Маңғыстау облысына бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы туралы

Маңғыстау облысына бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы туралы

Астана қ.                                                                                   2023 жылғы  5 қазан

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) Мемлекеттік аудит объектілерінің 2023 жылға арналған тізбесіне сәйкес Маңғыстау облысына бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Жазылғандарды ескере отырып, Жоғары аудиторлық палата және Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау облысына бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша дайындалған Аудиторлық қорытынды бекітілсін.

  2. Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Н.А. Нұржанов Қазақстан Республикасының Үкіметіне Аудиторлық қорытындының, Маңғыстау облысының әкіміне Аудиторлық қорытындының және Жоғары аудиторлық палата нұсқамасының, ҚР Ұлттық экономика министрлігіне, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне, ҚР Қаржымині Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға, «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ-ға, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ға Жоғары аудиторлық палата нұсқамаларының және (немесе) Аудиторлық қорытындыдан оларға қатысты бөлігіндегі үзінді көшірмелердің жіберілуін қамтамасыз етсін.

Төраға                                                                                            Н. Годунова

Маңғыстау облысы бойынша

тексеру комиссиясының төрағасы                                   Н. Иманбердиев

Дата публикации
29 марта 2024