МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ САУДА БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ 2023 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» қаулысына сәйкес, басқармамен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2 түрі көрсетіледі, атап айтқанда:

  1. «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру»;
  2. «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу».

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың  2023 жыл қорытынды есебі нәтижелеріне сәйкес:

Барлық көрсетілген қызметтер саны – 807 құрады, оның ішінде:

қағаз жүзінде көрсетілген қызметтер саны – 0,

«Kezekte.kz» веб-порталы арқылы көрсетілген қызметтің саны – 807.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтің саны – 0.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуден дәлелді бас тартулар саны – 754 құрады.

Мемлекеттік органның кінәсінен белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік көрсетілген қызметтердің саны – 0, арыз-шағымдар болмаған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны – 0.

Тиісті қолданылған тәртіптік жазалардың саны – 0 құрады. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мәселелері бойынша өткізілген түсіндіру іс-шараларының саны – 77 құрады (Басқарманың Instagram (mangystau.business) және facebook)әлеуметтік желілерінде жарияланды).

 

Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және

сауда басқармасының басшысы                                                 Д.Мұраталиев

Жоспарлау және мемлекеттік

қызметтер бөлімінің басшысы                                                    А.Габбасова

Орындаушы                                                                                    Г. Ордабаева

«03» қаңтар 2024 ж.

Дата публикации
03 января 2024