«Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2023 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді. Ол өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Ережені басшылыққа алады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін басқарма басшысы Мұраталиев Дастан Яхияұлы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 23.05.2023 ж. № 01-14/23 бұйрық шығарды.
«Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 23.05.2023 ж. №01-14/23 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, 26.07.2024 жылғы №01-14/30 бұйрығына сәйкес, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты жұмыс тобына өзгерістер енгізіліп, төмендегідей бекітілді:
Жұмыс тобының төрағасы: Мұраталиев Дастан Яхияұлы – «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ басшысы;
Жұмыс тобының мүшелері:
- Сансызбаев П. Б. – «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ басшысының орынбасары;
- Назарбаев Айдос Халдыбайұлы – «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ сауда және қызмет көрсету саласы бөлімінің басшысы;
- Жамелбек Парасат Сұңғатұлы – «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ кәсіпкерлікті қаржылық-кредиттік қолдау бөлімінің басшысы;
- Жақсыбаева Ақұлпа Ерболқызы – «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ жоспарлау және мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы;
Жұмыс тобының хатшысы:
- Ордабаева Г.К. – «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ жоспарлау және мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі - 2023 жыл
Сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау жүргізу мерзімі 2024 жылдың 03 маусым айынан басталып 30 жұмыс күнді құрайды.
Сипаттама бөлігі:
«Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 2023 жыл басында 15 бірлікті құрады. Басқару құрылымы бойынша 3 бөлімнен құралған, оның ішінде:
Басқарма басшысы-1 бірлік,
Басшы орынбасары-1 бірлік.
Бас маман-есепші-1 бірлік;
Кәсіпкерлікті қаржылық-несиелік қолдау бөлімі - 4 бірлік (3 мемлекеттік қызметші,1 статистик),
Жоспарлау және мемлекеттік қызметтер бөлімі - 4 бірлік (3 мемлекеттік қызметші, 1 статистик),
Сауда және қызмет саласы бөлімі - 4 бірлік (3 мемлекеттік қызметші, 1 - статистик).
Конкурс арқылы тағайындау мәселелері бойынша:
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына сәйкес, талданатын кезеңде 2022 жылы 5 конкурс өткізілді, оның ішінде: ішкі конкурстар саны – 3, жалпы конкурстар саны – 2 құрады, 2023 жылы 4 конкурс өткізілді, оның ішінде жалпы конкурстар саны – 3, ішкі конкурс саны – 1 бірлікті құрайды. Конкурс өткізу өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне қарағанда 80%-ға азайған.
Жыл басынан бастап мемлекеттік қызметке қабылдаудың, тәртіптік жаза қолданудың және алып тастаудың барлық конкурстық рәсімдерін облыс әкімі аппаратының жанындағы персоналды басқарудың бірыңғай қызметі жүзеге асырады, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды.
Мемлекеттік қызметке конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша – 4 адам қабылданды. Атап айтқанда, конкурс бойынша басқарманың 1 мемлекеттік қызметшісі жалпы конкурс арқылы бас маман лауазымынан бөлім басшысы лауазымына, 1 мемлекеттік қызметші жалпы конкурс арқылы басшы лауазымынан бас маман лауазымына тағайындалды. 1 мемлекеттік қызметші бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс жасаған, алайда 2021 жылы өз еркімен жұмыстан босатылған. Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 11 бабы 2 тармағы негізінде активтері мен міндеттемелері, кірістері мен мүлкі туралы декларацияны уақытылы тапсырып, қызметке тағайындалды. 1 мемлекеттік қызметші өзге мемлекеттік органнан 1 күнде босатылып, жалпы конкурс арқылы сол күні қызметке тағайындалды.
Ауысу тәртібімен тағайындау бойынша:
2023 жыл басында бос лауазымдарға «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі» Қазақстан Республикасының заңы 27 бабының 10 тармағы және «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 жарлығы «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен ауысу тәртібімен орналасу қағидаларының 2 тармағына сәйкес конкурстық іріктеу жүргізбей, соның ішінде 1 қызметші бас маман лауазымынан (негізгі қызметкер баласы 3 жасқа толғанға дейінгі декреттік демалыста) босап, бос тұрған бас маман лауазымына тағайындалды. 1 мемлекеттік қызметші бас маман лауазымынан басшы лауазымына ауысу тәртібімен тағайындалды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша бос лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізу кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар (протекционизм, отбасылық) беру фактілері анықталған жоқ.Теріс себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босату және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапқа тартылған фактілер жоқ.
