Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге
асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылық қолдау қағидаларын,
нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 21
қарашадағы № 410-НҚ, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы
22 қарашадағы № 412, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2023
жылғы 22 қарашадағы № 299, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи
ресурстар министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 327, Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 401, Қазақстан
Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 450-
НҚ, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2023 жылғы
22 қарашадағы № 16, Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2023 жылғы 23
қарашадағы № 91, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023
жылғы 23 қарашадағы № 84, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023
жылғы 23 қарашадағы № 347, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы №
572/НҚ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы
23 қарашадағы № 598 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а
. 2023 жылғы 23 қарашадағы № 167 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 қарашада № 33681 болып тіркелді
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына және "
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-
бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қаржылық қолдауға
жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салалары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерін
мемлекеттік қаржылық қолдау нысандары;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Шағын, оның ішінде
микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді
ұсыну қағидалары;
4) осы бірлескен бұйрыққа сәйкес Сыйақы мөлшерлемесінің 4-қосымшаға бір
бөлігін субсидиялау қағидалары;
5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Ислам банктері кәсіпкерлік
субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың
үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау
қағидалары;
6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Кәсіпкерлік субъектілері шығарған
облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары;
7) осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Кредиттер/қаржылық лизинг
бойынша кепілдік беру қағидалары;
8) осы бірлескен бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру
үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары;
9) осы бірлескен бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Инженерлік инфрақұрылымды
жүргізу қағидалары;
10) осы бірлескен бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Ақпараттық-консультациялық
көрсетілетін қызметтерді ұсыну, кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сервистік қолдау, "Мен
– кәсіпкер" кәсіпкерлік әлеуетін дамыту" құралы, Еуропалық Қайта Құру және Даму
Банкінің Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі
іскерлік консультациялық қызметтер көрсету бағдарламасы қағидалары;
11) осы бірлескен бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес Кәсіпкерлік субъектілері
шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары;
12) осы бірлескен бұйрыққа 12-қосымшаға Шағын бизнес субъектілерінің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға бағытталған "Бәсекеге қабілеттілік" инвестициялық
гранттарын беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті
осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің
интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрық мыналарды:
1) 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін:
"13. Жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу мынадай өлшемшарттарға
сай келетін:
1) жобаға салынған инвестициялардың көлемі 200 (екі жүз) миллион теңгеден кем
болмайтын;
2) инфрақұрылымды салудың (реконструкциялаудың) құны 50 (елу) миллион
теңгеден кем болмайтын, бұл ретте Қазақстан Республикасының экономикасын
жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша 5 (бес)
миллиард теңгеден аспайтын сомадағы жобалар үшін, сондай-ақ "2022 – 2024 жылдарға
арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында
көзделген жобалар үшін инфрақұрылым салуды (реконструкциялауды) қоспағанда,
инфрақұрылымды (коммуникациялардың барлық түрлеріне) салудың (
реконструкциялаудың) ең көп сомасы 1 (бір) миллиард теңгеден аспайтын шағын және
орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары үшін жүзеге асырылады.";
"15. Жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу мынадай өлшемшарттарға
сай келетін:
1) жобаға салынған инвестициялардың көлемі 10 (он) миллиард теңгеден кем
болмайтын;
2) инфрақұрылымды салудың (реконструкциялаудың) құны 2 (екі) миллиард
теңгеден кем болмайтын индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобалары
үшін жүзеге асырылады." деген редакцияда қолданылатын осы бірлескен бұйрыққа 9-
сәйкес Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларының қосымшаға 13 және 15-
тармақтарын;";
2) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін:
"13. Жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу мынадай өлшемшарттарға
сай келетін:
1) жобаға салынған инвестициялардың көлемі 200 (екі жүз) миллион теңгеден кем
болмайтын;
