Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2024 жылға арналған басым бағыттарының тізбесі

                                                                                                               Маңғыстау облысының кәсіпкерлік

                                                                                                               және сауда басқармасы басшысының м.а.

                                                                                                               2024 жылғы 15 ақпандағы

                                                                                                              № 01-14/8 бұйрығымен бекітілген

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2024 жылға арналған басым бағыттарының тізбесі                                          

№ Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Мәселенің қысқаша сипаттамасы Қаржыландыру көлемі (мың теңге) Грант түрі Нысаналы индикатор
Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы
1.         Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу Маңғыстау облысында әлеуметтік кәсіпкерліктідамыту Қазіргі таңда еліміздің экономикасы үшін әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту маңызды бағыттардың бірі болып табылады.Әлеуметтік кәсіпкерлік халықтың осал топтарын қолдауға, жаңа жұмыс орындарын құруға, елдің әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған кәсіпорындарды қосуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері реестрінде өңір бойынша 11 кәсіпкер ғана тіркелген. Дегенмен, аталған салада жұмыс жасайтын бизнес субъектілері көптеп кездеседі.Сонымен қатар, азаматтық сектордан әлеуметтік кәсіпкерлікке бет бұрған азаматтардың бизнес саласында арнайы білімі болмағандықтан, қиындықтарға тап болуы байқалады. Аталған салаға бет бұрған азаматтарға қаржылық сауаттылық, қаржы көзін табу, маркетинг, сату өнері бойынша кешенді оқыту шаралары қолға алынуы қажет.Қазіргі таңда аймақта қоғамның әлеуметтік кәсіпкерлік туралы хабардар болуы, осы бизнестің рентабельділігін, даму қарқынын насихаттау, әлеуметтік кәсіпкерлердің беделін арттыру, еліміздегі аталған саладағы озық тәжірибелерді өңірге енгізу бойынша жұмыстарды жүйелеу қажет. 10 000 Қысқа мерзімді1 грант Нысаналы индикатор:Маңғыстау облысында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне жаңа 20 кәсіпкерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізу Күтілетін нәтиже:1)     Әлеуметтік кәсіпкерлік негіздерін түсіндіруге бағытталған барлық елді-мекенде (2 қала және 5 аудан) кемінде 50 адамның (әлеуетті әлеуметтік кәсіпкерлер) қатысуымен 7 оқыту шараларын өткізу; 2)     25 әлеуетті әлеуметтік кәсіпкерлерді және жұмыс жасап тұрған әлеуметтік кәсіпкерлердің қызметін толық сүйемелдеу, және консультативтік, әдістемелік және менторлық қолдау көрсету;3)     Уәкілетті комиссия шешімімен әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін өзектендіруге жәрдемдесу;4)      Әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы жаңалықтар мен үздік тәжірибелер жинағын (кемінде қазақ және орыс тілінде 200 дана) дайындау және тарату;5)     Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне кіру үшін талаптарға сәйкес келмейтін, алайда аталған салада жұмыс істейтін әлеуетті кәсіпкерлерге кемінде 5 грант беру;6)     Ай сайынғы негізде аймақтағы әлеуметтік кәсіпкерлердің жетістіктері туралы БАҚ-та жариялау (мысалы, подкаст, тікелей эфир, сюжет, мақалалар және т. б.);7)     Өңірдегі әлеуметтік кәсіпкерлердің (3 әлеуметтік кәсіпкер) еліміздегі кәсіпкерлік нысандарымен атап айтқанда,  Астана, Алматы және Шымкент қалаларымен тәжірибе алмасуын ақысыз тағылымдама ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету;8)     Облыстық аудандарда және қалаларда әлеуметтік кәсіпкерлік туралы                 7 билборд орнату  
2.         Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуының алдын алу Аймақта шағын және орта бизнес өкілдерінің ҚР Заңында көзделген міндеттерін орындау, кәсіпкерлік қатынастардағы жауапкершілігінің маңыздылығын түсіну  бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Дегенмен, аймақта аталған мәселелерді азаматтық қоғам өкілдерін тарту мәселесі өзектілігін жоғалтпады.Мәселен, аймақтағы қоғамдық ұйымдардың жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, азаматтар тұтынушы ретінде өз құқықтары үшін күресуге құлықсыз екендігі белгілі болып отыр. Азаматтар көп жағдайда өз құқықтарын, нақты іс - қимыл алгоритмін білмейді.Сонымен қатар, тұтынушылардан бөлек аймақтағы кәсіпкерлік субьектілері өз құқықтары мен заңды мүдделерін, міндеттерін білу деңгейі төмен.Қазіргі таңда өңірде кәсіпкерлік субъектілердің қолданыстағы заңнамалардың білуі туралы кешенді әлеуметтік зертеу жүргізіп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған  нұсқаулық әзірлеу, тұтынушылар мен бизнес өкілдерінің құқығын қорғауға байланысты ағартушылық жұмысты ұйымдастыру бойынша сұраныс артып келеді. 10 000 Қысқа мерзімді 1 грант Нысаналы индикаторлар:Аймақтағы кәсіпкерлік субъектілерінің және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру арқылы тікелей қамту – 5000 адам, ақпараттық қамту – кемінде 10 000 адам. Күтілетін нәтиже:1)    Аймақтағы кәсіпкерлік субъектілеріне ҚР Заңында көзделген міндеттері жөнінде  түсіндірме жұмыстарын жүргізу:-          Тұтынушылардың құқықтары  туралы кемінде 200 кәсіпкерлік субъектісіне (мейрамхана, кафе, кинотеатр және т.с.с. қызмет көрсетуге 10% қоспау қажет екені, туристік нысандарға жеке тамақтарымен кіруі, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау туралы және т.б.)-          тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы кемінде 100 сауда объектісіне-          ӘМАТ-қа белгіленген сауда үстемесінің мөлшерін 15%-ға асырмау жөнінде кемінде 3 гипермаркетке, 87 супермаркетке, 253 шағын маркетке, 1000 үй жанындағы дүкенге, 16 сауда базарына  -          кәсіпкерлік субъектілерінің  кассалық аппаратының қолданылуы бойынша 2500 кәсіпкерлік субъектілерін ақпараттық және талдау жұмысын жүргізу;2)      Аймақтағы кемінде 30 елді мекенде тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша сауалнама, түсіндірме және талдау жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде   уәкілетті мемлекеттік органға ұсыныстар береді.3)    ҚР Заңында көзделген тұтынушылар құқығын қорғау, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, кассалық - бақылау машиналарын енгізу жөнінде 2 данадан мемлекеттік және орыс тілде ақпараттық видеоролик дайындау;4)    Аймақтағы 100 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен және Тапсырыс берушінің келісімімен қорытынды жиын ұйымдастыру.
  Барлығы:     20 000    

Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және

сауда басқармасының басшысының м.а.                                                                              П.Б. Сансызбаев

 

Дата публикации
15 февраля 2024