Лауазымға тағайындау тәртібі мәселелері бойынша басқарма бос орындағы лауазымға мемлекеттік қызметшілерді облыс әкімі аппаратының жанындағы персоналды басқарудың бірыңғай қызметімен жүзеге асырылған конкурстық хаттама нәтижесінде іріктеуден өткен үміткерлерді «Е-қызмет» порталы арқылы жұмысқа қабылдайды және тағайындайды.
Басқармада конкурстық іріктеуді өткізбей лауазымға тағайындау, конкурстық іріктеуді ресми жүргізу, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау мәселелері орын алмаған.
2023 жыл басынан бері 4 бос жұмыс орны конкурс арқылы өткізіліп, біліктілік талаптары, қажетті құжаттар тізбесі, іріктеудің әртүрлі кезеңдеріне жіберілген адамдар туралы ақпараттар уақытылы орналастырылып отырды. Конкурс өткізу жөнінде хабарландырулар басқарманың ресми сайтына жарияланып, барлық конкурсқа қатысқан кандидаттар әңгімелесуден өткен. Әңгімелесу кезінде кандидаттар үшін тең жағдайлар қарастырылған.
Конкурстарды өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында әңгімелесулер байқаушылардың қатысуымен өткізілді. Конкурс өткізу нәтижесі бойынша барлығы 4 байқаушы қатысқан.
Кандидаттарды жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдайтын адамдарда мүдделер қақтығысын орын алмаған.
«Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметшілерге жалақылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 687 «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 21 желтоқсандағы № 302 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы, Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп Қаулысының 43 қосымшасын басшылыққа ала отырып төленеді. Яғни жыл басында арнайы Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқарманың қызметкерлеріне еңбекақы алуға құқық беретін еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссиясы отырысы өткізіліп, еңбек өтіліне қарай ақы төлеу категориясы анықталады.
Басқармамен 2023 жылы алынбаған тәртіптік жазалар болған кезде қызметкерлерді көтермелеу орын алмаған.
Басқармада жұмыс нәтижелеріне қарамастан, қызметкерлерді талдау объектісінің лауазымды адамдарының қалауы бойынша көтермелеу орын алмаған; Тәртіптік жазаларды тым қысқа мерзімде алып тастау орын алмаған. Заңнаманы бұзған немесе оған жол берген, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзған немесе шектеу орын алмаған.
Мүдделер қақтығысын реттеу:
"Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша Басқарманың жұмыс тобы мүдделер қақтығысының болмауына, қызметкерлердің басқарма басшыларымен жұмысқа қабылданған үлестестігіне, кадрлардың ауысу себептеріне, қызметкерлерді жұмыстан шығаруға (лауазымын төмендетуге), бірлескен жұмысқа сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. Басқарма қызметкерлерінің арасында жақын туыстары, жұбайлары мен жекжаттары, бір бөлімде туыстық бауырлардың жұмыс жасауы орын алмаған.
"Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" ММ қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, заңсыз сыйақы және коммерциялық пара беру жөніндегі Нұсқаулық, "Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" ММ қызметкерлері мен басшылығының мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі саясат әзірленді.
Басқармада мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу бойынша мониторинг жүргізу бойынша жауапты тұлға бекітілді. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық нұсқаулықтары бекітіліп, мемлекеттік қызметшілерге теңдей дәрежеде функционалдық қызметтері бөлінген. Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттемелерін орындау кезіндегі мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
Басқармада алқалы органдардың қызметін реттейтін құжаттар жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету:
2023 жылы Басқармаға бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2 түрі ұсыну көзделген, олардың 1-і толық автоматтандырылған, бұл мемлекеттік қызметтердің көрсету кезінде қызмет алушымен тікелей байланысты болдырмайды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады:
Көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері:
Аталған қызмет түрлері "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына сәйкес ұсынылады.
2023 жылы Басқармадағы мемлекеттік қызметтер «Kezekte.kz.» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілді. 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қызметі бойынша 2023 жылы бойынша өтінім келіп түспеген.
2023 жылы аталған қызмет түріне 250 млн.теңге сомасына жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді, қызмет түрі электронды түрде жүргізілді. Конкурсқа құжат қабылдау 19-27 маусым аралығында кәсіпкерлерден өтінім қабылданды. Грант сомасы 5 млн.теңгеге дейін құрайды. Ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар алуға «Kezekte.kz.» ақпараттық жүйесі арқылы 881 өтінім келіп түсті. Оның ішінде, 589 өтінім қабылданды, 53 өтінім мақұлданды, 74 өтінім кәсіпкермен кері қайтарылды, 218 өтінімнен құжаттардың және оның құрамындағы мәліметтердің дұрыс болмауына, кәсіпкердің қағида бойынша талап етілген құжаттарды толық тапсырмауына, кәсіпкердің жобасының экономиканың басым секторларына сәйкес келмеуі, өтінімді дұрыс толтырмауы, құжаттардың толық болмауына байланысты бас тартылды.