2) инфрақұрылымды салудың (реконструкциялаудың) құны 50 (елу) миллион
теңгеден кем болмайтын, бұл ретте Қазақстан Республикасының экономикасын
жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша 5 (бес)
миллиард теңгеден аспайтын сомадағы жобалар үшін, сондай-ақ "2022 – 2024 жылдарға
арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында
көзделген жобалар үшін инфрақұрылым салуды (реконструкциялауды) қоспағанда,
инфрақұрылымды (коммуникациялардың барлық түрлеріне) салудың (
реконструкциялаудың) ең көп сомасы 1 (бір) миллиард теңгеден аспайтын;
3) жобаларды салуға дайындық дәрежесі 30 %-дан кем болмайтын шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары үшін жүзеге асырылады." деген редакцияда
қолданылатын осы бірлескен бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Инженерлік
инфрақұрылымды жүргізу қағидаларының 13-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі __________С. Нурбек
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы _____ Ж. Буркитбаев
Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін
атқарушы __________С. Аблалиев
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрі __________Н. Нуржигитов
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
Қазақстан Республикасы
министрі __________А. Балаева Ауыл шаруашылығы
министрі __________А. Сапаров
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрі __________К. Шарлапаев
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі __________Б. Мусин
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрі __________Е. Нысанбаев
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі ____ Г. Бейсембаев
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрі __________Е. Маржикпаев
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі _____ А. Саткалиев
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрі __________А. Шаккалиев
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) аяқталмаған құрылыс – тапсырыс беруші пайдалануға беру үшін белгіленген тәртіппен қабылдамаған және мақсатына сай (тұру, қызметтер көрсету, өнім шығару, пайда алу және басқа да пайдалану түрлері) пайдаланылмайтын құрылыс объектісі;
2) бюджеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі – БИЖ) – жаңа объектілерді құру (салу) не қолда барларын реконструкциялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді іске асыруға арналған ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін қоспағанда, ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту үшін бағытталған, бюджет қаражаты есебінен тікелей бюджеттік бағдарлама әкімшісі белгілі бір уақыт кезеңі ішінде іске асыратын және аяқталған сипаты бар, білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекция белгілі бір уақыт кезеңі ішінде іске асыратын және аяқталған сипаты бар іс-шаралар жиынтығы;
3) бюджеттік инвестициялық жобаларды мониторингтеу – бюджет қаражаты бөлінген кезден бастап пайдалануға берілген кезге дейін жаңа объектілер құру (салу), қолданыстағыларын реконструкциялау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және дамыту барысы туралы ақпаратты тұрақты және жүйелі жинау мен талдау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
4) бюджет процесі – мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу, бюджеттік есеп және бюджеттік есептілік, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, бюджеттік мониторингтеу және нәтижелерді бағалау жөніндегі қызметі;
5) жеке кабинет – пайдаланушының (кәсіпкердің, уәкілетті органның, өңірлік үйлестірушінің, ӨҮК, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің) тізілімдегі дербес веб-парақшасы;
6) жеке шот – өтінімдерді тіркеу және олармен операцияларды есепке алу мақсатында кәсіпкерді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тізілімдегі жазбалардың жиынтығы;
7) жеке қаржыландыру жоспары – шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер бойынша жеке жоспар, төлемдер бойынша жеке жоспар нысанында қалыптастырылатын мемлекеттік мекеменің негізгі құжаты;
8) жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкiмi айқындайтын, жергiлiктi атқарушы органның бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты құрылымдық бөлiмшесi;
9) заманауи форматтағы сауда объектілері – тауарлардың бір мың және одан да көп атауы (бірліктері) бар мамандандырылған немесе аралас ассортименті бар, дәстүрлі қызмет көрсету әдісімен қатар өзіне-өзі қызмет көрсету әдісімен, сондай-ақ қосымша сауда қызметтерін көрсете отырып жұмыс істейтін, төлем карталарын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдығы (құрылғысы) бар, еңбек және сауда алаңының шаршы метріне сату өнімділігі жоғары, аумақ шекарасы шегіндегі автокөлік құралдарының тұрағына арналған алаңның болуын көздейтін кемінде 500 шаршы метр сауда алаңы бар стационарлық сауда объектілері;
10) инженерлік инфрақұрылым – халықтың тыныс-тіршілігіне, сондай-ақ өндірістің орнықты жұмыс істеуіне немесе тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің айналымына қалыпты жағдай жасайтын кәсіпорындардың (ұйымдардың), объектілердің (ғимараттар мен құрылыстардың), коммуникациялар мен инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету желілерінің жиынтығы;
11) кәсіпкер – өз қызметін Кодекске сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;
