссияның қатаң бақылауымен қаралсын. Құжаттары толық рәсімделмей немесе құрылыс жұмыстары толық аяқталмай өнім беру жоспарына қосылған автогаз құю бекеттері анықталған жағдайда, жауапты қал, аудан әкімінің жауапкершілігі қаралсын
7. Осы хаттамамен қабылданған сұйытылған мұнай газы көлемдерінің бөлінісі қала және аудан аумақтарында іске асыратын кәсіпкерлік субъектілердің назарына жеткізілсін.
8. Сұйытылған мұнай газының бөлінген көлемі тиісті қала және аудандардың аумақтарында пайдалануына қатаң бақылау жүргізілсін және күнделікті есепті облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына ұсынылсын.
9. Осы хаттаманың орындалысын бақылауды облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына жүктеледі.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары,
Комиссия төрағасы Т. Жеткизгенулы
Маңғыстау облысының кәсіпкерлік
және сауда басқармасы басшысы,
Комиссия төрағасының орынбасары П. Сансызбаев
Комиссия хатшысы: А. Назарбаев
Келісілді:
Ақтау қаласы әкімі А.Ж. Байпаков
Жаңаөзен қаласы әкімі Ж.И. Кайнарбаев
Мұнайлы ауданы әкімі Қ.Ж. Құлжанов
Түпқараған ауданы әкімі Е.К. Күмісқалиев
Маңғыстау ауданы әкімі Ғ.М. Ниязов
Қарақия ауданы әкімі С.Қ. Төретаев
Бейнеу ауданы әкімі Р.С. Шалбаев
«Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік
қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау
облысы бойынша департаменті» бас маманы Т.К. Ережепов