Мемлекеттік қайтарымсыз гранттар беру конкурстық комиссия отырысында қаралады. Облыс әкімінің 2023 жылғы 16 маусым №51-ө өкімімен гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия бекітілді.
«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларының» 16 тармағында: «Конкурстық комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және конкурстық комиссия мүшелерінен тұрады. Жергілікті атқарушы органдар мен қаржы агенттігінің өкілдері конкурстық комиссияның төрағасы бола алмайды. Конкурстық комиссия жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми-білім беру мекемелерінің өкілдерінен, салалық сарапшылардан, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарынан кемінде 7 (жеті) адамнан құралады.» делінген. Жоғарыда аталған конкурстық комиссияда мүдделелер қақтығысы орын алмаған. Конкурстық комиссия жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми-білім беру мекемелерінің өкілдерінен, салалық сарапшылардан, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құралған.
Мақұлданған 53 жоба бойынша кәсіпкерлермен келісімшарт жасақталып, кәсіпкерлерге жолданған.
мемлекеттік гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қол қою дауыс беру нәтижелері мен конкурстық комиссияның қорытынды шешімі веб-портал арқылы жүзеге асырылған.
2023 жылы мақұлданған жобалар саны 53 бірлікті құрады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 14% көбейген, атап айтқанда 2022 жылы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру үшін республикалық бюджеттен 34 308,0 мың теңге қаражат бөлініп, 4 жоба мақұлданды, аталған қызмет түрі электронды түрде жүргізілді. Конкурс өткізу барысында кәсіпкерлерден 243 өтінім түсіп, оның 239-нан бас тартылды.
Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында басқармамен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қызмет алушы кәсіпкерлерді басқарма қызметкерлері жеке қабылдап, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, өткізілген түсіндіру іс-шараларының саны – 77 бірлікті құрады (Басқарманың Instagram (mangystau.business) және facebook әлеуметтік желілерінде жарияланды). Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасында негізсіз бас тарулар, бас тарту мерзімдерінің бұзылуы орын алмаған.
Басқарманың жоспарлау және мемлекеттік қызметтер бөлімінің бөлмесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат тақтада орнатылған, қолжетімді. Сонымен бірге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат тақтада ілінген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есептік көрсеткіштердің дәйектілігі, нормативтік құқықтық актлер талаптарының, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың орындалуы мен сақталуы, ақпараттық жүйелердің жұмысы, басқарманың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының толтырылуы қаралды.
Басқармада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды түрде болуына байланысты «Өзіне өзі қызмет көрсету секторы» қызмет алушыларға ашу қажеттілігі жоқ. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі басқарманың интернет жүйесі арқылы басқарманың сайтына және әлеуметтік желілерінде инфографика түрінде, тікелей эфирде және бизнес тренингтер жүргізу арқылы түсінік жұмыстары жүргізілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап ету фактлері орын алмаған. Басқармамен мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Kezekte.kz порталы пайдаланылады, ақпараттық жүйе белгіленген тәртіп бойынша жұмыс жасады. Ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде мемлекеттік қызмет көрсету процестерін «қолмен» түзету мүмкіндігі орын алмаған. Басқармамен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электрондық түрде көрсетілгендіктен қызмет алушы мен қызмет берушінің арасында тікелей байланыс орын алмаған. Мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін құқықтық актіні тым ұзақ қабылдау орын алмаған. Басқармада «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жоқ.
Ішкі талдау жүргізу барысында мемлекеттік қызмет көрсету барысында келесі тәуекелдер анықталды:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 43 қаулысының 39 тармағына сәйкес «Конкурстық комиссия мүшелері мәлімдеген жобаны қарау кезінде дискрециялық тәсілді басшылыққа ала алмайды» Жобаны қарау мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды»,- делінген. Алайда, конкурстық комиссияда мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі сақталмағаны анықталды. Кәсіпкерлермен өтінім құжаттары 15-28 маусым аралығында қабылданған. Басқармамен конкурстық комиссияда кәсіпкерлермен өтінімдер жобалары 6.07.- 9.07.2023 жыл аралығында қорғалған. Жоба қорғаған күннен бастап конкурстық комиссия 5 жұмыс күн ішінде электрондық хаттамаға қол қою тиіс. Комиссия отырысында 06.07.2022 жылы қаралып, комиссия мүшелерімен 3 жұмыс күнге кешіктіріліп, 12.07.2022 жылы қол қойылған. Осындай бұзушылықтар саны 53 өтінімде көрсетілген.
«Мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс өткізу барысында конкурстық комиссия мүшелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
Ішкі талдау жүргізу барысында мемлекеттік қызмет көрсету барысында келесі тәуекелдер анықталды:
«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларының «2-параграф. Мемлекеттік гранттарды беру тетігі 39. Өңірлік үйлестіруші веб-портал арқылы өткізілген конкурс нәтижесі бойынша:
1) грант беру туралы электрондық шартты қалыптастырады және оны конкурстық комиссияның хаттамасы бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне келісуге жібереді; делінген. Алайда, өңірлік үйлестіруші мен қаржы агенттігі және 53 жеңімпаз кәсіпкерлердің арасында келісімшарттар 24 жұмыс күніне кешіктіріліп жасалған.
Мемлекеттік гранттар беру барысында мемлекетік қызмет беруші грант беру туралы электрондық шартты қолданыстағы заңнаманы негізге ала отырып жасақтауды қолға алсын. Мемлекеттік қызмет беруші қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша оқу курстарына жолдансын және/немесе жоғары тұрған органдардан тағылымдамадан өтсін.
Рұқсат беру функцияларын іске асыру: «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінде рұқсат беру функциялары жоқ.
Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру: «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінде бақылау-тексеру функциялары жүзеге асырылмайды.
Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу:
Мемлекеттік сатып алу бойынша
Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегіде мемлекеттік сатып алу порталы арқылы тауарлар, жұмыстар мен қыземттерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Мемлекеттік сатып алуды жүргізу барысында басқарма "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының, "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығының нормаларын басшылыққа алады.
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының негізінде 22.12.2023 жылы 01-14/65 бұйрығымен 2023 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары әзірленіп және бекітілді және мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылды (жалпы саны 30 тармақтан құралған, жалпы сатып алу көлемі - 23087351.79 тг.)
Басқарма бюджет бекітілген уақыттан бастап 10 жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5 бабы 2 тармағы 6 тармақшасы 6 тармағы және Қазақстан Республикасының қаржы министрінің 2015 жылғы 1 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын негізге ала отырып мемлекеттік сатып алу жоспары мемлекеттік сатып алу порталына уақытылы енгізілген.
2023 жылы жалпы сомасы 24 961 305,09 теңгеге іс жүзінде мемлекеттік сатып алу жүргізілді. оның ішінде :
001-015-149 ерекшелік бойынша бағалы ұсыныстарға сұраныс тәсілімен және Алдын ала біліктілік іріктеумен Конкурс өткізу арқылы 488782,09 теңге сомасына 15 лот бойынша кеңселік тауарларға мемлекеттік сатып алу жүргізілді.
001-015-159 ерекшелік бойынша
Ішкі талдау жүргізу барысында мемлекеттік сатып алу заңдылығына қайшылықтары негізінде келесі тәуекелдері анықталды:
2023 жылға мемлекеттік сатып алу жоспарына 56212591 лоты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы персонал/қызметкерлерді оқыту қызметі» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 39-баптың 3-тармағы 45 тармақшасы негізінде «көрмелер, семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер материалдарын сатып алу, сондай-ақ аталған мемлекеттік сатып алулар Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына оны нақтылау кезінде енгізілген кезде көрсетілген іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу» тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу» 113 850,0 теңге сомасына тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен қызмет берушіге келісімгарт жолданған.
Алайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 18.05.2023 жылы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі хабарламасына сәйкес «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30 бабы 4 тармағы 1 тармақшасына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 41 бабы 1 тармақшасы негізінде «Осы Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу мұндай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген өзге де тәсілдермен сатып алу мүмкін болмаған айрықша жағдайларда жүзеге асырылады» осы баптың 5 тармағында «Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 4-бабының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаты сақтала отырып жүзеге асырылады» делінген.
Осы Заңның 4 бабында «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары: Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру:
1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
2) осы Заңда көзделгеннен басқа жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, сатып алуға қатысушылар арасында сөз байласуға жол бермеу;
4) мемлекеттік сатып алу процесінің, оның ішінде өнім берушілердің коммерциялық құпияға заңды құқықтары сақтала отырып (мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін), ашықтығы мен айқындығы;
5) отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету;
6) мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі;
7) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;
8) инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
9) сатып алынатын тауарлар құрамындағы зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау қағидаттарына негізделеді».