12) көрсетілетін қызметтерді беруші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес өңірлік үйлестіруші айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны иеленуші ретінде сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;
13) қаржылық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ҚЭН) – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салу орындылығы, негізділігі және нәтижелерін бағалау туралы мәліметтер қамтылған құжат;
14) құрылыс жобасы – көлемді жоспарлау, конструктивті, технологиялық, инженерлік, табиғатты қорғау, экономикалық және өзге де шешімдер қамтылған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыруға және жүргізуге, аумақты инженерлік дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық есептеулер. Құрылыс жобаларына аяқталмаған объектілердің құрылысын консервациялау және өз ресурстары таусылған объектілерді кейіннен кәдеге жарату жобалары да жатады;
15) құрылыстың сметалық құны (бұдан әрі – сметалық құн) – сомасы жобалық материалдар мен сметалық-нормативтік база негізінде айқындалатын, объект салуды жүзеге асыру үшін қажетті ақша;
16) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган – тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте стратегиялық, экономикалық және бюджеттiк жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
17) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын әзiрлеу және қалыптастыру, сондай-ақ өңiрлiк даму саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
18) нəтижелер көрсеткіштері – стратегиялық жоспарды, аумақтарды дамыту бағдарламасын және (немесе) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік орган қызметін сипаттайтын нысаналы индикаторлардың, тікелей жəне түпкілікті нəтижелердің жиынтығы;
19) объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi – бекiтiлген жобаға және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес объект құрылысының аяқталуын және объектiнiң пайдалануға толық әзірлігін растайтын құжат;
20) өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
21) өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, қатысушылардың жалпы санының кемінде 50 %-ы бизнес-қоғамдастықтың өкілдерінен тұратын консультативтік-кеңесші орган;
22) өтінім – осы Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген қағаз немесе электрондық нысандағы өтініш;
23) өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – өтінімдер, сондай-ақ кәсіпкерлер туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
24) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау, өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, мемлекеттік қолдау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы;
25) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін, Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;
26) техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) – негізгі техникалық, технологиялық және өзге де шешімдер туралы мәліметтер, сондай-ақ негізгі техникалық-экономикалық параметрлерді айқындаумен пайдалар мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы мен тиімділігін зерделеу нәтижелері қамтылатын құжат;
27) тікелей нәтиже – көзделген бюджет қаражаты шегінде орындалатын мемлекеттік функцияларға, өкілеттіктерге және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу толығымен осы функцияларды жүзеге асыратын ұйымның қызметіне, өкілеттіктеріне немесе қызметтер көрсетуіне байланысты болатын олардың көлемінің сандық сипаттамасы;
28) түпкiлiктi нәтиже – мемлекеттiк орган қызметiнiң тікелей нәтижелерiне қол жеткiзуге негізделген стратегиялық жоспардың, аумақтарды дамыту бағдарламасының және (немесе) бюджеттiк бағдарламаның мақсатына қол жеткізуді санмен өлшейтін бюджеттік бағдарлама көрсеткіші;
29) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
30) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. Жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу тәртібі
1-параграф. Жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу шарттары
1) жобаға салынған инвестиция көлемі 10 (он) миллиард теңгеден кем емес;
2) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 1 (бір) миллиард теңгеден кем емес, бірақ 10 (он) миллиард теңгеден аспауға тиіс;
3) жобаларды салуға дайындық дәрежесі кемінде 30 %.
1) Астана, Алматы және Шымкент қалаларында – сауда алаңы кемінде 3 (үш) мың шаршы метр;
2) облыстарда – сауда алаңы кемінде 1 (бір) мың шаршы метр.
Жергілікті атқарушы органдар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің және индустриялық аймақтың жобаларына жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу кезінде қатысушыларға халықты жұмыспен қамту орталықтарының бағыттары бойынша құрылыс (реконструкциялау) кезінде жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 10 % береді.
1) кезеңді негізде өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары және веб-портал арқылы ұлттық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде кәсіпкерлердің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды қаржыландыру түрінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау ұсыну барысын жария етуді қамтамасыз етеді;
2) кәсіпкерлердің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды қаржыландыруды ұсыну шарттары мен тәртібі бойынша кәсіпкерлерге консультация береді.
