Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

Ақтау қ.                                                                                                 11 шілде 2025 ж.

Маңғыстау облысының әкімдігі,

 Төрағалық еткен: Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары                              Т. Жеткізгенұлы

Төраға орынбасары: Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысы П. Сансызбаев

Қатысқандар: Ақтау қаласы әкімінің м.а. Б.Есенов, Жаңаөзен қаласы әкімінің м.а. Ж.Аймағанбетов, Бейнеу ауданы әкімінің м.а. Т.Қыланов, Түпқараған ауданы әкімінің м.а. Ө.Тілепов, Маңғыстау ауданы әкімінің м.а. Т.Алтынғалиев, Қарақия ауданы әкімінің С.Төкенов, Мұнайлы ауданы әкімінің м.а. Ә.Өтегенов, «Маңғыстау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.Үсіпбаев, Маңғыстау облысыны Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Т.Ережепов, Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының Жаңаөзен қалалық филиалының директоры А.Шарапатдинов

Қатыспағандар: Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы                       О. Әбділов

Хатшы: Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының сауда және мониторинг бөлімінің басшысы А. Назарбаев

(Комиссия отырысы аудио-видео бақылау арқылы жүргізілді)                                 

                                               Күн тәртібі:

1. ҚР Энергетика министрлігінің 03.07.2025 жылғы №13-1-13/4406-И хатына сәйкес 2025 жылдың шілде айына арналған қосымша СМГ көлеміне жиынтық өтінімдерін қалыптастыру.

1.2.Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы №358 «Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2 тармақшасы 16 тармағына сәйкес, егер бөлу жобасын қалыптастыру немесе өзгертуге кезінде осы Қағидаларға сәйкес бөлінген көлемнің барлығы немесе бір бөлігі автомобиль көлігімен тиеп-жөнелткен кезде 5 (бес) тоннадан кем болса, мұндай өтінім берушіге сұйытылған мұнай газы бөлінбейтіндігі назарға алынсын.

Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы және қала, аудан ақпараттары назарға алынсын:

1.2. Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерін қалыптастыру жөнінде комиссия төмендегідей шешім қабылдады.

      - ҚР Энергетика министрлігінің 03.07.2025 жылғы №13-1-13/4406-И хатын негізге ала отырып,  Ақтау қаласы (10.07.2025 жылғы                            №01-19-323), Жаңаөзен қаласы (09.07.2025 жылғы № 01-15/866) Мұнайлы ауданы (09.07.2025 жылғы № 01-19/778), Бейнеу ауданы (09.07.2025 жылғы № 01-09-165), Қарақия ауданы (10.07.2025 жылғы                 № 01-19/251), Түпқараған ауданы (09.07.2025 жылғы №01-26-43), Маңғыстау ауданы (09.07.2025 жылғы № 01-28-657) әкімдіктерінің ұсынған жиынтық тізбесіне сәйкес №1 қосымшада көрсетілген кәсіпкерлер бөлінісінде сұйытылған мұнай газы бөлінсін.

1.3  2025 жылдың шілде айына арналған қосымша  сұйытылған мұнай газын беру туралы облыс бойынша жиынтық тізбесі жасақталсын, сондай-ақ, «ҚазақГазӨңдеуЗауыты» ЖШС-не және ҚР Энергетика министрлігіне жолдансын.

2. Қала және аудан әкімдіктеріне:

2.1 Осы хаттамамен қабылданған сұйытылған мұнай газы көлемдерінің бөлінісі қала және аудан аумақтарында іске асыратын кәсіпкерлік субъектілердің назарына жеткізілсін.

2.2 Сұйытылған мұнай газының бөлінген көлемі тиісті қала және аудандардың аумақтарында пайдалануына қатаң бақылау жүргізілсін және күнделікті есепті облыстық кәсіпкерлік және сауды басқармасына ұсынылсын.

3. Осы хаттаманың орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

Маңғыстау облысы әкімінің  

орынбасары, Комиссия төрағасы                                                 Т. Жеткизгенулы

Маңғыстау облысының кәсіпкерлік

және сауда басқармасы басшысы,

Комиссия төрағасының орынбасары                                          П. Сансызбаев

Комиссия хатшысы                                                                            А. Назарбаев

КЕЛІСІЛДІ:

Ақтау қаласы әкімінің м.а.                                                                  Б.С. Есенов

Жаңаөзен қаласы әкімінің м.а.                                                     Ж.Ү. Аймаганбетов  Мұнайлы ауданы әкімінің м.а.                                               Ә.Б. Өтегенов

Түпқараған ауданы әкімінің м.а.                                              Ө.Т. Тілепов

Маңғыстау ауданы әкімінің м.а.                                              Т.А. Алтынгалиев

Қарақия ауданы әкімінің м.а.                                                    С.Т. Төкенов

Бейнеу ауданы әкімінің м.а.                                                        Т.А. Қыланов

Маңғыстау облысының

кәсіпкерлер палатасының

Жаңаөзен қалалық

Филиалының директоры                                                                 А.А. Шарапатдинов

«Маңғыстау-Адалдық

алаңы»  жобалық офисінің басшысы                                        Д.М. Үсіпбаев

«Маңғыстау облысының Төтенше

жағдайлар департаментінің

Өнеркәсіптік қауіпсіздік

Басқармасының Қазандық, газ

шаруашылықтары және көтергіш

құрылыстары объектілерін

мемлекеттік бақылау және

қадағалау бөлімінің бас маманы»                                                        Т.К. Ережепов

Дата публикации
14 июля 2025