Осы заңның 41 бабы 3 тармағында «Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған нысан бойынша, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы есепті орналастыруға міндетті.
Есепте мыналар қамтылуға тиіс:
1) мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу туралы шешім қабылдаған лауазымды адам туралы мәліметтер;
2) осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген өзге де тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың мүмкін болмауы себептерінің негіздемесі;
3) өнім берушіні таңдау негіздемесі;
4) мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт бағасының негіздемесі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарттың өзге де талаптары»делінген.
2023 жылға мемлекеттік сатып алу жоспарына 56212591 лотын зерделей отырып, тапсырыс беруші аталған лотты сатып алу кезінде негіздеме файлына Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңын негізге алған. Бұл осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген өзге де тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың мүмкін болмауы себептерінің негіздемесіне сәйкес келмейді. Осы себепті жоғарыда аталған лотты мемлекеттік сатып алу заң бұзушылық тәуекеліне әкеледі.
Осыған байланысты басқарманың «Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді 2023 жылғы мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіту туралы» 2022 жылғы 22 желтоқсандағы №01-14/65 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, 56212591 лоты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы персонал/қызметкерлерді оқыту қызметі» «тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен» сөзі «бағалы ұсыныстарға сұраныс» тәсілімен өзгертілді.
Ұсыныс:
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, жыл сайынғы өзгерістерді ескере отырып, мемлекеттік сатып алу қызметімен айналысатын маманға заң бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізсін, біліктілігін арттыру бойынша оқу курстарына жолдау қаралсын.
"Маңғыстау облысы бойынша қаржы басқармасы" ММ-ге ай сайын 12 есеп (тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы) беріледі.
"Маңғыстау облысы бойынша қаржы басқармасы" ММ-не жеткізушілері мен шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы тоқсан сайын есеп беріледі.
Ашық конкурс өткізу нәтижесінде өтінімдер уақытылы қабылданып, хаттамалар мемлекеттік сатып алу порталына уақытылы орналастырылған. Конкурс өткізу барысында түзетулер орын алмаған. Жалған актлер бойынша ТЖҚ сәйкес келмейтіндерді қабылдау орын алмаған. 2023 жылға мемлекеттік сатып алудың күшін жою фактлері орын алмаған. Тапсырыс беруші мен жабдықтаушының арасында сөз байласу орын алмаған.
Басқармада мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің саны мен көлемінің олардың нақты қажеттілігіне сәйкес келеді. Мемлекеттік сатып алу жоспары бойынша бюджеттік өтінімге сәйкес тауар бірлігіне белгіленген баға негізді. Бюджеттік өтінім жолдау кезінде 3 немесе одан көп бағалық ұсыныстар арқылы тауарлардың жоспарланған құнының нарықтық құнына сәйкес келеді. Сатып алуды бәсекелес өнім берушіге қатысты техникалық ерекшеліктерде «ұштау» деп аталатын сипаттамалары орын алмаған. 2023 жылға мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары тарапынан тексерулер жүргізілген жоқ. Жабдықтаушының тауарды жеткізу, жұмыстар мен қызметтер көрсету шартынан туындайтын міндеттемелерді уақтылы және сапалы орындалған.
2023 жылы бюджет қаражатының игерілуі
Басқармадағы қаражат жергілікті бюджеттен трансферттерге ғана беріледі. Бюджет және қаржы қаражатын игеру бойынша есептілік уақытылы пысықталып тапсырылып отырады. Игеру 100% құрайды.
|
Бюджеттік классификатор коды |
Бағдарлама атауы |
Бюджет 2023 жыл |
31.12.2023 жылға жоспарлы қаржыландыру |
31.12.2023 жылға игеру |
% орындалуы |
Орындалдмаған сома |
||
|
АБП |
Бағдарлама |
Кіші бағдарлама |
||||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
278 |
001 |
015 |
Кәсіпкерлік және сауданы дамыту саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер |
132 961,0 |
132 961,0 |
132 921,5 |
100% |
39,5 Экономия |
|
278 |
004 |
015 |
Жеке кәсіпкерлікті қолдау |
245 579,0 |
245 579,0 |
245 578,6 |
100% |
|
|
278 |
006 |
015 |
Несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау |
1 564 000,0 |
1 564 000,0 |
1 564 000,0 |
100% |
|
|
278 |
007 |
015 |
Несиелер бойынша ішінара кепілдендіру |
435 313,0 |
435 313,0 |
435 313,0 |
100% |
|
|
278 |
008 |
015 |
Кәсіпкерлік қызметті қолдау |
77 985,0 |
77 985,0 |
77 985,0 |
100% |
|
Маңғыстау облысында 2023 жылы шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – Ұлттық жоба) шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, микрокредиттер бойынша портфельдік субсидиялау, ішінара кепілдік беру, мемлекеттік гранттар беру, сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдау шаралары іске асырылды.