2-параграф. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды алу үшін қатысушылардың өзара іс-қимылы
1) бизнес-жоспар;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның ТЭН-і;
3) жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.
1) кәсіпкердің жобасын осы Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларының шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;
2) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
3) ӨҮК қарауына құжаттардың толық топтамасын қоса бере отырып, кәсіпкерлер жобаларының тізімін енгізеді;
4) ӨҮК отырысы күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, өткізу күнін, уақытын және орнын айқындайды, ол туралы ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді.
ӨҮК отырысы ӨҮК мүшелері санының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан кезде өткізіледі. Шешімді қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісі қабылдайды.
1) кәсіпкердің және ол іске асыратын жобалардың осы Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларының өлшемшарттарына сәйкестігін тексеру;
2) ӨҮК мүшелері арасында кәсіпкердің жобасы мен қоса беріліп отырған құжаттарды, оның ішінде құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке түсетін салық түсімдері, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іске асыру қорытындылары бойынша өнім өндіру көлемі туралы болжамды ақпаратты қарау және талқылау;
3) талқылаудың нәтижелері бойынша ӨҮК осы Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан инженерлік инфрақұрылым салуды (реконструкциялауды) қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.
1) осы Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларының 13, 15 және 16-тармақтарының өлшемшарттарына сәйкес келетін индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобалары бойынша – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға;
2) жергілікті бюджет қаражаты есебінен инженерлік инфрақұрылымды жүргізуді жоспарлап отырған және құрылыс құнынан 10 % мөлшерде жобаларды қоса қаржыландыруды көздейтін кәсіпкерлердің мақұлданған жобалары бойынша – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.
1) бюджет процесі шеңберінде бюджеттік өтінімнің осы Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларының шарттарына және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкестігін қарайды;
2) қажет болған жағдайда жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен БИЖ-ді іріктеу бойынша неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұратады;
3) құжаттардың толық топтамасы бар БИЖ тізбесін қалыптастырады;
4) шығыстар көлемін негіздеу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жиынтық бюджеттік өтінім жібереді;
5) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджет комиссиясының қарау қорытындысы және шешімі бойынша инженерлік инфрақұрылымды салуды (реконструкциялауды) қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы хабарлайды.
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы табиғи нормалар мен стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына және бюджеттік бағдарламалардың жобаларына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбiр бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлерiн есептеу кезінде басшылыққа алу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған бағалардың дерекқоры да пайдаланылады.
Бюджеттік өтінім жасалуы және ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық/жергілікті уәкілетті орган оны бюджеттік бағдарлама әкімшісіне қараусыз қайтаруға міндетті;
2) материалдарды қарау нәтижелері бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырып, оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді;
3) уәкілетті органды/жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін бюджет комиссиясының шешімі туралы хабардар етеді;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің/жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды іске асыру/жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулы жобасын әзірлейді.
3-параграф. Индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жөніндегі жобаларға жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды алу үшін қатысушылардың өзара іс-қимылы
ӨҮК жоба осы Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларының өлшемшарттарына, жергілікті кәсіпкерліктің мүмкіндіктеріне сәйкес келген жағдайда оң шешім шығарады.
4-параграф. Кәсіпкердің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінімді беруі
1) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім беру.
"Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
2) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінімді тіркеу;
3) деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылының нәтижесінде расталған кәсіпкердің субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы.
Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттың болуы кәсіпкерлерге өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осындай тіркеу жүргізілген кезден бастап берілген болып есептеледі.
1) бизнес-жоспар;
2) уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына сәйкес ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның ТЭН-і;
3) сараптаманың оң қорытындысы бар жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.
Веб-портал (бұдан әрі – жеке кабинет) арқылы тізілім деректеріне қолжетімділік беру үшін:
1) кәсіпкерлер субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өз бетінше тіркелу үшін ЭЦҚ-ға ие;
2) өңірлік үйлестіруші жыл сайын көрсетілетін қызметтерді берушіге ЭЦҚ-сы бар өз жұмыскерлерінің өзектілендірілген тізімдерін, сондай-ақ ӨҮК мүшелерінің өзектілендірілген тізімдерін жібереді.
1) жеке кәсіпкерлер үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы; бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және ЖСН;
3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);
4) екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде кәсіпкер бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.
