Инфрақұрылым бойынша жиі қойылатын сұрақтар

 

бюджеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі – БИЖ)

жаңа объектілерді құру (салу) не қолда барларын реконструкциялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді іске асыруға арналған ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін қоспағанда, ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту үшін бағытталған, бюджет қаражаты есебінен тікелей бюджеттік бағдарлама әкімшісі белгілі бір уақыт кезеңі ішінде іске асыратын және аяқталған сипаты бар, білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекция белгілі бір уақыт кезеңі ішінде іске асыратын және аяқталған сипаты бар іс-шаралар жиынтығы;

жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi

– облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкiмi айқындайтын, жергiлiктi атқарушы органның бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты құрылымдық бөлiмшесi;

заманауи форматтағы сауда объектілері

– тауарлардың бір мың және одан да көп атауы (бірліктері) бар мамандандырылған немесе аралас ассортименті бар, дәстүрлі қызмет көрсету әдісімен қатар өзіне-өзі қызмет көрсету әдісімен, сондай-ақ қосымша сауда қызметтерін көрсете отырып жұмыс істейтін, төлем карталарын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдығы (құрылғысы) бар, еңбек және сауда алаңының шаршы метріне сату өнімділігі жоғары, аумақ шекарасы шегіндегі автокөлік құралдарының тұрағына арналған алаңның болуын көздейтін кемінде 500 шаршы метр сауда алаңы бар стационарлық сауда объектілері;

қаржылық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ҚЭН)

– заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салу орындылығы, негізділігі және нәтижелерін бағалау туралы мәліметтер қамтылған құжат;

өңірлік үйлестірушісі

– облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК)

– облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, қатысушылардың жалпы санының кемінде 50 %-ы бизнес-қоғамдастықтың өкілдерінен тұратын консультативтік-кеңесші орган;

Жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізуге көзделген қаражат

белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаның жеке қаржыландыру жоспарының негізінде төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттермен аударылады.

Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу нысанында қолдау шараларын қаржыландыру

республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Инженерлік инфрақұрылымды дамыту

осы Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша қызметін экономиканың басым секторларында, өңдеу өнеркәсібінің салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде жүзеге асыратын кәсіпкерлер, сондай-ақ жобаларын моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде салалық шектеулерсіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алусыз іске асыратын кәсіпкерлер үшін жүзеге асырылады.

Бөлінген қаражат келесі инфрақұрылымын салуға (реконструкциялауға) бағытталады.

су бұру,

сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін ұңғыма бұрғылау),

газдандыру,

 су таратқыштар,

бу құбырлары,

жылумен жабдықтау,

су құбырлары,

теміржол тұйықтары,

кірме теміржолдар,

телефон желілері,

кіші электр станциялары,

электр беру желілері,

септиктер,

бу-газды қондырғылар

Жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің объектілері аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады, бұл ретте кәсіпкерлік объектісінің ішкі аумағына инженерлік инфрақұрылымды жүргізуге қаражат бөлу көзделмейді.

Инженерлік инфрақұрылымды аумақтың шекарасына дейін және индустриялық аймақ ішінде жүргізу

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергiлiктi бюджеттен қоса қаржыландыру кезінде республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары үшін жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жобаларды салуға дайындық дәрежесі кемінде 30 % болатын жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауы үшін

экспортқа бағдарлануды және импорт алмастыруды салалық бағалауды, сондай-ақ тиісті саланы дамытуға экономикалық әсерді қамтитын тиісті салалық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет.

Жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу мынадай өлшемшарттарға сай келетін индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобалары үшін жүзеге асырылады:

      1) жобаға салынған инвестиция көлемі 10 (он) миллиард теңгеден кем емес;

      2) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 1 (бір) миллиард теңгеден кем емес, бірақ 10 (он) миллиард теңгеден аспауға тиіс;

      3) жобаларды салуға дайындық дәрежесі кемінде 30 %.

Мынадай өлшемшарттарға сай келетін заманауи форматтағы сауда объектілерін салу жобаларына жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізуге жол беріледі:

 

      1) Астана, Алматы және Шымкент қалаларында – сауда алаңы кемінде 3 (үш) мың шаршы метр;

      2) облыстарда – сауда алаңы кемінде 1 (бір) мың шаршы метр.

Осы Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларының өлшемшарттарына сай келмейтін индустриялық аймақтың жобаларына инженерлік инфрақұрылымды жүргізу

жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу өлшемшарттарына сай келетін индустриялық аймақтың жобаларына жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен де жүзеге асыруға жол беріледі.

Индустриялық аймақтың жобаларына жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу

жергілікті бюджеттен құрылыс құнының кемінде 10 %-ы мөлшерінде қоса қаржыландыру кезінде жүзеге асырылады.

Жергілікті атқарушы органдар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің және индустриялық аймақтың жобаларына жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу кезінде қатысушыларға халықты жұмыспен қамту орталықтарының бағыттары бойынша құрылыс (реконструкциялау) кезінде жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 10 % береді.

Инженерлік инфрақұрылымды салу (реконструкциялау)

құны шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің жобалары құнының және (немесе) индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобасы құнының 50 %-ынан аспайды.

Жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізуге республикалық бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қайтадан қаржыландыру қандай жағдайда жүзеге асырылмайды.

Өткен қаржы жылында тікелей нәтижелерге қол жеткізілмеген және жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру қамтамасыз етілмеген БИЖ-ді іске асыру үшін

Республикалық және жергілікті бюджеттерден (реконструкциялауға)

 (ТЭН) немесе құрылысқа жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуге байланысты шығындарды қаржыландыруға жол берілмейді.

Кәсіпкер инфрақұрылымды жүргізу немесе жақсарту қажеттігінің негіздемесі қамтылған жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған өтінішпен өңірлік үйлестірушіге жүгінеді

оған мына құжаттар қоса беріледі:

      1) бизнес-жоспар;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның ТЭН-і;

      3) жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.

Өңірлік үйлестіруші құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде:

 

      1) кәсіпкердің жобасын осы Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларының шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;

      2) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;

      3) ӨҮК қарауына құжаттардың толық топтамасын қоса бере отырып, кәсіпкерлер жобаларының тізімін енгізеді;

      4) ӨҮК отырысы күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, өткізу күнін, уақытын және орнын айқындайды, ол туралы ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді.

ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

 

      1) кәсіпкердің және ол іске асыратын жобалардың осы Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларының өлшемшарттарына сәйкестігін тексеру;

      2) ӨҮК мүшелері арасында кәсіпкердің жобасы мен қоса беріліп отырған құжаттарды, оның ішінде құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке түсетін салық түсімдері, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іске асыру қорытындылары бойынша өнім өндіру көлемі туралы болжамды ақпаратты қарау және талқылау;

      3) талқылаудың нәтижелері бойынша ӨҮК осы Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан инженерлік инфрақұрылым салуды (реконструкциялауды) қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.

Өңірлік үйлестіруші ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін

кәсіпкерге ӨҮК шешімі туралы хабарлама жібереді. ӨҮК теріс шешім қабылдаған жағдайда өңірлік үйлестіруші кәсіпкерге уәжді жауап жолдайды.

Өңірлік үйлестіруші ӨҮК хаттамасы ресімделген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде

толық құжаттар топтамасын қоса бере отырып, кәсіпкерлер жобаларының тізімін, ӨҮК хаттамасын БИЖ-ді одан әрі іске асыру жөніндегі шараларды қабылдау үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жолдайды.

Дата публикации
06 февраля 2024