Отчет jб обращениях от физических и юридических лиц Управления предпринимательства и торговли Мангистауской области за 1 квартал 2024 года

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік органдардың өтініш берушілермен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі қағидаттарын іске асыру бағытында Маңғыстау облысында жүйелі жұмыс жүргізілуде.

«Е-Өтініш» бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен кез-келген жолданымдар ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті (ӘРПК) басшылыққа ала отырып, орындалу талаптарының нормалары сақталып, уақытында тіркеліп, өтініш иелеріне тиісті жауаптары берілуде және  өтініштердің мерзімдерінің бұзылуының  алдын-алуда Маңғыстау облысы әкімінің аппараты өтініштерді қарауды бақылау бөлімі тарапынан тиісті деңгейде бақылау қамтамасыз етілуде.

Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасына (одан әрі - БАСҚАРМА) 2023 жылдың тоқсаны (қаңтар-наурыз айлары)  барлығы 11 өтініш келіп түскен, оның ішінде - 7 арыз, 2 сұранысты құраса, 2024 жылдың                    1 тоқсаны бойынша (қаңтар-наурыз) 23 өтініш келіп түсті, оның ішінде 2 сұраныс, 21 өтініш. 2023 жылмен салыстырғанда 48%-ға көбейген.

Қазіргі таңда  тапсырмалар уақытымен орындалып, ұдайы бақылауда.

Өтініштердің көп бөлігі төмендегідей мәселелерді қамтиды:

 

 

 Өтініштердің  сұрақтары

2023 жылдың

1 тоқсаны

2024 жылдың

1 тоқсаны

Динамика

(+,  -)

1

Кәсіпкерлік мәселелер

0

3

-

2

Сауда мәселесі (сауда орындарын құру, азық-түлік мәселесі)

5

4

-

3

Семинарлар, біліктілікті арттыру

2

0

=

4

Несие, субсидия, кепілдік беру,  

2

1

-

5

Форумдар, дөңгелек үстелдер,көрме-жәрмеңкелер өткізу,ұйымдастыру, шақыру

2

2

-

6

БАҚ ақпарат сұрату

0

4

+

7

Ақша қаражатын өндіріп алу, бонустар төлеу

0

7

+

8

Тұтынушылардың құқығын қорғау

0

0

-

9

 

 

 

 

 

 

Жауап беру мерзімі  бұзылып қаралған өтініштер жоқ   

Ағымдағы жылдың 1 тоқсаны  бойынша  арыз-шағымдар өз мерзімінде орындалып, арыз иелеріне жауап берілген. Арыз-шағым иелерімен қандайда бір келіспеушілік болған жоқ.

Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде көтерілген мәселелер жан-жақты қаралып, заңдылық аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мәселелерді заңдылыққа сәйкес барынша шешу жолдары қарастырылуда.

Арыз-шағымдардың басым бөлігі кәсіпкерлік мәселелеріне, сауда орындарын ашу,БАҚ-на ақпараттар сұрату, 2023 жылы жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілердің қызметіне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша бонустар төлеу мәселелері.

Басқармамен «Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылық қолдау қағидаларын, нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 21 қарашадағы № 410-НҚ, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 412, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 299, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 327, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 401, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 450-НҚ, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 16, Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2023 жылғы 23 қарашадағы № 91, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 84, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 347, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 572/НҚ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 598 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 23 қарашадағы № 167 бірлескен бұйрығына сәйкес, басқармамен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2 түрі көрсетіледі, атап айтқанда:

  1. осы бірлескен бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес, «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру;
  2. осы бірлескен бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес, «Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу»;

Бүгінгі күнде аталған бұйрыққа сәйкес «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру» атауы «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру» болып өзгерді. Әлеуметтік кәсіпкерлерге гранттар беруге ағымдағы жылы 100 млн.теңге қаражат бөлінді. Бұл қаражатқа кемінде 20 кәсіпкерге грант беру және 30-ге жуық жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Әлеуметтік кәсіпкерлерге гранттар беру ағымдағы жылдың мамыр айына жоспарланған.  

Осыған байланысты ағымдағы жылдың І тоқсанында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін реттеу бойынша Арнаулы комиссияның 2 отырысы өтті, атап айтқанда:

- әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін өзектендіру бойынша;

- заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосу мәселелерін қарау бойынша;

Облыстық өңірлік апталық баспа басылымында, сондай-ақ Басқарманың интернет-ресурсында ағымдағы жылдың 1 – 15 наурыз аралығында, тізілімге енгізуге арналған өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру жарияланды. Арнаулы комиссия отырысы 20 наурызда өткізілді. Заңды тұлғалардан және жеке кәсіпкерлерден 30 өтініш келіп түсті. Кәсіпкердің өтініміне сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне енгізу бойынша 22 өтініш мақұлданды. Хаттама көшірмесі ҰЭМ-не жолданды.

Жоспарлау және мемлекеттік қызметтер бөлімінің мамандарымен бизнес субъектілеріне әлеуметтік кәсіпкерлік жөнінде және мемлекеттік қызмет туралы кеңес беру тұрақты негізде жүргізілуде.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу бойынша 1 тоқсанға  өтініштер келіп түскен жоқ.  

Жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тыңдау бағытында облыстың аудан және қалаларында Кәсіпкерлікті және бизнесті қолдау саласында жүрмелі кеңестер өткізілді.

Сондай-ақ, басқармаға Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру және Инженерлік инфрақұрылымды  жүргізу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер аясында кәсіпкерлер, облыс тұрғындары  өз сұрақтарына жауап алып, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келді.

 

 

 

Дата публикации
11 апреля 2024