1) осы Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларының 47-тармағы 3) тармақшасының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің тексеруі үшін қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім қалыптастырылады;
2) өтінім кәсіпкердің ЭЦҚ қол қою арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және өңірлік үйлестірушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Өңірлік үйлестірушінің веб-порталда көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімнің қарауға түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.
Өңірлік үйлестіруші өтінімді ӨҮК қарауына жіберген кезге дейін тіркелген өтінімде қателіктер анықталған жағдайда, кәсіпкер қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді кері қайтарып алады.
1) тиісті хабарламаға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қою арқылы оның қабылданғанын растайды (бұл хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады);
2) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
3) ӨҮК барлық мүшелерін өтінім бойынша дауыс беру қажеттігі туралы хабардар етеді. Бұл хабарлама ӨҮК әрбір мүшесінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Дауыс беруді ӨҮК әрбір мүшесі субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде отырыс өткізбей жеке жүзеге асырады.
1) осы Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларының өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан кәсіпкердің жобалары мен қоса берілетін құжаттарды, сондай-ақ кәсіпкерлердің жобаларын іске асыру қорытындылары бойынша құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке түсетін салықтық түсімдер, өнім өндіру көлемдері туралы болжамды ақпаратты қарау;
2) "келісемін" немесе "қарсымын" тармақтарын белгілеу әдісімен дауыс беру және жобаларды конкурсқа жіберу.
Дауыс беру қорытындысы бойынша дауыстар саны қосылады және субсидиялаудың ақпараттық жүйесі автоматты түрде қорытынды шешімді айқындайды.
Кәсіпкердің жобасына субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген ӨҮК мүшелері санының үштен екісінен кем дауыс берілген жағдайда, субсидиялаудың ақпараттық жүйесі хаттаманы қалыптастырудан бас тартады және өңірлік үйлестірушіге өткізілмеген конкурс туралы хабарлама жібереді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жыл сайын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділігі бар көрсетілетін қызметтерді берушіге дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жауапты адамдардың тізімін жібереді.
3-тарау. Инженерлік инфрақұрылымды жүргізуді мониторингтеу
1) БИЖ-ді іске асыру барысы туралы ақпарат жинауды;
2) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп дайындауды;
3) БИЖ бойынша қаржы қаражатының игерілген сомасы жөнінде ақпарат жинауды көздейді.
PDF форматындағы есептің сканерленген көшірмесін өңірлік үйлестіруші осындай есепті уәкілетті орган/жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне жүктейді.
Жиынтық ақпаратта:
1) республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын БИЖ туралы ақпарат;
2) республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттері және кредиттер есебінен іске асырылатын жергілікті БИЖ туралы ақпарат қамтылады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері БИЖ-ді іске асырудың жылдық мониторингін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 1 (бірінші) сәуіріне дейін ұсынады.
Жиынтық ақпаратта:
1) жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын БИЖ туралы ақпарат;
2) аяқталған және өтпелі жобалар, әзірленетін ЖСҚ саны бойынша ақпарат;
3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті қаражатының және облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен қаржыландырылатын БИЖ тізбесі, қаржыландыру жоспарының сомалары, нақты орындалу, аяқталған жобалар саны, игерілмеген сомалар мен оның себептері туралы ақпарат қамтылады.