Ұлттық жоба шеңберінде 2023 жылға республикалық бюджеттен 13 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 2,2 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде:
* анықтама үшін: Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының шотына тікелей аударылады.
2023 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық жоба шеңберінде 57,8 млрд. теңге сомасына 1 668 жоба қолдау алып, нәтижесінде 410 жаңа жұмыс орындары ашылады және 777 жұмыс орны сақталатын болады. Оның ішінде:
- Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау бойынша 48,2 млрд. теңге несие қаражатына 1 015 жоба қолдау алды;
- Ішінара кепілдендіру бойынша 9,6 млрд. теңге кепіл сомасына 653 жоба қолдау алды.
Ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар бойынша конкурстық рәсімдердің нәтижесінде сомасы 245,6 млн. теңге болатын 53 кәсіпкер мемлекеттік грант ұтып алды. Аталған кәсіпкерлер жобаларын сәтті жүзеге асырған жағдайда 169 жаңа жұмыс орыны құрылатын болады.
Анықтама үшін: барлығы 881 өтінім түсіп, 589 өтінім конкурстық комиссияның қарауына жолданды.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын жүзеге асыру, кәсіпкерлерді және кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтарға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Ақтау, Жаңаөзен қалаларында және барлық аудан орталықтарында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары жұмыс жасап жатыр. Орталықта бизнес-пландар жасақтау, маркетолог қызметтері бойынша кеңестер, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша консультациялар, кәсіпкерлікке баулу мақсатында семинар-тренингтер, бухгалтерлік және салық есебін жүргізу бойынша консультациялар және т.б қызметтер көрсетіледі. 2023 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 4 053 қызмет көрсетілді.
Бюджет және қаржы қаражатының елеулі сомаларымен операция жасау кезінде «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту бойынша» ұлттық жоба аясында көрсетілетін мемлекеттік қаржылық қолдаулардың мониторингісін ұлттық жобаның қаржы агенті «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүргізеді. басқармада ішкі аудит, ішкі бақылау жөніндегі функцияларды орындайтын бөлімшелердің жоқ. Алдыңғы 2 жылда басқарманы бюджет және қаржы қаражатының елеулі сомаларымен операция жүргізген кезде Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен тексерулер жүргізілді. Басқарманың бюджет және қаржы қаражатын жұмсаудың ашықтығын басқарманың ресми сайтына және «Ашық бюджет», «Publicbudgeting», ақпараттық жүйелеріне үнемі орластырылып отырады, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 6-бабы 9-тармағы тұрақты сақталған.
Басқарма қызметкерлерінен ай сайынғы еңбекақы төлеуінен ұсталынатын салықтар ай сайын төленіп отыр. Салықтар мен өзге де төлемдер уақытылы орындалып отыр. Басқарма өкілдерінің және салықтар мен өзге де төлемдер тоқсан сайын 200 нысан бойынша салық комитетіне ұсынылып отырады. Салықтарды төлеу және өзге де төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау рәсімдерінің күрделілігі жоқ Салықтарды және өзге де төлемдерді жинау кезінде пайдаланылатын ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс істеп тұр.
Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану:
Басқарма тікелей IT-саласына қатысты мекемелермен келісімшартқа отырмаған. Басқарманың министрлікмен бекітілген ресми сайтына басқармаға қатысты барлық бюджеттік ақпараттар уақытылы орналастырылып отырады. Бұл басқарманың бюджеттік ашықтығын білдіреді.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:
Басқарма қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру және оқыту іс-шаралары 2023 жылға қарастырылған. Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау фактілері орын алмаған. Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері орын алмаған. Жұмыскерлердің сыбайлас жемқорлық фактілері орын алмаған. Басқарма қызметкерлері 2023 жылы мемлекеттік сатып алу порталы арқылы келісімшарт жасақталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң бойынша 11 қызметкер оқытылды, сертификат алынды.
Жүргізілген талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Басқармада 2 кеңес, 3 комиссия құрылды.
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 25 қарашадағы №227 қаулысына сәйкес 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі құрылды. комиссия құрамы 14 мүшеден тұрады, олардың 50% - ы бизнес қауымдастықтардан тұрады.
Өңірлік үйлестіру кеңесі экономиканың тұрақты және теңгерімді өсуі және өңірдің бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында құрылған. Өңірлік Үйлестіру Кеңесі Маңғыстау облысы әкімінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Өңірлік үйлестіру кеңесінің негізгі міндеті облыстың шағын және орта кәсіпкерлігі үшін бизнес-ахуалды жақсарту, Өңірлік үйлестіру кеңесінің қалалық және аудандық салалық жұмыс топтарының қызметін үйлестіру жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстар болып табылады.
Өңірлік үйлестіру кеңесі кәсіпкерлердің жобаларын бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкестікке қарау, кәсіпкерлердің жобаларын қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру, жобалардың өндірістік қуаттарын ұлғайту жөніндегі мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың өлшемшарттарына сәйкестікке қарау, ауылдық елді мекендер, шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын кеңейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу жөніндегі функцияларды орындайды.
2023 жылға кәсіпкерлер тарапынан өтінім түспеуіне байланысты Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілмеді.
Маңғыстау облысы әкімінің жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесі Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылы 31 қаңтардағы №12-ө өкімімен құрылды.
Сараптамалық кеңестің құрамы кәсіпкерлер палатасынан, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінен, коммерциялық емес ұйымдардан, аккредиттелген ұйымдардан заңнамада белгіленген тәртіппен, сондай-ақ мемлекеттік органнан қалыптастырылады. Сараптамалық кеңес Маңғыстау облысы әкімінің жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган:
1) кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу;
2) кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
3) кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актлердің жобаларына, реттеушілік саясаттың консультативтік құжатына, ҚР халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ ҚР қатысушсы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына сараптама кеңестерінің сараптама қорытындыларын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін құрылатын консультативтік – кеңесші орган.
2023 жылы қаңтардан маусымға дейін 7 отырыс өткізілді.
«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссиясы Маңғыстау облысы әкімінің 21.11.2022 жылы 105-Ө өкімімен бекітілген.
Комиссияның мақсаты - Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тежеу. Оның ішінде айналым схемасы арқылы кәсіпкерлік субъектілерге қарыз беру арқылы және тұрақтандыру қорына тауарларды сатып алу және интервенция жасау арқылы бағаны тежеу.
Комиссия әрекеті - Айналым схемасы арқылы қаражат алуға ниет білдірген кәсіпкерлік субъектілердің өтініші тіркелген жағдайда және тұрақтандыру қорындағы тауарларды жаңарту немесе толықтыру үшін комиссия отырысы ұйымдастырылады.
Комиссия құрамы - Облыс әкімінің кәсіпкерлік және сауда мәселесі бойынша орынбасары, кәсіпкерлік, сауда және ауыл шаруашылығы басқармаларының қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері Комиссия мүшелері болып табылады.
Комиссия Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 қаулысы және Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары негізінде құрылды.
Комиссия отырысы: 2023 жылдың қорытындысы бойынша ӘМАТ тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөнінде 6 комиссия отырысы өткізіліп, 11 өтініш қаралды. Нәтижесінде 8 кәсіпкерлік субъектісіне - 1 млрд. теңге көлемінде қаражат беру мақұлданды.
Нәтижесінде, мамандандырылған ұйыммен 8 кәсіпкерлік субъектісіне - 5,8 мың тоннаны құрайтын, 11 тауарды белгіленген бағада сатуға - 1 млрд. теңге берілді.
Анықтама: картоп-3255, сәбіз-880, пияз-687, қырыққабат-248, қарақұмық жармасы – 54, рожки- 202, күнбағыс майы-72, ұн-136, күріш-153, тұз-85 тонна, тауық жұмыртқасы – 604 мың дана.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі комиссиясы Маңғыстау облысы әкімінің 25.07.2023 жылы 61-Ө өкімімен бекітілген.
Комиссияның мақсаты - Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге:
1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінен 15%-ға асып түскен жағдайда;
2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінен асуымен қоса 30 күн ішінде бөлшек сауда бағаларының бір уақытта 30%-ға өсуі кезінде күнтізбелік 15 күннен кейін қайта қарау мүмкіндігімен белгілейді.
Комиссия әрекеті - Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бекітілілген шекті мәндерінен 15%-ға асып кетпеуін қадағалау бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізеді.
Комиссия құрамы - Комиссияның Төрағасы облыс әкімінің орынбасары болып табылады. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды және комиссияның ұсынымдар қабылдау кезіндегі дауыс беру құқығына ие емес. Комиссия құрамына жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өкілдері, ішкі сауда субъектілерінің және салалық қауымдастықтар мен одақтар өкілдері кіреді. Ішкі сауда субъектілерінің өкілдері Комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде 40% құрайды.
Азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегіндегі делдалдық схемаларын тергеп-тексеру бойынша комиссия Маңғыстау облысы әкімінің 25.07.2023 жылы 62-Ө өкімімен бекітілген.
Комиссияның мақсаты - Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының үстеме ақысын негісіз 15%-дан кәсіпкерлік субьектілерді анықтау, тиісті шаралар қабылдау, делдалдарды жою.
Комиссия әрекеті- Маңғыстау облысы сауда және тұтынушыларың құқықтарын қорғау департаменті, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінен ӘМАТ – бағаларын заңнамада белгіленген сауда үстемесінен асырып отырған кәсіпкерлік субъектілерді анықтап, комиссия отырысының күн тәртібіне ұсынады.
ҰСБ деректері негізінде (апта сайынғы ӘМАТ бағасының статистикасы) ӘМАТ бағасының өсу қарқыны жоғары тауарлардың тізбесін анықтап, ақпаратты комиссия хатшысына береді. Осыған орай комиссия құрамы шақырылып комиссия отырысы ұйымдастырылады.
Комиссия құрамы - Маңғыстау облысы әкімінің 25.07.2023 жылы 62-Ө болып бекітілді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары, кәсіпкерлік, сауда және ауыл шаруашылығы басқармаларының қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері Комиссия мүшелері болып табылады.
Комиссия Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеу тізбегінің делдалдық схемаларын тергеу жөніндегі өңірлік комиссия жыл басынан бері 88 отырыс өткізілді, отырыс қорытындысы бойынша заңнаманы бұзудың 44 фактісі анықталды. Оның ішінде 38 кәсіпкерлік субъектіге әкімшілік ескерту хаттамасы, 6 кәсіпкерлік субъектіге 450 225 теңгеге айыппұл салынды.
Анықтама: 2-рет «Altyn Dan Trade» ЖШС картоп, сұйық май, қарақұмық жармасы, жұмыртқа – 388 125тг, «Ақтау Өнім» ЖШС күріш – 17 250 тг, «Жеті-Түс» ЖШС сәбіз, қырыққабат - 17 250 тг, ЖК Сандибаев екі түрлі баға – 10 350 тг және ЖК Ершеева қырыққабат – 17 250 тг. айыппұл салынды.
Жоғарыда аталған комиссиялар бойынша мүдделер қақтығысы орын алмаған.
Басқарма Ережесі басқарманың ресми сайтына жарияланған. «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері: жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік сауда саясатты жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады.
«Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: Маңғыстау облысында жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын, Маңғыстау облысында кәсіпкерлік және сауда саласы бойынша мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және жауапты болады, өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiкті қолдау инфрақұрылымы объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етеді, жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды, сараптама кеңесінің қызметiн ұйымдастырады, Маңғыстау облысының әкімдігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптама кеңесі жанындағы жұмысшы органның функциясын жүзеге асырады, жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының қатысуымен өңірлерде кәсіпкерлікті қолдау карталарын әзірлейді, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді, Маңғыстау облысында бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларын іске асыру аясында жобаларды қарау жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесі жанындағы жұмыс органының қызметін жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде Маңғыстау облысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, өз құзыретi шегiнде Маңғыстау облысының ішкі сауда субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады, Маңғыстау облысында жеке кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады, Өңірде командалық-штабтық оқу-жаттығу және төтенше жағдайларға дайындық және өткізу кезінде азық-түлік және азық - түлік емес тауарларымен бірінші қажеттілік қамтамасыз ету бойынша іс-шараларын ұйымдастыруды жүзеге асырады, «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесін цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды жүзеге асырады, электрондық сауданы дамыту бойынша іс-шараларды жүзеге асырады, Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы іс-шараларын ұйымдастыру, жоспарлау және орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүзеге асырады, «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Мемлекеттік қыметшілердің лауазымдық нұсқаулықтары Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 20 бұйрығына сәйкес жасақталған. Мемлекеттік қызметшілер функционалдық қызметтерін лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес атқарады. Барлығына уақытылы таныстырылып, қолдары қойылған.
|
|
||
|
Жұмыс тобының төрағасы: |
|
Мураталиев Д.Я. |
|
Жұмыс тобының мүшелері: |
|
|
|
|
|
Сансызбаев П. Б.
|
|
|
|
Назарбаев А.Х.
|
|
|
|
Жамелбек П.С.
|
|
|
|
Жақсыбаева А.Е. |
|
Жұмыс тобының хатшысы: |
|
Ордабаева Г.К. |
|
|
|
|