Мемлекеттік гранттар бойынша жиі қойылатын сұрақтар
|
Сұрақтар |
Жауаптар |
|
әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі |
кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда); |
|
әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі |
әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық деректер базасы; |
|
өңірлік үйлестіруші |
– облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі; (Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы) |
|
қаржы агенттігі |
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы; |
|
бизнес-жоба |
сипаттама, есеп айырысу, болжамдар нысанында орындалған, сондай-ақ жобаны іске асыру мерзімдері қамтылған өз бизнесін (тауарлар өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) құру және бизнес-идеяларды іске асыру үшін берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 % деңгейінде кәсіпкердің өз қаражатымен (ақшалай қаражатпен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қоса қаржыландыру және жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндігін ашатын кәсіпкердің жоспары; |
|
кәсіпкер |
әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі, "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалисті болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі; |
|
кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) |
айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi оны басқа тұлғаға өтеулi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет; |
|
үлестес компаниялар/тұлғалар |
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған заңды тұлғаның үлестес компаниялары/тұлғалары, сондай-ақ жеке тұлғаның үлестес тұлғалары: - жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары (бұдан әрі – жақын туыстары); - өндірістік кооперативтің ірі акционері/ірі қатысушысы/мүшесі және (немесе) лауазымды адамы осы жеке тұлға және (немесе) оның жақын туыстары болып табылатын заңды тұлға; - осы жеке тұлға және (немесе) оның жақын туыстары бақылайтын заңды тұлға; - осы тармақшаның үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген заңды тұлғалар өздеріне қатысты ірі акционерлер (ірі қатысушылар) болып табылатын немесе мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлға; - осы тармақшаның үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары; |
|
ісін жаңа бастаған кәсіпкер |
мемлекеттік грант алу үшін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі өңірлік үйлестірушіге жүгінген кезде 3 (үш) жылдан аз уақытты құрайтын кәсіпкер (ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп тұрған үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен ерекшеленетін қызметтің жаңа түрін құру шартымен жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі); |
|
Мемлекеттік гранттар |
әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде беріледі. |
|
Мемлекеттік грант кімге берілмейді? |
әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, акцизделетін өніммен байланысты қызметті жүзеге асыратын "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілмейді. |
|
Мемлекеттік гранттар қалай беріледі? |
мемлекет кәсіпкерлердің мемлекеттік гранттар беруге өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша өңірлік үйлестірушілер арқылы береді. |
|
Мемлекеттік гранттар алуға конкурстық іріктеудің қатысушысы |
әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері және "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. |
|
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін міндетті қойылатын талаптар |
1) кәсіпкердің жобаны іске асыруға арналған шығыстарды мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландыруы (ақшалай қаражатпен); 2) жаңа жұмыс орындарын құру; 3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және (немесе) жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы бизнес-идеяларды іске асыру үшін бизнес-жобаның міндетті шарттары болып табылады.
|
|
Мемлекеттік грант қаражатын қандай мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. |
өзге мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді |
|
Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі |
грант беру туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) айдан аспауы тиіс. |
|
Егер іске асырудың көрсетілген мерзімі ішінде кәсіпкер қызметін жүзеге асырмаса, сатып алынған негізгі құрал іске асырылса және бизнес-жобаны іске асыру және одан әрі іске асыру үшін ұқсас/баламалы құралмен ауыстырылмаса? |
кәсіпкер мемлекеттік грант қаражатын толық көлемде өтеуге міндетті. |
|
Мемлекеттік гранттар қаражаты қандай мақсаттарға қолдануға болмайды? |
1) жылжымайтын мүлікті және (немесе) жер учаскесін сатып алуға; 2) жалдау ақысының төлемі ретінде; 3) негізгі құралдарды/активтерді сатып алуға (қызметтерді алуға/жұмыстарды орындауға), үлестес/байланысты компаниялардан/ тұлғалардан және (немесе) кәсіпкердің жақын туыстарынан ("Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалған); 4) пайдалануда болған негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға; Бұл ретте негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алу тиісті құжаттармен (жабдыққа шарт/келісімшарт/паспорт/сапа сертификаты) расталуға тиіс; 5) шанағы немесе кабинадан оқшауланған жүк платформасы бар жүктерді тасымалдауға арналған автокөлікті, сондай-ақ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдері мен жеңіл автокөлік құралдарын жалға алуға және уақытша алуға байланысты жобаларды қоспағанда, жеңіл автокөлікті сатып алуға; 6) өңдеуші өнеркәсіпке жататын тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі жобаларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларын (ірі/ұсақ қара малды, құсты, бал арасын, сондай-ақ өзге де ауыл шаруашылығы жануарларын) сатып алуға мемлекеттік грант қаражатын пайдалануға болмайды. |
|
Мемлекеттік грант сомасы |
Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант алуға ұсынылған өтінімге байланысты 5 (бес) млн теңгеге дейін құрайды. |
|
Мемлекеттік гранттар мынадай кәсіпкерлерге берілмейді: |
1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған; 2) салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар; 3) жылжымайтын мүлікті жалға беру қызметінің негізгі түрі болып табылатын; 4) мемлекеттік грант алуға өтінім беру кезінде ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 % мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруды растамаған (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен); 5) мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіліміндегі; 6) конкурсқа қатысушының кредиттік тарихына сәйкес қаржылық міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегі бар; 7) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде мемлекеттік гранттар беру бойынша қолдау алғандарға (оның ішінде бұрын қолданыста болған бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының қолданылу кезеңінде); 8) конкурс өткізілетін өңірге сәйкес келмейтін басқа өңірде тіркелгендерге және бизнес-жобаны іске асыруды жоспарлап отырғандарға берілмейді. |