|
|
Инженерлік инфрақұрылымды |
Экономиканың басым секторларының тізбесі
|
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды |
Атауы |
|
1 |
2 |
|
Ауыл, орман және балық шаруашылығы |
|
|
01 |
01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету |
|
03 |
Балық аулау және балық өсіру |
|
Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу, кен өндіру өнеркәсібінде саласындағы кызметтер көрсету |
|
|
08.12.1 |
Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу |
|
09 |
Кен өндіру өнеркәсібінде кызметтер көрсету |
|
Өңдеу өнеркәсібі |
|
|
10 |
Тамақ өнімдерін өндіру |
|
11.06 |
Уыт өндіру |
|
11.07 |
Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру |
|
13 |
Тоқыма бұйымдарын өндіру |
|
14 |
Киім өндіру |
|
15 |
Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру |
|
16 |
Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру |
|
17 |
Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру |
|
18 |
Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту |
|
20 |
Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру |
|
21 |
Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру |
|
22 |
Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру |
|
23 |
Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру |
|
24 |
Металлургия өндірісі |
|
25 |
Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру |
|
26 |
Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру |
|
27 |
Электр жабдықтарын өндіру |
|
28 |
Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру |
|
29 |
Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру |
|
30 |
Басқа көлік құралдарын өндіру |
|
31 |
Жиһаз өндіру |
|
32 |
Өзге де дайын бұйымдар өндіру |
|
33 |
Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату |
|
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау |
|
|
35.11.4 |
Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі |
|
35.11.5 |
Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі |
|
35.11.9 |
Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі |
|
35.11.2 |
Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі |
|
Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет |
|
|
38 |
Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) |
|
39 |
Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер |
|
Көлік және қоймалау |
|
|
45.2 |
Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу |
|
49.3 |
Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі |
|
49.41 |
Жүк автомобиль көлігінің қызметі |
|
50 |
Су көлігінің қызметі |
|
52 |
Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі |
|
53 |
Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьерлік қызмет |
|
Уақытша тұру жөнінде қызмет көрсету |
|
|
55.10 |
Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі |
|
55.20 |
Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру |
|
55.30 |
Кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтардың және тұруға арналған автотіркемелердің қызмет көрсетуі |
|
Ақпарат және байланыс |
|
|
58 |
Баспа қызметі |
|
59.14 |
Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет |
|
61 |
Телекоммуникациялар |
|
62 |
Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер |
|
Жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару |
|
|
68.20.1 |
Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау |
|
68.20.2 |
Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау (қосалқы жалдау) |
|
Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет |
|
|
69.2 |
Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультация беру |
|
71 |
Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет |
|
72 |
Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер |
|
74 |
Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет |
|
75 |
Ветеринариялық қызмет |
|
Жеңіл атомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизинг |
|
|
77.11 |
Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизинг* |
|
Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет |
|
|
81 |
Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет |
|
Білім беру |
|
|
85 |
Білім беру |
|
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету |
|
|
86 |
Денсаулық сақтау саласындағы қызмет |
|
87 |
Тұратын жерді қамтамасыз етіп әлеуметтік қызметтер көрсету |
|
88 |
Тұратын жерді қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету |
|
Өнер, ойын-сауық және демалыс |
|
|
91 |
Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызметтер |
|
93 |
Спорт, ойын-сауықты ұйымдастыру (дискотекалар мен караокені қоспағанда) саласындағы қызмет |
|
Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну |
|
|
95 |
Компьютерлерді, жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу |
|
96.01 |
Тоқыма және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау Жүктеу |
* осы экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға алуды және лизингін көздейді.
|
|
Инженерлік инфрақұрылымды |
Нысан
Жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған өтініш
_______________________________________________________________
(бұдан әрі – кәсіпкер) (заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы;
дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), паспорт деректері)
_______________________________________________________________
(заңды тұлғаның орналасқан жері, пошталық мекенжайы; дара кәсіпкердің тұрғылықты жері)
_______________________________________________________________
(жобаны іске асыру орны)
_______________________________________________________________
(қала (аудан) коды көрсетілген байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)
_______________________________________________________________
(банк деректемелері)
_______________________________________________________________
(қызметтің бейінді бағыттарын көрсету)
_______________________________________________________________
(экономика саласын, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішін (ЭҚЖЖ) көрсету
_______________________________________________________________
(ұйым басшысы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, байланыс телефоны)
_______________________________________________________________
жобаның жауапты орындаушысы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, байланыс телефоны)
_______________________________________________________________
қажетті ақша қаражаты (меншікті қаражаты, қарыз қаражаты)
_______________________________________________________________
инфрақұрылымды жүргізу немесе жақсарту қажеттілігінің негіздемесі
Жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды қаржыландыру үшін конкурстық іріктеуге қатысатыны туралы мәлімдейді. Кәсіпкер конкурстың шарттарымен танысты және Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларына сәйкес қажетті құжаттарды қоса береді.
______________________________________________________
Қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
20___жылғы "___" __________ өтініштің № ____ "____" сағ. "____" мин.
