Маңғыстау облысында 2023 жылы шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – Ұлттық жоба) шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, микрокредиттер бойынша портфельдік субсидиялау, ішінара кепілдік беру, мемлекеттік гранттар беру, сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдау шаралары іске асырылды.
Ұлттық жоба шеңберінде 2023 жылға республикалық бюджеттен
13 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 2,2 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде:
2023 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық жоба шеңберінде
57,8 млрд. теңге сомасына 1 668 жоба қолдау алып, нәтижесінде 410 жаңа жұмыс орындары ашылады және 777 жұмыс орны сақталатын болады. Оның ішінде:
Ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар бойынша конкурстық рәсімдердің нәтижесінде сомасы 245,6 млн. теңге болатын 53 кәсіпкер мемлекеттік грант ұтып алды. Аталған кәсіпкерлер жобаларын сәтті жүзеге асырған жағдайда 169 жаңа жұмыс орыны құрылатын болады.
Анықтама үшін: барлығы 881 өтінім түсіп, 589 өтінім конкурстық комиссияның қарауына жолданды.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын жүзеге асыру, кәсіпкерлерді және кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтарға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Ақтау, Жаңаөзен қалаларында және барлық аудан орталықтарында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары жұмыс жасап жатыр. Орталықта бизнес-пландар жасақтау, маркетолог қызметтері бойынша кеңестер, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша консультациялар, кәсіпкерлікке баулу мақсатында семинар-тренингтер, бухгалтерлік және салық есебін жүргізу бойынша консультациялар және т.б қызметтер көрсетіледі. 2023 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 4 053 қызмет көрсетілді.
Аталған Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары келесі жылдары да жұмыстарын жалғастыратын болады.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 2023 жылдың
қорытындысы бойынша өңірде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 79 742 бірлікті құрап, алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8%-ға өсім көрсетті (2022 жыл – 75 341 бірлік).
Сонымен қатар, 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес субъектілерімен шығарылған өнім көлемі 29,2 млрд. тг. өсіп, 1 336 млрд. теңгені құрады (2022 жылдың сәйкес кезеңі –
1 306,8 млрд. теңге).
Осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 155 мың адамға жетіп, 3,4%-ға артты (2022 жылдың сәйкес кезеңі – 149,9 мың адам). Бұл жұмыспен қамтылған халықтың 45,9%-ға жуығын құрайды (2022 жылдың сәйкес кезеңі – 44,5%).