|
Конкурсқа қатысу үшін |
кәсіпкер бір өтінім ғана беруге құқылы. Өтінімдер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде қабылданады. |
|
Мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматындағы құжаттардың келесі сканерленген көшірмелерін тіркейді: |
1) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған, өтінім беру кезіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса); 2) Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шараларын ұсыну қағидалары шеңберінде кәсіпкердің "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне немесе әлеуметтік кәсіпкерлікке оқытудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын құжаттың көшірмесі; 3) ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 % мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландырудың (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақшалай қаражаттың болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлік; 4) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе "Бір ауыл-бір өнім" бағдарламасының финалисті болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі. |
|
Кәсіпкер толық емес құжаттар топтамасын ұсынған не анық емес деректерді немесе осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының шарттарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда? |
өңірлік үйлестіруші ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге пысықтауға қайтарады. Кәсіпкер конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде пысықталған құжаттар топтамасын қайта жібереді. |
|
Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарау кезінде мынадай өлшемшарттар негізінде |
бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды: 1) бизнес-идеялардың әлеуметтік бағдарлану дәрежесі/"Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының өңірлік өнімінің рейтингі; 2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау); 3) бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі). Бұл ретте бизнес-идеялардың әлеуметтік бағдарлану дәрежелігі өлшемшартына жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін, кірістерді арттыруға бағытталған және халықтың әлеуметтік осал топтарына өзге де шаралар көрсететін, инклюзия, экологиялылық, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды, жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдануды көздейтін әлеуметтік қолдау саласындағы жобалар жатады. |
|
Конкурстық комиссия мүшесі кәсіпкердің бір жобасы бойынша беретін ең жоғары балл |
бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкердің жобасын бағалау өлшемшарттарына сәйкес 70 (жетпіс) балды құрайды. |
|
Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеу функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі |
кәсіпкерден барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және банктік құпияларды құрайтын ақпаратты, сондай-ақ белгіленген тәртіппен статистикалық деректерді қолма-қол және (немесе) веб-портал арқылы (тиісті функционал іске асырылғаннан кейін) сұратады, жобаны іске асыру орнына шығумен мониторингті жүзеге асырады. |
|
Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеуді қаржы агенттігі жүзеге асырады. |
"2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 41 (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28338 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес |
|
Қаржы агенттігінің функцияларына жатады |
1) мемлекеттік гранттың нысаналы пайдаланылуын мониторингтеу; 2) қаржы агенттігі бекітетін мониторингтеу жөніндегі жоспарға сәйкес кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды орындау бойынша қызметін мониторингтеу; 3) кәсіпкердің жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шарттарды орындауын мониторингтеу; 4) кәсіпкердің грант беру туралы шарт талаптарын орындауын мониторингтеу. |
|
Қаржы агенттігі кәсіпкердің мемлекеттік грант қаражатын мақсатсыз пайдаланғанын не жобаның және (немесе) кәсіпкердің мемлекеттік гранттар беру шарттарына және (немесе) конкурстық комиссияның шешіміне және (немесе) грант беру туралы шарттың талаптарына сәйкес келмегенін, не кәсіпкердің жұмыс орындарының санына жеткен соң міндеттемелерін орындамауын анықтаған кезде |
ол өңірлік үйлестірушіге кәсіпкердің мемлекеттік грант қаражатын мақсатсыз пайдалануы туралы ақпаратты конкурстық комиссияның қарауына шығару үшін қағаз жеткізгіште немесе веб-портал арқылы (веб-порталда тиісті функционал іске асырылғаннан кейін) енгізеді. |
|
Кәсіпкердің мемлекеттік грант қаражатын мақсатсыз пайдалануы туралы ақпарат негізге ала отырып өңірлік үйлестіруші |
анықталған ескертулерді жою үшін бір реттік қосымша мерзім беру туралы, не кәсіпкермен грант беру туралы шартты бұзу туралы шешім қабылдау үшін қаржы агенттігінің мониторингтік есебін алған күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірмей осы ақпаратты конкурстық комиссияның отырысына шығарады, содан кейін өз шешімі туралы өңірлік үйлестіруші мен қаржы агенттігін веб-портал арқылы хабардар етеді. |
|
Егер конкурстық комиссия ұсынған қосымша мерзім өткеннен кейін жоба бойынша ескертулер жойылмаса, жоба іске асырылмаса |
кәсіпкер өңірлік үйлестірушінің алғашқы жазбаша хабарламасы бойынша грант қаражатын сол хабарламада көрсетілген тәртіппен және мерзімде қайтаруға міндетті. |
|
Конкурстық комиссия кәсіпкермен грант беру туралы шартты бұзу туралы шешім қабылдаған жағдайда |
өңірлік үйлестіруші мұндай шешім қабылданғаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей кәсіпкерге грант беру туралы шартты бұзу жөнінде тиісті хабарламаны веб-порталда, қайтару қажеттігі туралы хабарлама жібереді |
|
Конкурстық комиссия мемлекеттік грант қаражатын қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда өңірлік үйлестіруші кәсіпкерге грант қаражатын қайтару үшін мынадай мерзімдерді көрсете отырып хабарлама жібереді:
|
1) 1 (бір) айға дейін – егер қайтару сомасы 100 АЕК (қоса алғанда) дейін болса; 2) 3 (үш) айға дейін – егер қайтару сомасы 500 АЕК (қоса алғанда) дейін болса; 3) 6 (алты) айға дейін – егер қайтару сомасы 500 АЕК-тен асатын болса. |