Мен өзім ұсынған мәліметтердің анық екендігін растаймын және ӨҮК мәліметтерін тексеруге қарсы емеспін. Осы өтінімге қол қою арқылы кәсіпкер мынаны мәлімдейді және оған кепілдік береді:
Кәсіпкер осы арқылы мыналарға келісімін береді:
________________________ ____________________________
Басшы (дара кәсіпкер) (қолы) (қолтаңбаның толық жазылуы)
|
|
Инженерлік инфрақұрылымды |
Нысан
Жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін электрондық өтінім
астананың) ___________________________________________________________.
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
заңды тұлға үшін:
атауы _________________________________________________________
БСН ___________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) __________________________________
басшының ЖСН ________________________________________________
мекенжайы ____________________________________________________
телефон (факс) нөмірі ___________________________________________
дара кәсіпкер үшін:
атауы _________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) __________________________________
ЖСН __________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі _________________________________________________________
кім берді ______________________________________________________
берілген күні ___________________________________________________
мекенжайы _____________________________________________________
телефон (факс) нөмірі ____________________________________________
Дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама:
орналасқан жері ________________________________________________
хабарланған күні ________________________________________________
Банк деректемелері: _____________________________________________
Банктің атауы: __________________________________________________
БСК ___________________________________________________________
ЖСК___________________________________________________________
БСН ___________________________________________________________
Кбе ____________________________________________________________
жобаның атауы __________________________________________________
жобаның қысқаша сипаттамасы ____________________________________
жобаны іске асыру орны __________________________________________
қызметтің бейінді бағыты (*жоба облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Шымкент және Семей қалаларында іске асырылған жағдайда толтырылады): _________________
қажетті инфрақұрылым түрі _______________________________________
инфрақұрылымды жүргізу немесе жақсарту қажеттігінің негіздемесі _____
құрылыстың құны, мың теңге _____________________________________
жобаның құны (инвестициялар), мың теңге __________________________
салық салу жүйесі: _______________________________________________
экономика саласын көрсету: _______________________________________
ЭҚЖЖ:________________________________________________________
жалдамалы жұмыскерлер саны ____________________________________
|
Р/с № |
Жылдар |
Факт |
Болжам |
||
|
ағымдағы жыл |
1-ші жыл |
2-ші жыл |
3-ші жыл |
||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1 |
Құрылатын жұмыс орындарының саны, адам |
||||
|
2 |
Салықтар түріндегі түсімдер сомасы, мың теңге |
||||
|
3 |
Шығарылатын өнімнің көлемі, мың теңге |
Жүктеу |
|||
|
Р/с № |
Құжаттың атауы |
Электрондық файлдың атауы (pdf. форматында) |
|
1 |
2 |
3 |
|
1 |
Бизнес-жоспар |
|
|
2 |
Жобаның ТЭН-і |
|
|
3 |
Жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама |
Жүктеу |
Мыналарға:
1) өңірлік үйлестірушінің бірінші талабы бойынша осы өтінімді қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат пен құжаттарды беруге және ашуға;
2) өтінімде көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, өңірлік үйлестірушіні дереу хабардар етуге міндеттенемін.
Мен:
1) өңірлік үйлестіруші мен ӨҮК ұсынылған мәліметтерге тексеру жүргізілетіндігімен;
2) өңірлік үйлестіруші көрсетілген деректердің дұрыстығын тексеруге міндетті емес екендігімен;
3) осы өтінімде қамтылған мәліметтер, сондай-ақ барлық талап етілген құжаттар жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды қаржыландыру үшін ғана ұсынылғанымен;
4) көрсетілген деректер мен ақпараттың анық еместігі анықталған жағдайда, осы өтінім оны қараудың кез келген кезеңінде қабылданбайтынымен;
5) өңірлік үйлестіруші осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына ұсынатындығымен;
6) өңірлік үйлестірушінің осы өтінімді қабылдайтынымен, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.с.с.) өңірлік үйлестірушінің қаржыландыруды беру немесе кәсіпкер шеккен шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайтынымен келісемін.
Конкурс шарттарымен және Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларымен таныстым.
Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық мәліметтер ұсынбағаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректер мен өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп шығаруға және пайдалануға келісім беремін.
Өтініш беруші 20__ жылғы "___" _____ сағ. 00:00 қол қойып, жіберді:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
Өңірлік үйлестіруші 20__ жылғы "___" __________ сағ. 00:00-де қабылдады:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты.